"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАСТЫ МАҚСАТ — АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ БАСЫН КӨБЕЙТУ

01.02.2019
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сейсенбі, 29 қаңтар күні қалалық әкімдікте Семей өңірінде ауылшаруашылық өндірісі кешенін дамыту мәселелері бойынша семинар-жиын өтті. Басқосуда салада атқарылған жұмыстар қорытындыланып, асыл тұқымды мал басын көбейту және субсидия алу мәселелері талқыланды.  2018-2020 жылдарға арналған ауылшаруашылық кешенін дамыту өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өткен жиынға облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жақыпбаев, қала әкімі Ермак Сәлімов, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалықтары басшылары қатысты.

Бүгінде Семей өңірінде ет пен сүт бағытындағы мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы басымдыққа ие. Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаевтың айтуынша, болашақта асыл тұқымды мал басын көбейту жоспарлануда. Бұл бағытта биыл шетелден 1100 бас аналық асыл тұқымды мал сатылып алынбақ.

— Семейге қарасты барлық ауылдық округтердегі шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесіп, жұмыстарымен танысып шықтық. Бүгінде өңіріміз Өзбекстанға малды экспортқа шығарып отыр, — дейді Н.Шақабаев.

Жиында өсімдік пен мал шаруашылығын субсидиялау ережесіндегі өзгерістер туралы да айтылды. ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Ертай Қуанбаевтың сөзіне сүйенсек, елімізде ауыл шаруашылығы саласына көрсетілетін мемлекеттік қолдау жылдан-жылға оңтайланып келеді. Облысымыздың жалпы ішкі өнімінің алпыс пайыз-дан астамын құрайтын мал шаруашылығы қарқынды дамуда. Жалпы, аймағымыздағы мал шаруашылығы 6 бағытты қамтиды: етті бағыттағы ірі қара, сүтті бағыттағы ірі қара, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы, қой шаруашылығы, бал арасы шаруашылығы және құс шаруашылығы.

— Өткен жылы ірі қара малын сатып алуға қатысты заңға өзгерістер енгізілді. Шетелден асыл тұқымды ірі қара мал сатып алсаңыздар, оның ішіне Симментал тұқымы да бар, мал басына 225 мың теңгеден, отандық бұқалар сатып алсаңыздар, 150 мың теңгеден субсидия беріледі. Бұқаларды сатып алмай, 1000 бастан асатын мал бордақылау алаңдарынан жалға алуға да болады. Өз кезегінде бордақылау алаңы бұқаны бергені үшін Үкіметтен 100 мың теңге субсидия алады. Ал тауарлы шаруашылықтар 50 сиыры болса, 2 бұқасын жалға алып, Үкіметтен әр басына 10 мың теңгеден субсидия ала алады. Бұқа сатып алу қажеттілігі болмайды. Сүтті мал шаруашылығы бағытында өткен жылдан бастап селекциялық жұмыстар алынып тасталынды, — дейді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Ертай Қуанбаев.

Ал өсімдік шаруашылығында заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, егіс науқаны кезінде сапалы тұқымдар тегін беріледі. Шаруалар күзгі жиын-теріннен кейін ғана 30 пайызын қайтаруы тиіс.

Жиында сондай-ақ шаруа қожалықтарын қаржы институттары арқылы несиелендіру мәселесі де қозғалды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС