"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КҮН ТӘРТІБІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ

05.02.2019
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі, 30 қаңтар күні қалалық әкімдікте ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов, ардагерлер ұйымдарының төрағалары мен өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талдау, қалалық ардагерлер кеңесінің биылғы жұмыс жоспарын бекіту және Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерліктерін мәңгі есте қалдыру жолындағы «Ет комбинаты» ЖШС ардагерлерінің жұмыс тәжірибесін үлгі ету, сондай-ақ зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайларына қатысты мәселелер қаралды.

Басқосуда қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауындағы негізгі бағыттарды атап өтіп, міндеттер мен тапсырмаларға кеңірек тоқталды.

Биыл зейнетақы мөлшері 7 пайызға, базалық зейнетақы 5 пайызға өскен болатын. «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РҚМК ШҚО филиалының Семей қалалық № 2 бөлімшесінің басшысы Дархан Өтегеновтің айтуынша, биыл Семей қаласында зейнетақының ең төменгі мөлшері 36 мың теңге, ең төменгі базалық зейнетақының мөлшері 16 мың теңге болса, ең жоғары зейнетақы мөлшері 116 мың теңгені құрайды.

Ардагерлер кеңесінің мүшелері Семей ядролық сынақ полигонының әсерінен зардап шеккендерге қосымша төлем жасалатыны туралы ақпараттар тарағанын айтып, сұрақтар қойды. Бұл маңызды сұраққа қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова жауап берді.

— Әлеуметтік желілерде Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге қосымша төлем жасалады, жеңілдік билеттері болады, полигондық куәлікті қайта рәсімдеу керек деген сияқты хабарламаларды жиі көреміз. Бұл мәселе туралы жақында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми мәлімдеме жасады. Қазақстанда «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заң бар. Оған ешқандай өзгерістер енгізілген жоқ. Қаламыздағы қоғам белсенділері осы заңды жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстар әзірлеген болатын. Жақында өткен Парламент отырысында біздің аймағымыздан барған өкіл Жанна Жибраева осы ұсыныстарды жеткізді. Бүгінде заңнамаға өзгерістер енгізуге байланысты барлық ұсыныстар қаралып жатыр, — деді қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова.

Өткен жылы қаламыздағы «Қарағайлы» шипажайы қайта жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Бүгінде мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар ем қабылдауда. Жақын арада шипажай зейнеткерлерге де есігін айқара ашпақ.

— Өткен жылдың күзінде қаламыздағы «Қарағайлы» шипажайы пайдалануға берілген болатын. Орталық жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталған, емделушілерге білікті мамандар қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта зейнеткерлер де шипажайда демалып, емделуге мүмкіндік алатын болады. Ал қазіргі күні бұл орында мүмкіндігі шектеулі жандар ғана қабылданады,- деді Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі Айдар Самаев.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС