"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

29.01.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

{jcomments off}Бейсенбі, 24 қаңтар күні Семей қалалық Қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, қала әкімі Ермак Сәлімов кеңес мүшелері алдында 2018 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар жайында есеп берді.

Есептік баяндамасында шаһар басшысы Ермак Сәлімов Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішіне баса мән берді.

— Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартудың негізгі бағытын айқындап берді. Алдымызға жедел орындалуы тиіс міндеттер қойылды. Біздің мақсат — Елбасы тапсырмаларын орындап, халықтың тұрмысын жақсартуға күш салу. Сондықтан экономиканы басты назарға ала отырып, қаламызды одан әрі дамыту үшін жоспар құрып, жұмыс істеп жатырмыз,- деген Ермак Бидахметұлы жылдан-жылға қаланың экономикалық әлеуеті өсіп келе жатқанын айтты.

— 2018 жылдың қорытындысына сәйкес, экономика өсімі өнеркәсіп саласы бойынша – 9,4%-ды, агроөнеркәсіп саласында — 6,1%-ды, саудада — 8%-ды, инвестицияда — 9,2%-ды, құрылыс жұмыстарын аяқтау — 39,7%-ды, жергілікті бюджет — 5,8%-ды құрайды. Бюджетке келер болсақ, соңғы үш жылда меншікті кірістер 3,8 млрд. теңгеге артқан. 2018 жылы бюджеттің жалпы көлемі 44,7 млрд. теңгені құрады. Бұл 2016 жылғы көрсеткішке қарағанда 62%-ға көп. Барлық қаржыландыру көздерінің жиынтық сомасы 53 млрд. теңгеден асады. Бұл ретте жоғарыда көрсетілген бюджеттерден трансферлер мен кредиттердің түсімі 35%-ға артты.

Қала әкімінің айтуынша, өнеркәсіп өнімдерін өндірудің жалпы көлемі 9,8% -ды құрайды. Бұл 2017 жылдың деңгейінен 15,9 млрд. теңгеге көп. Бүгінгі күні ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарында 11 700 адам жұмыспен қамтылған. Қаламызда өнеркәсіп орындарының дамып келе жатқанының бір көрсеткіші — өткен жылы «Терра Вита», «Селикат», «Роза — киіз илеу комбинаты» ЖШС-тері мен «И.Булутканов» ЖК-дің өнеркәсіп орындары «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-конкурсының  жеңімпаздары атанды. Сондай-ақ ҚР Президентінің «Алтын сапа — 2018» сыйлығының «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша  «СемАз» ЖШС жеңімпаз атанса, «Роза – киіз илеу комбинаты» ЖШС «Іскер» арнайы сыйлығына ие болды.

— Жылдың басты жетістігі шағын және орта бизнес саласындағы өңірлер мен қалалардың рейтингісі бойынша бизнесті жүргізудегі мақсатты индикаторларды орындау болып табылады. Рейтинг қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандары арасында Семей қаласы екінші орында тұр. Бүгінде қаламызда 20 мыңнан аса шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар. 2017 жылмен салыстырғанда олардың саны 2,8 мыңға артқан. 2017 жылдың деңгейіне алғанда, 103,9% өсімді құрайтын 2189 жаңа жұмыс орны ашылған, — деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Қала көшелерін жарықтандыру, су және жылумен қамту жұмыстарын оңтайландыру мақсатында өткен жылы Еуропалық қайта құру және Даму банкімен әріптестік аясында жаңа жобалар қолға алынған болатын. Биыл да осы мақсаттарға ЕҚДБ қаражаты есебінен 6 млрд. 560 млн. теңге бөлінген.

— 2018 жылы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту, «Нұрлы жер» бағдарламасы және Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Новобаженово және Қайнар ауылдарының 3 442 тұрғыны таза ауыз сумен қамтылып, Шүлбі кентінің су бұру жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жоңғар және Потанин көшелеріндегі жаңадан салынған жеке тұрғын үйлерге су құбыры желілері тартылды. Еуропалық қайта құру және Даму банкімен әріптестік шеңберінде тұрғындарды сумен қамту жобасы іске асуда. Есептік жылы несиелік қаржының алғашқы іріктеуі жүзеге асырылды. Ағымдағы жылы жылумен жабдықтау және көшені жарықтандыру жобалары іске асырыла бастайды. Осы мақсаттарға ЕҚДБ қаражаты есебінен 6 млрд. 560 млн. теңге және мемлекеттік бюджеттен 805 млн. теңге қаражат бөлінетін болады. Бұл 26 км-ге жуық жылу, 12 км су құбыры, 5 км-ден астам кәріз желілерін тартып, 7 296 дана көше шамдарын ауыстыруға мүмкіндік береді.

Тұрғын үй құрылысын жандандыру — қала өміріндегі маңызды бағыттардың бірі. 2018 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 107,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қарағайлы ықшам ауданы көп қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілетін негізгі аудан ретінде айқындалып, сумен, жарық және электр желілерімен қамтамасыз етілді. Есептік кезеңде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қарағайлы ықшам ауданында жалпы алаңы 66,9 мың шаршы метрді құрайтын 12 көп қабатты үйлердің құрылысы басталды. Сонымен бірге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 2 балабақша салу жоспарда бар, — деді қала басшысы Е.Сәлімов.

Шаһардағы абаттандыру мен жол жөндеу жұмыстарына тоқталып өткен Ермак Сәлімов бұдан кейін кеңес мүшелерін толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС