"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІ СЕМЕЙДЕН БАСТАУ АЛДЫ

29.01.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан туындаған «Ұлы даланың көне сарындары» атты республикалық дәстүрлі музыка фестивалінің әлқиссасы алаштың астанасы, ұлт руханиятының алтын бесігі, Абай елі — көне Семей қаласынан басталды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде дәріптеуге тиіспіз»,- деген еді. «Ұлы даланың көне сарындары» атты музыка фестивалі де сол киелі жеріміздің тарихы мен тағдырын кестелі тілмен, әдемі әуенмен кейінгі ұрпаққа насихаттауды мақсат етеді.

Еліміздің жетекші партиясы «Нұр Отанның» 20 жылдығына орай қолға алынған шараға партияның Орталық аппаратының хатшысы Қаныбек Жұмашев пен қала әкімі Ермак Сәлімов арнайы келіп қатысты.

— Құрметті семейліктер, қадірлі ағайын. Бүгін біздің сіздермен кездесуімізге Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы арқау болып отыр. Мақала жарық көргелі жүрегі «қазақ» деп соғатын азаматтардың рухы көтеріліп, өнер майталмандарының көңіліне шабыт бітті.

Осы мақала аясында ел көлемінде түрлі жобалар қолға алына бастағанын білетін боларсыздар. «Нұр Отан» партиясы да осы шаралар легіне өз үлесін қосу мақсатында республика деңгейінде «Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыка фестивалін өткізу жөнінде шешім қабылдады. Фестиваль кең-байтақ жеріміздің әр өңіріндегі ән-күй өнерінің ерекшеліктерін халыққа паш етіп, жастар бойына ұлттық өнерді сіңіруді мақсат тұтады. Он бес облысты аралай жүріп, ұлттық өнерімізді насихаттамақпыз. Фестивальды алаштың астанасы, ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған Семей қаласынан бастауымыздың да өзіндік мәні бар. Бұл біздің осы киелі топыраққа бас игеніміз деп түсінерсіздер,- деді Қаныбек Бекболатұлы фестивальдың ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

— Ардақты ағайын, қадірменді жерлестер! «Ұлы даланың көне сарындары» атты фестивальдың Семей жерінен бастау алып жатқанына ерекше қуаныштымыз. Себебі Семей – Абайдың елі. Абайдың елі – руханият меккесі, ұлттық өнердің киелі бесігі. Елбасымыз қазақ даласының тарихы мен руханиятына баса назар аударып, әр кез қолдап келеді. Бұған дәлел – «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары. Біз өз тарихымызбен мақтанып, жасампаздықты сақтауымыз қажет. Ардақты ағайын, бүгінгі дәстүрлі музыка кеші «Нұр Отан» партиясының бастамасымен өтіп жатыр. «Нұр Отан» – қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, күрделі әрі өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдап, олардың орындалуына қол жеткізіп келеді. Баршаңызды партияның құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтаймын! Бүгін Ұлы даланың дәстүрлі әуенімен сусындап, рухани азық алып қайтатынымызға сенімдімін. Байтақ жеріміз, бағаналы ордамыз аман, еліміз еңселі болсын,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Бабаларымыздан қалған асыл өнерді ұлықтауды мұрат еткен шараға Арқа, Алтай, Жетісу, Қаратау, Сыр және батыс мектептерінің көрнекті өкілдері — Ерлан Рысқали, Шолпан Дәржанова, Алмас Алматов, Жәкен Омаров, Гүлмира Сарина, Батыржан Мықтыбаев, Гүлдана Ноғайбаева, Әділ Тұрғанбаев, Берік Омаров, Рахат Тыныбаева, Естай Матабаев, Алтын Сымасейітова, Әділет Серіков өнер көрсетіп, қалың көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды.

Фестиваль жыл ортасында Жетісу өңірінде қорытындыланады.

Айтолқын САМАТ, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

19.08.2026
Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Атом энергетикасын дамыту, уран ресурстарын тиімді пайдалану, отандық өндірісті дамыту, ядролық ғылым мен технологияларды ілгерілету, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

19.08.2026
«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша алғашқы республикалық диалог алаңы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен тұрғын...

Толығырақ...Details

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

19.08.2026
Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымда қарбыз бен қауын саудасы қыза түсуде. Мамандар тұрғындарға бақша дақылдарын тек белгіленген сауда орындарынан сатып алып,...

Толығырақ...Details

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

1 час бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

2 часа бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

4 часа бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

4 часа бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

4 часа бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

4 часа бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

1 день бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

1 день бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС