"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙДЕ СПОРТ САЛАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

23.01.2019
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев өткен жылды қорытындылап, жергілікті БАҚ өкіл-дері алдында есеп берді.

{jcomments off}

Баспасөз мәслихатында айтылғандай, өткен 2018 жылы Семейде ойын және футбол алаңдарын, спорт залдарды қосқанда 16 спорт нысаны пайдалануға берілген. Бейбітшілік аралында жаңа мәдени-спорт кешені ашылып, «Цементник» стадионы қайта жөнделген. Бүгінгі күні Семейде 390-нан астам спорттық нысан бар.

Әрине, өткен жылдың есте қалар маңызды оқиғасы — «Абай Арена» мәдени-спорт кешені құрылысының басталуы. Бұған дейін Семейде мұндай ірі нысан болмағаны белгілі. Биылғы жылдың басында қаладағы дене шынықтыру және спорт саласында тағы бір маңызды оқиға орын алмақ. Ол — Қарағайлы тұрғын алабында жабық мұз кешені құрылысының басталуы. Құрылыс жұмыстары көктемде басталып, 2020 жылы аяқталмақ.

— Семейде Қысқы спорт сарайының салынуын біз көптен күттік. Климаттық ерекшеліктерге байланысты қаладағы спортшылардың қысқы спорт түрлерінен жаттығуы үш айдан әрі аспайды. Нысан пайдалануға берілген соң шаһарда мәнерлеп сырғанау спорты дамиды деген сенімдеміз. Қысқы спорт кешенінің ішкі мұз айдыны 400 метрлік жолмен, екі хоккей кортымен қамтылады. Керлинг, шорт-трек секілді жаңа спорт түрлерінен де спортшыларымызды дайындай бастаймыз,- дейді М.Құржықаев.

Оның айтуынша, өткен жылы семейлік спортшылар 1600-ден астам қалалық, облыстық және республикалық жарыстарға қатысқан. 2018 жылы жерлес балуандар Қазақстан чемпионатында Конфедерация кубогын ұтып, жеңімпаз атанды. Өз кезегінде бұл жеңіс бес семейлік спортшының ұлттық құрама сапына алынып, таяуда өтетін Олимпиада ойындарына қатысуларына мүмкіндік сыйлады. Сондай-ақ осы жылы айтулы балуан Айбек Нұғымаров «Әлем барысы» турнирінде чемпиондық белбеуді жеңіп алса, Индонезияда өткен Азия ойындарында 4 спортшы қоладан алқа таққан. Өскемен қаласында өткен халықтық ойындарда Семей құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізген.

— Өткен жыл жемісті болды. Енді алдағы міндеттерді айқындауымыз керек.

Биылғы жылы біз дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын отбасылардың санын арттырып, спорт алаңдарын көбейтуді мақсат етіп отырмыз. Озерки ауылында хоккей кортын салу жоспарымызда бар. Біздің базалық хоккей командасы осында жаттығатын болады. Инвесторлар қаланың сол жағалауынан хоккей модулін салғысы келеді. Сонымен қатар қалалық сәулет және құрылыс бөлімі «Спартак» стадионын күрделі жөндеуден өткізу үшін жоба дайындауда. Стадионда автоматты түрде суарылатын және жылытылатын газон болады, жүгіру жолы ауыстырылады. Келешекте мұнда ауқымды жарыстар өткізуге үміттіміз,- деді М.Құржықаев.

Айтолқын САМАТ

 

 

Ұқсас жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

04.09.2026
Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

Абай облысында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 4-5 қыркүйек күндері 231 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде тұрғындардың қатысуымен өтетін 63...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

5 дней бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

6 дней бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

2 недели бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

2 недели бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

2 недели бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

2 недели бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

2 недели бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

2 недели бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

2 недели бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС