"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АРМАНДА! ҰСЫН! ІСКЕ АСЫР!»

01.02.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сейсенбі, 29 қаңтар күні қаламыздағы Абай кітапханасында «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасының «Арманда! Ұсын! Іске асыр!» атты аймақтық қорытынды форумы өтті. Форумда жастар жоба аясында дайындаған өнімдерін келушілер назарына ұсынды. Шараға қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өкілдері мен өңір жастары қатысты.

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп «Zhas Project» жобасын 2017 жылдан бастап қолға алған болатын. Ауқымды жоба жұмыссыз және табысы аз жастардың бастамаларына қаржылай көмек көрсетіп, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында құрылған. Биыл Шығыс Қаза{jcomments off}қстан облысынан іріктеліп алынған 149 жоба алты ай бойы жүзеге асырылды. Қатысушылардың 55 пайызы ауыл жастары болса, 67 пайызы — әлеуметтік осал топтардың қатарына кіретіндер.

 

— Жобаға Шығыс Қазақстан облысы бойынша 473 өтінім берілді. Әр жоба үш кезеңдік іріктеуден өтіп, оның 149-ы жеңімпаз атанды. Бүгінгі күні 491 адам ай сайын мыңдаған шығысқазақстандықтарға тегін қызмет көрсетіп келді. Барлық жобаға қатысушыларды екі кезеңмен төрт күндік оқытудан өткіздік. Біз оларға өмірлік маңызы бар дағдыларды үйреттік. Атап айтсақ, келіссөзді жүргізуді және оларды жоспарлауды үйретіп, қаржыландыру көздерін іздестіру жолдарын көрсеттік, сонымен қатар кеңестер берілді. Бүгінгі форумға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлерді қолдау палатасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан өкілдер шақырдық. Мүмкін, олар жобаға қатысушы жастарға қолдау білдіретін шығар,- деді «Zhas Project» жобасының ШҚО бойынша үйлестірушісі Серік Жүнісов.

Семей қаласы бойынша өткен жылы 67 жоба ұсынылып, соның ішінде 20 жоба жеңіске жеткен болатын. Әрқайсысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің демеушілігімен 1 млн. теңге қайтарымсыз грантқа ие болды. Бұл қаражатқа жоба қатысушылары қажетті құрал-жабдықтарын сатып алып, ай сайын әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлерге тегін қызмет көрсетті. Жобалар әлеуметтік, білім беру, медициналық жәрдем, волонтерлік көмек сынды бағыттарды қамтиды.

Форум барысында арнайы көрме ұйымдастырылып, жастар өз өнімдерін таныстыруға мүмкіндік алды. Кейбір қатысушылар қонақтарға табиғи сүт өнімдерін ұсынса, енді біреулері өздерінің кәдесыйлық бұйымдарымен көпшіліктің назарын аударды.

Жоба жеңімпаздарының бірі Мұхит Шуақбаев жас аналардың бүлдіршіндеріне массаж жасап үйрететін «Аналарға көмек» жобасын ұсынған. Бүгінде елімізде балалардың арасында дисплазия, мойын қисаюы, майтабан сынды ауру түрлері жиі кездеседі. Сондықтан ол аналардың сәбилеріне массаж  жасап үйренуі маңызды деп санайды.

— Жоба аясында біз қаламыздағы 60 анаға массаж жасаудың әдіс-тәсілдерін үйреттік. Қатысушыларға массаж жасау курсынан өткенін растайтын сертификат берілді. Бұл массаждар тек науқас бүлдіршіндерге ғана емес, сонымен бірге осындай аурулардың алдын алу үшін де жасалады. Сондай-ақ аналар өз балаларына ғана емес, таныстарына, туыстарына да көмек қолын соза алады. Бұл жобаны қолға алғандағы мақсатымыз — денсаулығы мықты ұрпақ қалыптастыруға септігімізді тигізу,- деді «Аналарға көмек» жобасының жетекшісі Мұхит Шуақбаев.

Форумда жастардың жобасымен танысып шыққан қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова жұмыстарға оң бағасын беріп, бүгінгі қатысушылардың болашақта жақсы кәсіпкер болуға мүмкіндіктері жоғары екенін атап өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта өтетін республикалық форумға облысымыздан бірқатар жоба ұсынылатын болады.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС