"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Тәуелсіздік ұрпақтары

25.01.2019
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынған болатын. Сәрсенбі, 23 қаңтар күні Астанадағы «Нұр әлем» павильонында Елбасының қатысуымен осы Жастар жылының ашылуына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты бейресми алқалы жиын өтті. Елбасының өзі жастар арасына галстуксіз келіп, алдымен олар көтерген мәселелерді, тың ұсыныстарды байыппен тыңдады. Тікелей эфирде өткен жиынды еліміздің барлық өңірінің жастары онлайн режимде тамашалады.

Кешке әртүрлі саланың үздік жастары қатысып, Елбасыға ұсыныстарын жеткізді.

Осы форумда «Дарын» жастар сыйлығының иегері, жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар Одағының Семей филиалының төрағасы, ақын Мерей Қарт елімізде «Әдебиет академиясын» ашуды ұсынды.

— Сөз орайында Қазақстан Жазушылар одағы ұсынған бірегей жоба туралы айтқым келеді. Әдебиет әлемінде жаңа кеңістік ашу мақсатында жас қаламгерлерге арналған «Әдебиет академиясын» ашуды ұсынамын. Әдебиет академиясы ашылса, жас ақын-жазушыларымыз білімін шыңдап, әлем философтарының, мәдениеттанушыларының ілімін бойына сіңіріп, әдебиетіміздің әлеуеті артып, тың өріс алуына септігін тигізер еді. Сол кезде жас қаламгерлер жаһандық бәсекеге қабілетті шығармаларды дүниеге әкелер еді,- деп Мерей Қарт өз сөзін өлеңіымен түйіндеді.

САЙЫПҚЫРАН САҚТЫҢ ҰЛЫМЫН!

Арқыраса тарпаң күреңім,

Бал-бұл да жанар түр-өңім.

Көнеден қалған көзімсің,

Күміс көмкерген жүгенім.

Өмілдірігім де дін аман,

Өн бойын ою құраған.

Омырау тұсы шашақ бау,

Астары – қызыл шұғадан.

Көшпенді елміз көшелі.

Маңдай бақ біткен бес елі.

Құйысқанымда — құйма алтын,

Өркениетім ғой кешегі.

Жаратып мінген күлігін,

Сайыпқыран Сақтың ұлымын!

Үзеңгімен-ақ үзгенбіз,

Қарсы шапқан қасқыр жұлынын.

Тақым қажамас таралғым,

Зерленген шеті – сары алтын.

Былғары — бекзат тоқымым,

Осы күнге аман оралдың.

Шөлдесем — қымыз ішкенім.

Шипасы қандай күшті едің!

Ат терін адал сімірген,

Жабағы жүнді ішпегім.

Қайыңнан шапқан қапталым,

Жәдігерімдей сақтадым.

Іңірге тізгін қаңтарып,

Ізгінің күттім ақ таңын!

Қанжығам – құтты қайыстан.

Шыңдалғам көкпар — сайыстан.

Бес жастан шауып бәйгеге,

Жанарымнан жасыл жай ұшқан.

Қамшым да – қызыл тобылғы,

Соққызба, тағдыр, санымды.

Келер ғасырға аттандым,

Оңғарса Тәңір жолымды!

«СТ-ақпарат»

{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС