"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БЕРІЛГЕН КӨШЕ ТҰЛҒА ДӘРЕЖЕСIНЕ ЛАЙЫҚ ПА?

05.02.2019
72
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ономастика саласында жұмыс мүлде тоқтап тұр десек, қиянат болар, соңғы жылдары атқарылған істердің бар екендігін мойындауымыз керек… Қайым Мұхамедханов пен Мәңгілік Ел көшелерінен өтіп, Әлихан Бөкейханов ескерткішінің жанына барып тоқтаған адам кейінгі жылдары Алаштың отаны болған Семейде шешімін тапқан жақсы өзгерістердің бір парасына куә болары анық.{jcomments off}

Елбасының «Бұл мәселеде тізеге салуға болмайды, мұны байыппен қарап, ақылмен шешіңдер» деген тапсырмасын да түсінеміз. Ұлтаралық қатынас өткірдің жүзіндей қылпылдап тұрған заманда әкімдердің бұл түйткілден «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» алып шығуға тырысатыны да  белгілі. Елдің бірлігі мен Тәуелсіздігіміздің тұтастығы сынға түскен уақытта жеті рет өлшеп, бір рет кесудің де қажеттілік екендігіне дау жоқ…

Ұлт мәселесіне келгенде қызбалыққа емес, салмақты ойға жүгінген дұрыс десек те, ашығын айтуымыз керек,  жасқаншақтаумыз.

Ұлыларымызды ұлықтау мәселесіне келгенде, жас күнінде таяқты көп жеп, соққыдан беті қайтқан баладай, үрейден, жалтақтықтың синдромынан әлі де толық  арыла алмай жүргенімізді де мойындауымыз қажет. Әсіресе ардақтыларымыздың есімдерін адам аяғы сирек басатын қысқа, шеткері көшелерден көргенде «Іш қазандай қайнайды, күресерге дәрмен жоқ…» дейтін күйді бастан кешіп жүрміз… Тұлғамыздың есімi көшеге беруге лайық шығар, ал көшенiң өзi сол тұлғаның дәрежесiне лайық па? Асылдарымызды әспеттеп атаған сол көшелердiң бiрi тар, бiрi шолақ, бірі адам аяғы сирек басатын шеткері жақта. Ірілеріміздің есiмiне тек үлкен көшелер мен даңғылдар лайық екендігін ескере бермейміз. Мысалы, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов құрметіне көше беру кезінде қаладан шеткері жатқан Комсомол кентін кім таңдады екен деген сауалдың көпшілікті мазалап жүргеніне көп болды…

Семей қалалық ономастикалық комиссиясының назар аударуын қажет ететін мұндай жағдайлар аз емес. Мысалы, қазаққа Абайдай дананы сыйлаған дала данышпаны, аға сұлтан Құнанбайға Семей қаласының орталығынан көше беру жайлы бір топ ұлт жанашырлары тарапынан ұсыныс жасалған болатын. Сол ұсыныс хаттың тағдыры бүгін қандай күйде? Құнанбай тек қазақтың ұлы ақыны Абайдың әкесі ғана емес, дала дәстүрін берік ұстанып, өз қол астындағы ел қамын «қалт етпей күзеткен» ұлт қайраткері, би, аға сұлтан болған ірі тұлға, сөзге жүйрік, өткір тілді шешен, көреген, көсем болған. Ендеше, қазақтың Құнанбайына Семейден бір көше беру жайлы ұсыныс ономастикалық комиссияның қоржынында ашылмаған күйі ұмыт болып, жатып қалмаса деген тілегіміз бар.

Семей ұлт азаттығы жолында бастарын бәйгеге тіккен Алаш азаматтарының асқақ армандарына қанат байлаған қала десек те, ардақтыларымызға лайықты құрмет әлі де жеткіліксіз… Солардың бірі БІЛӘЛ СҮЛЕЕВ — 1930 жылы құрылған Семей педагогикалық институтының тұңғыш ректоры. Ректорлық қызметте жүргенде қамауға алынып, 1932 жылы 5 қыркүйекте босатылып, жан сауғалап Мәскеуге кетуге мәжбүр болады. Екі жыл Мәскеудің өндіріс орындарында, мәдени-ағарту саласында қарапайым қызметтер атқарады. 1937 жылдың соңында екінші рет қамауға алынып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болған Біләл Сүлеев тарихтан әлі де лайықты бағасын ала алмай отыр. Ендеше, Біләл Сүлеевке Семейден бір көше беретін кез келді.

Семейде «Алаш» партиясы мен Алашорда қозғалысы жетекшілерінің бірі, қоғам қайраткері,  математик, ұстаз ӘЛІМХАН ЕРМЕКОВ атында да әлі көше жоқ. Математика ғылымынан профессор атағын алған тұңғыш қазақ.  1905 жылы Семей ерлер гимназиясын бітірген. 1917 жылы өткен Семей облыстық қазақ съезіне қатысып, президиумының хатшылығына, кейін съезд шешімімен Семей облыстық қазақ комитетінің мүшелігіне сайланады. Халел Ғаббасов екеуі Семей облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болады. Әлімхан Ермеков Орыс географиялық қоғамы Семей бөлімшесіне мүше болған. Ғалым М.Ескендіровтің «Алаш Орда» министрлері» (2008) атты кітабында: «Әлімхан Ермековтің тарихи зор еңбегінің бірі  – Қазақ автономиясы шекарасының біртұтастығын жанқиярлықпен қорғауы. Осы орайда 1920 жылы 17 тамызда В.И.Лениннің төрағалығымен өткен қазақ өкілдері қатысқан Халық комиссарлары кеңесінің мәжілісінде Қазақ автономиясы туралы мәселе қаралғанда, Қазақстанның жағдайы туралы Ә.Ермеков баяндама жасайды. Онда ол жер, Қазақстанның шекарасы туралы мәселелерді қамтып, өктемшіл, озбыр, отаршылдық пиғылдағы өкілдермен қызу айтысқа түсіп, өз пікірін тиянақты, жан-жақты, бұлтартпас дәлелдермен қорғап шығады. Нәтижесінде кезінде қазақтардан тартып алынған Каспийдің теріскей жағалауындағы ені бір шақырымдық және Ертістің сол жағалауындағы он шақырымдық ұлан-ғайыр жер Лениннің тікелей қолдауымен Қазақ еліне қайтарылады»,- деген тарихи мәлімет бар.

Әлімхан Ермеков, саяси жұмыстармен қатар, білім беру саласына да көп еңбек сіңірген ұлт қайраткері. Қарқаралыда мектеп пен педагогикалық техникум ашқан Әлімхан Ермеков 1925 жылы Семейде қызмет атқарған. 1929-1930 жылдары Алаш жетекшілерін қуғындау басталғанда тұтқынға алынып, соңынан бостандыққа шығарылады. Қуғын-сүргінде жүріп, «Ұлы математика курсы» оқулық кітабын жазғанын біреу білсе, біреу білмес. Әлiмхан Ермеков 1937 жылдың күзiнен 1938 жылдың наурызына дейiн, тұтқынға алынғанша, Мәскеуде Куйбышев жоспарлау институтының математика кафедрасының меңгерушiсi қызметiн атқарған.

Көрнекті мемлекет және қоғам кайраткері СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСОВ та есімі елеусіз қалып келе жатқан тұлғалардың бірі.

Смағұл Сәдуақасовтың өз ұлтының тәуелсіздігі жолында атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Әрине, С.Сәдуақасов жайлы талай  ғылыми еңбектер жазылды, тарихта мүлде ұмыт қалды деп айтуға болмас. Дегенмен Семейде бір көшені Смағұл Сәдуақасовтың атына беру тұлға рухына жасалған құрмет болар еді. Смағұл Сәдуақасов Мәскеуде 1920 жылы 12-18 қыркүйек аралығында өткен Күншығыс  ұлттары  жастарының  I конференциясына өкіл болып барып, қазақ  жастарының атынан сөз сөйлеген. 1920 жылы Қазақ АКСР-і Кеңестері ОАК-нің мүшесі және Қазақ ОАК-нің саяси хатшысы қызметінде болды. Қайраткер сол жылдары Қазақ жерінің тұтастығына қатысты жұмыстарға белсене араласты. 1921 жылы Семей облысын Сібір ревкомының қарамағынан Қазақ АКСР-і құрамына ауыстыру ісіне басшылық етті. Ақмола мен Семей 1921 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанға қайтарылуы тиіс болса да, бұл мәселе уақытында орындала қоймайды. Омбыдағы Сібір басшылары мерзімді соза берді. Құрамында Смағұл Сәдуақасов бар қазақтың сол замандағы ұлтына жанашыр зиялы тобы алған бағытынан қайтпады.

1921 жылы 2 ақпанда Смағұл Сәдуақасұлының қолы қойылған «Семей, Ақмола, Торғай, Орал губернияларына қарасты бос жерді еңбекші қазақ халқына қайтарып беру туралы Декрет»  жарияланды.   Смағұл Сәдуақасұлы — ұлт мүддесі жолында Голощекинмен ашық күрескен қайраткер.  С.Сәдуақасұлының  Қазақстанда  өндірісті дамыту, биліктегі  шовинистерден  арылу,   оқығандарға жағдай жасау, халықты шын теңдікке жеткізу тұрғысындағы ұстанымы билікке ұнамағандықтан,  саяси қызметтен қуғындалады. Алайда ұлт мүддесі жолында күресін тоқтатпаған азамат та «халық жауы» аталғандардың тізімінің ішінде болғаны белгілі.

Міне, осындай ардақты ұлдарымыздың есімдері елеусіз қалып, Тәуелсіздіктің елең-алаңында қазаққа қарсы пиғылын жасырмай, кітап етіп шығарып, ата жұртына тайып тұрған Морозов сияқтылардың құрметіне көзі тірісінде көрнекті көшелерімізді атап, масқара болып жүрміз. Бұл жағдайларды бұрын да бірнеше мәрте көтергенбіз, тағы да қайталауға мәжбүр етіп отырған түйткілдерге ономастикалық комиссияның әлі күнге мән бермей келе жатқаны өкінішті.

Айта–айта тілімізді қотырға айналдырған тағы бір жағдай — Семейдегі Ғылым Елемесов атындағы көше. 2004 жылдың 13 ақпаны күні бұрынғы Красногвардейская көшесі Семей қаласы әкімінің және қалалық мәслихатының біріккен № 285-16 шешімімен Ғылым Елемесов көшесі болып өзгертілген болатын. Қаланың орталығында орналасқан осы көшеге атын берген Елемесов деген кім? 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде республиканың Бас прокуроры болып қызмет атқарып жүріп жастарымызды жазықсыз жазалағандардың бірі, Көкшетау өңірінің тумасы. Елемесовтің Семейге қандай қатысы бар деген сауалға жауап — ертеректе қаламызда жарты жылдай уақыт прокуратураның қатардағы қызметкерлері болған көрінеді.

Ономастикалық комиссия құра-мындағы ұлтын сүйетін азаматтар мен азаматшаларға айтарымыз — біздің осы көшенің атауын ауыстыру жайлы мақаламыздың газетте жарияланғанына да екі жылдан асты, содан бері 1986 жылы желтоқсанда талай жастың қанын мойнына жүктеген Елемесовке берілген көшенің атауын өзгертуге әлі қадам жасалған жоқ. Бұл көше елемесовтерден жазықсыз жапа шеккен Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков көшесімен түйісіп жатқанын да ескерусіз қалдыруға болмайды.

Ұлттық мүдде жайлы анда-санда есіне түскенде айғай салып қоятын қоғам белсенділері, ұлтшыл азаматтар тарапынан қозғау болмаса, билік әлі де басқа ұрған танадай мең-зең күйде жүргендей… Ономастикалық саясатты сауатты жүргізуде көңілге қонымды, ақылға сыйымды жүйелі жұмыс әлі де жеткіліксіз.

Семейдегі ономастикалық комиссия-ның құрамындағы отаншыл азаматтар мен азаматшалар біздің бұл мақаламызды тарихы  Алаш ардақтылары негізін салған «Сарыарқадан» басталатын, әлі күнге ұлттың үні болып келе жатқан қарт басылымның тарапынан жасалған ұсыныс деп қабылдар және бастама елеусіз қалмай, оң шешімін табар деген үміттеміз.

Риза МОЛДАШЕВА, ШҚО мәслихатының депутаты.


Ұқсас жаңалықтар

Семейде «Достық-2025» байқауының үздіктері марапатталды

19.12.2025
Семейде «Достық-2025» байқауының үздіктері марапатталды

Semeytany.kz - бүгін Семей қаласындағы «Ес-Аймақ» рухани орталығында облыстық этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық институттар арасында өткен «Достық-2025» байқауының жеңімпаздарын марапаттау...

Толығырақ...Details

Айзат Жұманованың ісі: сотта аурухана дәлізінде түсірілген видео көрсетілді

19.12.2025
Айзат Жұманованың ісі: сотта аурухана дәлізінде түсірілген видео көрсетілді

Semeytany.kz - Талдықорғанда 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Кезекті тыңдауда марқұмды облыстық ауруханаға жеткізген сәттің...

Толығырақ...Details

Үй маңындағы дүкендерге баға шектеуін алып тастау ұсынылды

19.12.2025
Үй маңындағы дүкендерге баға шектеуін алып тастау ұсынылды

Мәжіліс депутаты Олжас Нұралдинов қадамжетімділік (үй маңындағы) дүкендерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАЗТ) қатысты сауда үстемесін әкімшілік реттеуден босатуды...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ университеті ЖИ саласындағы халықаралық зерттеулерді ілгерілетуде бірегей мүмкіндікке ие екенін айтты

19.12.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ университеті ЖИ саласындағы халықаралық зерттеулерді ілгерілетуде бірегей мүмкіндікке ие екенін айтты

🟦Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастама көтергенін еске салды. Сондай-ақ БҰҰ университетіне осы ізгі істі...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы: «Жаһандық қауіпсіздік жүйесін ядролық қарумен ұстап тұруға болмайды»

19.12.2025
Мемлекет басшысы: «Жаһандық қауіпсіздік жүйесін ядролық қарумен ұстап тұруға болмайды»

🟦Ушыға бастаған ядролық қатер проблематикасына дәріс барысында айрықша назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев адамзаттың ядролық қарудан тартқан зардабын Қазақстан мен Жапония...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді»

19.12.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді»

🟦Мемлекет басшысы Қазақстанның беделді әрі сенімді серіктес ретінде кеңінен мойындалғанын айтты. – Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде «Достық-2025» байқауының үздіктері марапатталды

3 дня бұрын

Айзат Жұманованың ісі: сотта аурухана дәлізінде түсірілген видео көрсетілді

3 дня бұрын

Үй маңындағы дүкендерге баға шектеуін алып тастау ұсынылды

3 дня бұрын

Берік Уәли Семей жұртымен ашық жүздесті: инвестиция, жол, жылу және жаңа нысандар талқыланды

3 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ университеті ЖИ саласындағы халықаралық зерттеулерді ілгерілетуде бірегей мүмкіндікке ие екенін айтты

3 дня бұрын

Мемлекет басшысы: «Жаһандық қауіпсіздік жүйесін ядролық қарумен ұстап тұруға болмайды»

3 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді»

3 дня бұрын

2026 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өзгеріс енгізіледі

3 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады

3 дня бұрын

Токиода Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС