"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА АЙДАР: «ІҢГӘ»

23.01.2019
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бұл айдар арқылы сіздер аймағымыздың демографиялық ахуалынан әрі халқымыздың мақтанышына айналған нар тұлғаларымыздың ұрпақ туралы ойлары мен отбасы, бала-шағалары жайлы мағлұмат алатын боласыздар!

Бүгін сол «Іңгәміздің» тұсаукесері, қабыл алыңыздар!

— Іңгә, іңгә, іңгә-ә-ә!

Жалған дүниеге тағы бір адам келді. Көз жұмулы, жұдырық түюлі. Тоғыз ай, он күн көтеріп, тоғыз сағат толғатқан ана әбден қалжыраған, шаршаулы. Шаранасының шар еткен дауысын естіген кезде ғана есін сəл жиып: «Құлыным!»– деді. Сол-ақ екен жүрегі жібіп, көкірегі иіп сала бергені. Ана бақыты! Оны тілмен жеткізу, сөзбен айту мүмкінсіз. Жалпы, еркек атаулы ол сезімнен ада. Ол — тек әйелге ғана тән, анаға ғана тиесілі бақыт!

Ал шарана болса бәрінен бейхабар. Шар-шар етіп, ішегі шығардай боп ышқынып жатыр. Ана байғұс өзге дүниені ұмытқан, бөбегінің үстіне түсіп бәйек.

Мұқым дүние сілтідей тынған. Шарананың шар-шар еткен үніне құлағын түріп мүлгіп тұр.

— Іңгә, іңгә, іңгә-ә-ә!..

***

— Іңгә, іңгә, іңгә-ә-ә!..

Дауысы алты қырдан асып шырылдап жатыр. Алты қырдың астында не күтіп тұрғанын кім білсін?! Әлде періште пейіл сезіп жатыр ма екен… Көзі жұмулы, көкірекпен. Жұдырық түюлі. Неге болса да бейім боп тас түйін жатыр ма екен…

Білмейміз ғой, білсек, айтар едік.

Жалпы, дүниеге неге келгенін, не үшін келгенін, қайда барарын біліп келген адам баласы бар ма екен?.. Әй, қайдам. Мүмкін, бар да шығар. Бірақ өте сирек.

— Іңгә, іңгә, іңгә-ә-ә!..

***

— Іңгә, іңгә, іңгә-ә-ә…

Анасының есі шығып кеткен, не істерін білмей әлек. Құшағына қысады. Бауырына басады. Омырауын ауызына тосады. Нәресте еш нәрсені місе тұтпайды. Басын екі жаққа алма-кезек шайқап шыр-шыр етеді. Уанар емес.

Сонда оған не керек?

— Іңгә, іңгә, іңгә-ә-ә!..

***

— Іңгә, іңгә, іңгә-ә-ә!..

Уаныш. Қазіргі бір отбасының, әулеттің уанышы өзі ғой. Бәрі жабылып жүріп уандырып алар, уаныштарын. Жалпы, жас бала тез алданып, тез уанғыш келеді. Тек есейген, ересек адамның ғана уанышы уайым. Ұзаққа созылатын процесс. Тым ұзаққа!..

— Іңгә, іңгә, іңгә-ә-ә!..

***

— Іңгә, іңгә, іңгә-ә-ә!..

Не іздеп жатыр екен?!..

Мүмкін, ол мынау жалған дүниеден өзін іздеп жатыр ма екен?!

— Іңгә, іңгә, іңгә-ә-ә!..

***

…Иә, өзін-өзі іздеген адам – жолаушы. Өзін-өзі жоғалтқан адам – сорлы. Өзін-өзін тапқан адам ғана – бақытты!

Ей, жұмыр жердің жүзіне келген жұдырықтай тіршілік иесі, жоғыңды тап, жүрегіңді жұбандыр!

…Бәрі өткінші. Болмаса сенің, мына сенің ең бақытты шағың — осы сәт!

…Беу, жалған дүние-ай!..

***

— Іңгә, іңгә, іңгә-ә-ә!.

Әжуа сөздің атасы саналған Марк Твен деген ақсақал өтірік туралы:

«Өмірде үш түрлі өтірік бар: жай өтірік, көзіңді бақырайтып қойып айтылатын бетсіздердің өтірігі және статистика», — деген екен.

Халықтың саны туралы сөз болғанда, статистиканы айналып өту мүмкін емес. Біз де сол статистикалық мәліметтерге жүгінеміз.

Сонымен, статистика бойынша:

• 2017 жылы республикамызда 390 мың сәби іңгәласа,

• өткен 2018 жылы 395 мың бала туылған.

• 2016 жылы тәуелсіз Қазақстан тарихында ең көп көрсеткіш — 400 мың балаға жеткен болатын.

• Ал рекордтық көрсеткіш 1987 жылға тиесілі. Бұл жылы Қазақстанда 417 мың бала дүниеге келген.

• Бала туу саны жағынан топ бастап тұрған — Оңтүстік Қазақстан облысы. Республикамызда туылған әрбір бесінші сәби осы оңтүстік өңірден екен. Одан кейін халқының санына сәйкес Астана мен Алматы қалалары. Бұлардан батыстың төрт облысы да қалысар емес.

• ШҚО туралы нақты дерек қолымызда болмай тұр. Интернеттен де таппадық. Ал Семей қаласында өткен 2018 жылы – 8 201 отбасы нәрестелі болыпты. 2019 жылдың 1 қаңтары мен 15 қаңтары аралығында 357 сәби дүниеге келген.

Мұрат Рақымжан, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС