"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА ӘКІМІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ ЕСЕП БЕРДІ

05.02.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Знаменка, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Алғабас, Қараөлең, Абыралы ауылдық округтерінде халықпен кездесіп, 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, осы жылғы жоспарлармен бөлісті.

— Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, мал басының саны артты. Оның ішінде ірі қара мал — 7,8%-ға, ұсақ мал – 2,9 %-ға, жылқы саны 12,1%-ға артты. 2018 жылы 1 миллиард 7 миллион теңге субсидия төленді. Оның ішінде 821 миллион теңге мал шаруашылығы, 186 миллион теңге өсімдік шаруашылығы саласына бөлінді. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 256 бас ірі қара және 519 бас аналық ұсақ мал сатылып алынды. Біз ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстарды осы жылы да жалғастырамыз. Былтырғы жылы Қайнар ауылдық Мәдениет үйін жөндеуге 20 миллион 856 мың теңге бөлініп, толықтай игерілді. Алғабас ауылындағы әкімдік ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін 39 миллион теңге қаржы бөлініп, жұмыстар аяқталды. Бүгінде екі қабатты ғимаратта ауыл әкімдігі, клуб және басқа да бюджеттік мекемелер халыққа қызмет көрсетуде,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов тұрғындар алдындағы есебінде.

2018 жылы ауылдағы мектептерді жөндеуге 52 миллион 556 мың теңге бөлінген. Знаменка, Айнабұлақ, Приречный, Жарқын, Шақаман, Ақбұлақ, Алғабас, Абыралы, Бөкенші клубтарына және Қайнар Мәдениет үйіне 2 миллион 700 мың теңге қаражатқа сахналық киім мен музыкалық аппаратура алынды.

Биыл Жарқын, Новобаженово, Қайнар, Түріксіб ауылдарының мектептері жөнделеді. Бұл жұмысқа 11 миллион 700 мың теңге қаржы қарастырылған.

Осы жылы өңірдегі барлық шағын мектептерде IT-сыныптар ашу жоспарланып отыр. Оған 92 миллион теңге қаржы бөлінді.

2019 жылы Қайнар ауылындағы кітапханаға кітап сатып алуға қаржы қарастырылды. Бөкенші ауылдық клубына аппаратура алу жоспарда бар.

Қайнар аулындағы қоғамдық монша жөнделіп, халық игілігіне берілді. Ауылда көп жылдар бойы шешілмеген ауыз су мәселесі өткен жылы шешімін тауып, халық таза ауыз сумен қамтылды.

— Облыс әкімінің қолдауымен Семей өңірі дамып келеді, оны біз басылымдардан оқып, біліп отырамыз. Қарағайлы ықшам ауданында көп қабатты үйлер салынуда, жолдар жөнделуде. Мектептерде ІТ-сыныптар ашылып, роботехника дамуда. Дәрігерлер шетелдерде тәжірибе жинақтап, медицина саласына соңғы үлгідегі қондырғылар алынып жатыр. Ауыл мектептері де жөнделіп, балалардың сапалы білім алуына жағдай жасалуда. Ауылымызда мал саны артып, халықтың тұрмысы жақсарып келеді. Семей өңіріне қолдау көрсетіп келе жатқан облыс басшысы Даниал Ахметовке алғыс айтамыз,- деді кездесуде сөз алған Алғабас ауылының тұрғыны Мейрам Табелдин.

Ауылдарда өткен есептік кездесулерде тұрғындар өз ойларын ортаға салып, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Алдағы жоспарлар талқыланып, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.

Қала әкімінің баспасөз қызметі.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС