"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАТЕРЛІ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ

25.01.2019
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

{jcomments off}Дүйсенбі, 21 қаңтар күні қаламыздағы Ядролық медицина және онкология орталығында жатыр мойны обырының алдын алу апталығына орай баспасөз отырысы өтті. Шараға Семей қаласының Ядролық медицина және онкология ортағының директоры Марат Сандыбав, емдеу ісі бойынша директордың орынбасары Баян Бекетова, ҰӘЖ бойынша директордың орынбасары Нұргүл Жұмықбаева және БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстанда жыл сайын 1200-ге жуық әйел жатыр мойны обырына шалдықса, оның ішінде 80-ге жуығынан қатерлі ісіктің дәл осы түрі Семей өңірінде анықталады екен.

 

Репродуктивті жүйенің қатерлі ісіктері арасында жатыр мойны обыры сүт безі қатерлі ісігінен кейінгі екінші орынға шыққан. Ал, жалпы, қатерлі ісік ауруларының ішінде аталмыш ауру түрі жетінші орында тұр.

— Жатыр мойны обыры көруге болатын локализация ауруына жататынына қарамастан, әйелдердің 25 пайызы, яғни біздің өңірдегі әрбір төртінші әйелде осы патологияның үшінші, төртінші сатыларында анықталады. Аталмыш дертке шалдыққандар 40-50 жастағылар, дегенмен соңғы жылдары 40 жасқа толмаған әйелдер арасында бұл сырқаттың өсуі байқалады,- дейді Семей қаласының Ядролық мединицина және онкология орталығының директоры Марат Сандыбав.

Обырдың пайда болу себептері көп. Түсік жасату, иммунитеттің төмен болуы, жатыр мойнының жаралары мен жыныс жолдарының инфекциялары және жыныстық қатынасқа ерте түсу, темекі шегу қатерлі дерттің пайда болуына ықпалын тигізеді.

— Күн сайын елімізде жатыр мойны обырынан екі әйел адам адам көз жұмады. Олардың тең жартысы репродуктивті жастағы, яғни жас әйелдер. 100% жағдайда жатыр мойны обырын адамның папиллома вирусының анкогендік штамдары тудырады. Мұндағы басты мәселе – вирусты жұқтырған науқаста ауру белгілері байқалмайды. Сондықтан да «жатыр мойнындағы қатерлі ісік» деген диагноз әйелдер үшін қашанда төбеден жай түскендей әсер етеді.  Бұл дерт тек медициналық тексеру нәтижесінде анақталады. Дегенмен жаңадан пайда болған қатерлі ісік бірден ұлғайып кетпейді, ол үшін 5-10 жыл керек. Яғни, бұл дертке шалдыққан нәзік жандылардың аурудан айығуға уақыты бар. Сондықтан уақтылы скринингтен өтіп отырғаны дұрыс,- дейді Ядролық медицина және онкологиялық орталық директорының емдеу ісі бойынша орынбасары Баян Бекетова.

Мамандардың айтуынша, Семей өңірі бойынша 2018 жылы жүргізілген скрининг нәтижесінде 2 мыңға жуық адамнан обыралды дерті анықталған. Бүгінде төрт жыл сайын 30-дан 70 жасқа дейінгі барлық әйелдер өздерінің емханаларында жатыр мойны обырына тексерілу үшін тегін скринингтен өте алады. Сонымен бірге қатерлі ісіктердің алдын алу үшін бүгінде қаламыздағы емханаларда әйелдер мен ер адамдарға арналған тексеру бөлмелері бар. Онда онкологиялық орталықта білім алған мамандар қызмет көрсетеді.

— Тексеру бөлмелерінің негізгі мақсаты — еш зерттеусіз, яғни қымбат ультрадыбыстық зерттеуді, компьютерлік томография мен магнитті-резонансты томографияны қолданбай-ақ көзбен көріп, қолмен білу арқылы диагноз қою. Жатыр мойны обырын да осындай тәсілмен анықтауға болады. Мұндай тексерілуден тұрғындар жыл сайын өтуге тиіс,- дейді ҰӘЖ бойынша директордың орынбасары Нұргүл Жұмықбаева.

Айта кетейік, жатыр мойны обырының алдын алу апталығына орай, 25 қаңтар күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Семей өңірінің барлық  емханаларының гинекологиялық кабинеттерінде, Ядролық медицина және онкология орталығында  Ашық есік күні өтеді. Бұл күні кез келген әйел адам орталыққа келіп, тексерілуден өте алады.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС