"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЫНАҒАН ЕДІК….

23.01.2019
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шырылдап шындық іздеген халықтың елдегі атқарушы билік тарапынан жіберіліп жатқан келеңсіздіктерді айтып, редакциядан араша сұрауы — жиі кездесетін жағдай.

Хат авторлары, негізінен, өздерін мазалаған мәселелерді басылым арқылы облыс басшылығына жеткізуді, кемшіліктердің жөнделуіне ықпал етуімізді сұрайды. Редакцияға Бесқарағай ауданынан келіп түскен сондай хаттардың бір тобын негізге ала отырып газетіміздің 11 қаңтар күнгі №3 санында «Ащы… Бірақ ақиқат…» атты тақырыпта мақала жариялаған болатынбыз. Аталған ауданның тұрғындарынан жеткен деректерді баспаға түгел жариялайтын болсақ, бір емес, бірнеше мақалаға жүк боларлықтай екендігін де жасырмаймыз…

Сын мақаланы жазу оңай десеңіздер, қателесесіздер, ағайын! Ақиқаттың ақ жолынан аттамау — журналист мамандығы үшін басты қағида… Ендеше, оқырмандардан келіп түскен жағымсыз деректерді жарыққа шығарудан гөрі ел ішіндегі келеңсіз жағдайды шешуге қалай ықпал ете аламыз деген ой қашанда басым болады. Мақала жарық көргеннен кейін, байланысқа шығып, жазылған жағдайға орай аудандағы бүгінгі ахуалдан бізді хабардар етуге ниет білдіруші бесқарағайлықтар өте көп болды. Хабарласқандардың қатарында шын мәнінде туған жердің болашағына алаңдаушылардың аз емес екендігін байқап қуандық… Фактілерді бұрмалап, әкімдік пен редакция арасында жалған әңгіме таратып, жеке бастың мәселесін шешуге пайдаланып қалуға ниеттілер де болмай қалған жоқ…

Көпшілікті аудан әкіміне қарасты мекемелердің бірінде жасы сексенді алқымдап қалғанына қарамастан әлі күнге қызмет істеп жүрген ақсақалдың қылығы да таң қалдырғандай… Әрине, Семейде тұрып, аудандық бюджет қаржыландыратын мекемеден еңбекақы алып отырған қарияның жағдайын да түсінуге болатын шығар… Мақала жарық көргеннен кейін, аудан басшылығы мен ардагерлер бас қосқан жиында көнекөз қариядан жасына лайықты парасатты пікір мен салмақты сөз күткен халық ақсақалдың биліктің арасына түсіп шыр-пыры шыққан жүйесіз сөзін естіп, үлкеннен ұлағат алудың орнына түңілген сыңайлы.

Ау, ақсақал, жиында билікке адвокат болғаннан гөрі аудандағы тілдің жағдайын, ауылдар мен мектептердің Владимир мен Николайлардың құрметіне аталып, әлі күнге құлдықтың қамытын шешпей тұрғанын айтсаңыз, халық басқаша қабылдар ма еді…? Қартая білу де өнер. Қазына боп қартаю бар да, қазымыр боп қартаю бар… Соның қайсысына жататыныңызды өзіңіз білерсіз. Жүз жасаңыз!

Сондай-ақ аудандық мәслихаттың депутаттарына, «Нұр Отан» партиясының жергілікті белсенділері мен қоғамдық ұйым өкілдеріне де біздің тарапымыздан қояр сауалымыз аз емес: Рухани жаңғыру туралы Елбасының мақаласының шыққанына екі жылға таяп қалса да, аудандағы тілдің қолданылу аясы көрші мемлекеттің тілінде екенін байқамайсыздар ма? Сонда «Рухани жаңғыруымыз» не болды, «Ұлы даланың жеті қыры» не болды? Біз өзіміздің тілімізде сөйлемей отырып, кімге не үйретеміз?  Бұл ауданда орысша білмейтін, түсінбейтін тұрғын жоқ. Ал қазақ тілінің проблемасы — айта-айта тізесі әбден шыққан тақырып… Жиналыстардың — орысша, іс қағаздарының орысша екендігін проблема етіп көтеріп, жастардың санасына саңылау жүгіртуге тым болмаса бір талпыныс жасадыңыздар ма? Тəуелсіздігімізге 27 жыл болды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «ұлттық код» деген — қазақ тілі. Біздің тарихымыз ешкімнен де кем емес. Халқымыздың ешкімге ұқсамайтын озық салт-дәстүрі, ұлтымыздың ұлықтауға лайықты болмысы бар екендігін айтып көптің көкірегін оятуға талпыныс жасап көрдіңіздер ме?

Қайталап айтамыз, газет оқырмандарының белсенділігі осы мақала жарық көргеннен кейін ерекше болды. Бесқарағай аудандық мәслихатының депутаты, «Балке» шаруа қожалығының басшысы Оралбек Тоқашев редакцияға аудандағы бас көтерер азаматтың жүгін арқалап келіпті. Мақалада жазылған жағдайлардың ақиқат екендігін, дегенмен ауданның жас басшысын аяқтан шалмай, алдағы уақытта көп болып көмектесіп, орын алған кемшіліктерді жөндеуге халық болып атсалысу қажет екенін айтты. Оралбек Нұрмұханбетұлымен болған әңгімеден кейін ел ішіндегі бірлікті ойлай жүретін, берекені бағалай білетін азаматтың да бар екендігін көріп қуандық.

Ел мен жердің болашағына өз перзенттерінен артық жаны ашитын, оның қыры мен сырын жергілікті халықтан артық білетін әкім болмайды.

КЕШЕ ТОҚСЕЙІТОВ, БҮГІН БАТЫРБАЕВ, ЕРТЕҢ…

Біздің байқауымызша, Бесқарағайдағы бүгінгі келеңсіздіктердің негізі, Ахмет Байтұрсыновтың «Аққу, Шортан  һәм  Шаян» атты мысалындағыдай, көрпені әркімнің өзіне қарай тартуында жатқан сияқты. Ендеше, бұл жерде жалғыз әкім кінәлі деп бір жақты пікір айтқаннан гөрі ортақ МАҚСАТ жолында ел мен жерге жанашырлық танытатын, ұлтымызды рухани тұрғыдан жаңғыртуды қызмет бабындағы МІНДЕТІМ деп түсінетін шенеунік те, туған жер алдындағы ПАРЫЗЫМ деп түсінетін перзент те аз болып отыр деген дұрысырақ болар.

АЛ БІРЛІГІ БЫТЫРАҢҚЫ ЕЛДЕ БЕРЕКЕ ҚАЙДАН БОЛСЫН…!?

Оралбек Нұрмұханбетұлы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын ел арасында белсенді қолдаушылардың бірі екен. Кәсіпкер депутаттың жанұялық ансамблі Бесқарағай ауданындағы ауылдық округтерді аралап өнер көрсетіп, ұлтымыздың озық дәстүрлерін насихаттап жүргенінен біз бұрын да хабардар болатынбыз. Бізбен болған әңгіме арасында аудан басшылығы, әкімдіктің ішкі саясат бөлімі тарапынан игі бастаманы қолдаушылардың аз екендігіне орай өкпесін де айтып қалды.

— Көп ұлтты Бесқарағай сияқты ауданды мекендеп жатқан түрлі этнос өкілдерінің өзара татулығы — тәуелсіз еліміздің тұғырының мықты болуының кепілі. Өзім орыс мектебінде оқып, осы тілде сөйлейтін ортада өстім. Біз кеңес деп аталатын кер заманның құрбаны болған ұрпақпыз. Бүгін мемлекеттік тіліміздің мәртебесінің жоғары болуы әрқайсымыздың қолымызда,- дейді Оралбек Нұрмұханбетұлы.

Орекең ауданның 90 жылдығын тойлауға да өзінің қарсы болғанын, бұл орайда азаматтық ұстанымын мәслихаттың кезекті сессиясында айтқанын да жасырмады. Ел басына қасірет әкелген сол жылдар жайлы:

— Голощекиннің геноциді біздің әулетті де айналып өтпеген. Нағашыларым анамның 5 жасында елдегі қысымға шыдай алмай Ресейге қоныс аударуға мәжбүр болған. Сол қасіретті жылдарды анамның айтқан әңгімелері арқылы жақсы білемін. Халқымыздың басына нәубет әкелген тарихтың осы қасіретті беттерін той жасап, көңіл көтеру арқылы еске алу кешегі ата-бабаларымыздың рухын сыйламау деп түсінемін,- дейді Оралбек Нұрмұханбетұлы.

Оралбек Тоқашев «Семей таңы» газетінде жарияланған мақалада көрсетілген сын бойынша аудан әкіміне барып ел арасында орын алған осы келеңсіз жағдайларды мәслихаттың депутаттары мен әкімдіктің жауапты мамандары бас қосып талқылауы қажеттігін және кемшіліктерді жоюға атқарушы және өкілетті билік өкілдерін бірлесе жұмылдыру жайлы ұсыныс жасағанын да бізге айта келіпті.

Ел арасында береке мен бірліктің кепілі — татулықтың бұзылмауының ұйытқысы болуға мүдделі азаматтардың бар екендігін көрген соң дайындап қойған «ащылау» мақаламыздың мәтінін жұмсартқанымызды да жасырмаймыз.

Бет қатталып жатқанда Бесқарағай ауданынан телефон соққан бейтаныс ақсақал аудан әкімінің Ардагерлер үйінде қарттардың басын қосып, алдағы жұмыс жоспарлары жайлы ақылдасқандығын қуана жеткізді. Мақалада көрсетілген тағы бір мәселе қызметтік пәтердің әділ бөлінуі жайлы болған еді. Редакциямен байланысқа шыққан тағы бір азаматша Молдажанов көшесі, 71-ші үйде тұратын Әлия Измаилованың екі бөлмелі қызметтік пәтер алуына да біздің газетте жарық көрген мақаланың ықпалы болғанын хабарлады.

«Бізге қашан келесіздер?» деп күтіп жүрген ағайынға айтарымыз — аудандарыңыздағы кемшіліктерді сырттан келіп ешкім жөндеп бермейді. Сондықтан билік пен бұқара арасында араздық болса жарастырып, пенделікке парасат биігінен қарап, адамгершілік пен сыйластық атты ізгі қасиеттер негізінде жұртты жұдырықтай жұмылдыруды Оралбек Тоқашев сияқты ел ішіндегі есті азаматтардың еншісіне қалдыра тұруды жөн көрдік. Ал ауданның бүгінгі ахуалы, мақалада айтылған сынның нәтижесі алдағы уақытта да редакцияның назарында болатынын естеріңізге сала кетеміз.

Бірлігің бекем болсын, ардақты ағайын!

Риза Молдашева, {jcomments off}ШҚО мәслихатының депутаты

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС