"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕТЕКШІ ПАРТИЯ ХАТШЫСЫ СЕМЕЙГЕ КЕЛДІ

29.01.2019
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 25 қаңтар күні Семейге «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының хатшысы Қаныбек Жұмашев келіп, қала мектептері мен Электротехникалық колледж жанынан ашылған ІТ-кабинеттер мен орталықтарды аралап, жұмысымен танысып шықты. Қаныбек Бекболатұлы іссапарын Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Семейде алғаш рет бастауын алған «Ұлы даланың көне сарындары» фестивалін тамашалаумен түйіндеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Менің мектебім» жобасы негізінде аймағымыздағы барлық толық комплектілі мектептерде Назарбаев Зияткерлік мектебінің стандарты бойынша жабдықталған 476 кабинет ашылған болатын. Оның ішінде 277 ІТ-сынып бар.

Ал Семей қаласының Электротехникалық колледжінде «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ІТ-орталық өткен жылы жұмысын бастады. Қазір мұнда, мектеп оқушылары мен студенттерді қоспағанда, әртүрлі жастағы қала тұрғындары тегін білім алуда. Колледж мамандары сондай-ақ мектеп мұғалімдерін де мехатроника, инженерлік графика, 3D модельдеу, логикалық бақылауды бағдарлау, робототехника сынды 5 құзыреттілік бойынша дайындауда.

— Қазір өнеркәсіпте пайдаланылатын мобильді робототехниканы қолданысқа енгізу үшін пилоттық жоба әзірлеп жатырмыз. Біздің студенттеріміз колледжді бітіргеннен кейін өнеркәсіпте жұмыс істеуге дайын маман болып қалыптасады. Бүгінгі күні олар әртүрлі процестерді бағдарламалауды үйренуде. Әрине, білім ұдайы жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан жоғары білім алып, шыңдалуға болады. Мұнда келушілер, негізінен, базалық, яғни негізгі ілімдерді меңгеріп шығады, — дейді Электротехникалық колледж жанындағы IT-орталықтың жетекшісі Самир Керимов.

Мұндағы ІТ-орталық еліміздегі ғана емес, әлемдік деңгейдегі ең қуатты компьютерлермен, «Fest» атты неміс компаниясының құрылғыларымен жабдықталыпты. Қазақстан мен шетелдің түрлі қалаларында курстан өткен 12 маман қазақ және орыс тілдерінде 5 апталық курсты жүргізуде.

— Аймағымыздағы 277 мектептен 580-ге жуық мұғалімді даярладық. Семей өңірі ғана емес, Шығыс Қазақстан облысы бойынша әр аудандағы мектеп мұғалімдері де курстан өтеді. Қазір 100 адам оқып жатыр. Келесі аптадан бастап тағы 100-ге жуық адамды қабылдаймыз, — дейді С. Керимов.

ІТ-орталық Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздар есебінде тіркелген тұрғындар тобымен де қарым-қатынас орнатқан. Өткен жылы аталған санаттағы 154 адам осы орталықтан сертификат алып шығыпты.

ІТ-орталықтарды аралай келе «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының хатшысы Қаныбек Жұмашев бірқатар ұсыныстар айтып, халықты оқуға тарту шараларын әлі де күшейту керектігін ескертті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС