"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ӨНЕГЕЛІ ӨМІР ӨРНЕКТЕРІ»

01.02.2019
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бейсенбі, 31 қаңтар күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Ақылдастар» ауыл ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сағындық Бекқалиұлы Бейсенбаевтың авторлығымен жарық көрген «Өнегелі өмір өрнектері» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Рәсімге қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов, өлкетанушы Молдабек Жанболатов, журналист, өлкетанушы, хакім Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімов, тарихшы Амантай Исин және өзге де ардагер ақсақалдар, студенттер қатысты.

Оқырманға жол тартқан жаңа жинақта аймағымыздағы абыз ақсақалдардың өнегелі өмір жолдары, «Ақылдастар» қоғамдық бірлестігінің білім беру мекемелерімен, жергілікті атқарушы билікпен бірлесе отырып рухани құндылықтарымызды насихаттау бағытында өткізген шаралары қарапайым тілмен баяндалып, БАҚ-та жарияланған мәліметтермен толықтырылған. Сонымен қатар Алаш қайраткерлері мен «Алаш» партиясының саяси іс-әрекеті туралы айтылмай келген жасырын мәліметтер семейлік тарихшы ғалымдардың зерттеу еңбектерінде, мұрағат деректерінде жан-жақты баяндалады.

«Басты мақсат — қоғам өміріне араласу», «Батыр бабалар даңқы ғасырларға жалғасады», «Алаш арыстары. Саяси қуғын-сүргін. Ашаршылық», «Еңбегімен елеулі қариялар», «Мерей жас иелерін құттықтау», «Еске алу», «Ақ тілек және әзіл-қалжың» атты жеті бөлімнен тұратын жинақ 100 данамен басылып шығыпты.

«Қазақ әдеби процесінде деректі проза жанры бүкіл қазақ елі бойынша өзінің екінші тынысын алып жатыр. Бұл әдеби үрдістен қолына қалам ұстаған шежірелі шығыстың қазыналы қарттары да тыс қалып отырған жоқ. Оған қолдарыңызға тиіп отырған Сағындық Бейсенбаевтың киелі Семей өңірінде шығып отырған «Өнегелі өмір өрнектері» туындысы куә», — деп жазады кітаптың алғы сөзінде Қазақстан Жазушылар одағының Семей филиалының төрағасы Мерей Қартов.

Кітап авторы қолындағы материалдарын бір жүйеге түсіріп, әр бөлімді басты бір арнаға тоғыстыра білген.

— Кеңес өкіметі құлаған 1990 жылдар еліміз үшін өте ауыр кезең болды. Сол жылдары ауылдан Семей қаласына көшіп келген ардагер қариялар қоғамдық өмірден мүлде ажырап қалды. Қала тіршілігіне көндігу де оңай болған жоқ. Олар кезінде аудан, ауылдарда қайнаған еңбектің ортасында болып, ел игілігі үшін аянбай тер төккен, оқыған, білімді басшы, әртүрлі мамандық иелері, аудан, ауылдардың бас көтерер құрметті азаматтары еді. Осы ардагерлердің бастамасымен құрылған «Ақылдастар» ауыл ардагерлері қоғамдық ұйымының басты мақсаты қалаға көшіп келіп, елеусіз — ескерусіз қалған қариялардың қоғам өміріне араласуына мүмкіндік жасап, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу болды. Бұл мақсатымыз орындалды. Қала әкімшілігінің ішкі саясат бөлімімен тығыз қарым-қатынас жасап, шаһарымызда күн құрғатпай өтіп жататын саяси-әлеуметтік, мәдени шараларға қатысатын болдық. Қала әкімінің, облыс әкімінің есебіне қатысып, өз ой-пікірімізді айта алатын болдық, — дейді «Ақылдастар» ауыл ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сағындық Бекқалиұлы.

Айта кетейік, халқымыздың ұлттық рухани құндылықтарын сақтау және насихаттау мақсатында 2008 жылы құрылған «Ақылдастар» қоғамдық бірлестігі өңірдің 13 ауданынан келген 120-ға жуық ардагердің басын қосып отыр.

{jcomments off}

Айтолқын САМАТ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС