"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙДЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУҒА ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ

29.01.2019
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

{jcomments off}Қалалық әкімдікте жергілікті атқарушы билік өкілдері жер телімі кезегінде тұрған тұрғындармен кездесу өткізіп, жер телімін беру тәртібі мен жеке тұрғын үй құрылысы туралы жан-жақты түсіндірді.

Қазіргі уақытта елімізде халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге және жеке тұрғын үй салуға арналған мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Сонымен қатар ҚР-ның әр азаматының жер заңнамасымен регламенттелген жеке тұрғын үй құрылысына әкімдікпен инженерлік инфрақұрылым тартылған 10 сотық жерді тегін алуға құқығы бар. 10 сотық жер алу үшін әкімдікке өтініш беру керек, яғни жер теліміне кезекте тұруы қажет.

Алайда Семей қаласында заңнамада көрсетілген талаптар бойынша жер беру үшін тұрғын үй салынатын аудан сумен, жарықпен толықтай қамтылуы тиіс болғандықтан, жер телімдерін беру уақытша тоқтатылған болатын. Осыған байланысты қала әкімі Ермак Сәлімов шаһардағы Ақсай, Ұшақтар, Комсомол кенттерінің инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын қолға алып отыр.

— Бұл кенттерде өткен жылдан бастап сумен қамту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Биылғы жылы электр жарығын тартуды бітіргеннен кейін, жерді кезектегі тізім бойынша бере бастаймыз. Кезекте тұрғандарға жер телімі қаламыздағы Ақсай, Комсомол, Ұшақтар кенттерінен берілетін болады,- деді қала әкімі Е.Сәлімов.

Атамыш аудандардағы жер телімдері «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы беріледі. Бағдарлама аясында тұрғын үй салу үшін қаламызда 10-нан аса аудан белгіленген. Бірінші кезеңде, яғни 2021 жылға дейін, Ақсай, Комсомол, Ұшақтар кенттерінен жер телімдері берілетін болады. Шаһарымызда жер телімін алуға 24 472 адам кезекте тұр. Бұл кезектің тізімін Семей қаласы әкімінің ресми сайты мен қалалық прокоратураның сайтынан көруге болады.

— 2016 жылдан бастап Жер кодексіне өзгеріс енгізіліп, жер бірінші кезекте үш жылға беріледі деп көрсетілген. Яғни, жер теліміне қол жеткізген азамат үш жылдың ішінде тұрғын үй салуға міндетті. Егер үш жыл ішінде құрылыс салынбайтын болса, Үкімет өзіне қайтарып алатын болады,- дейді қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілханов.

Айта кетерлігі, жеке тұрғын үйлер жергілікті атқарушы органдар тарапынан әзірленген үйлердің типтік жобалары негізінде салынуы тиіс. Яғни үйдің жобасын жасауда, құрылыс материалдарын және олардың түсін таңдауда бірыңғай архитектуралық стандарт талаптары сақталуы керек.

— Біз жер телімін алуға рұқсаттары бар тұрғындарға құрылыс жобаларын тегін жасаймыз. Жоба жасаудың негізгі талаптары бар. Жобалардың құрылыс материалдары, аумағы, орналасуы бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар. Әрбір учаскеге бас жоспар беріледі. Мұның бәрі екі жақты келісіммен жасалынатын болады. Жеке тұрғын үй салушылар өздері қалаған жоба мен стандартты таңдай алады,- деді қалалық архитектура бөлімінің басшысы Бақтияр Сәлімов.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үйлердің құрылысын үш құрылыс компаниясы жүргізеді. Бұл компаниялар тұрғын үйдің 1 шаршы метрін 105 мыңнан 120 мың теңгеге дейін бағалап отыр.

Жиын барысында құрылыс компанияларының өкілдері баспаналардың ерекшеліктеріне тоқталып, құрылыс салу тәртібін түсіндірді.

— Салынатын үйдің қабырғасының қалындығы 55 см болады, яғни жылу сақталады. Шатыры боялған шифермен жабылады. Еуропалық үйлердің үлгісінен кем түспейді. Біз сіздерге өз жобамызды ұсынамыз,- деді құрылыс компаниясының өкілі Асхат Мейірманов.

Жиын соңында тұрғындар бөлім басшыларына тұрғын үй салуға қатысты көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС