"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАТЕРЛІ ІСІК ДЕРТІ КӨБЕЙІП БАРАДЫ

08.02.2019
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде 1-10 ақпан аралығында, Дүниежүзілік обырмен күрес күніне орай, республикалық онкүндік өтеді. Осыған байланысты Семей қаласының Ядролық медицина және онкологиялық орталығында баспасөз отырысы өтті.

Қаламызда онкологиялық аурулардың алдын алып, емдеу шараларын жүргізетін Ядролық медицина және окологиялық орталығы жұмыс істейді. Жоғары мамандандырылған радиалогиялық орталық, Семей, Курчатов қалаларымен қатар, алты ауданға қызмет көрсетеді. Өкінішке қарай, статистика бойынша Шығыс Қазақстан облысы қатерлі ісік ауруларына шалдығатындардың саны бойынша көш бастап тұр.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда өткен жылы обырдың 35 700 жаңа түрі тіркелген. Халық арасында «аты жаман ауру» аталып кеткен бұл дерт ер-азаматтарға қарағанда нәзік жандылардан жиі анықталады екен. Қатерлі ісік ауруларының ішінде алдыңғы қатарда сүт безі обыры болса, екінші орында өкпе мен асқазанның қатерлі ісігі тұр. Семей өңірінде онкологиялық ауруға 60-69 жас аралығындағы адамдар жиі шалдығады екен. Жыл сайын өңірімізде қатерлі ісіккпен ауыратын 1500-ден астам науқас тіркеледі. Олардың 40 %-ы дерті дендеп, асқынған кезде, яғни обырдың соңғы кезеңінде келеді.

Елімізде 2017 жылдан бастап обырды ерте кезеңнен анықтау мақсатында үш скринингтік бағдарлама жүргізіледі. Онколог дәрігерлердің айтуынша, қазір тексеру арқылы онкологиялық ауруларды алғашқы сатысында анықтап, емдеуге мүмкіндік тууда.

— Жатыр мойны обырын анықтау үшін әр төрт жыл сайын скринингтік тексеру жүргізіледі. Еліміздегі нәзік жандылар үшін бұл өте маңызды. Ал келесі скрининг әр екі жыл сайын сүт безі обырын анықтау үшін және ерлер мен әйелдерге 50 жастан бастап ректалды обырға тексеру үшін жүргізіледі. Бұл үш бағдарламаның қатерлі ісікті ерте анықтап, өлім-жітім көрсеткішін азайтуда көмегі зор екені әлемдік стандарттарда да жоғары деңгейде дәлелденген, — деді Семей қаласының Ядролық медицина және онкологиялық орталығының стратегиялық даму жөніндегі сектор меңгерушісі Татьяна Белихина.

Бір қуанарлығы, кейінгі кезде онкологиялық аурулардың арасында өлім-жітім көрсеткішінің төмендеуі байқалады. Бұл ретте қалалық онколог мамандардың тәжірибелілігі, сондай-ақ орталық дәрігерлерінің шет мемлекеттердің білікті мамандарымен тәжірбие алмасуы, денсаулық сақтау саласына арналған мемлекеттік бағдарламалар оң ықпалын тигізуде. Бүгінде қаламыздағы Ядролық медицина және онкологиялық орталық дәрігерлерінің обырды ерте сатысында анықтап, заманауи ем жүргізуге мүмкіндігі бар.

— Бүгінде орталықта қатерлі дертті емдеу үшін заманауи брахитерапия емі жүргізіледі. Бұл әдіспен емдеу кезінде радиацияның дозасы ем алушының басқа мүшелерінің зақымдануына жол бермей, қатерлі ісікке тікелей әсер етеді. Мұндай технология әлемнің барлық елдерінде қолданылады деп айта алмаймыз, — деді Семей қаласының мемлекеттік мидицина университетінің клиникалық және радиастанциялық онкология кафедрасының меңгерушісі, профессор Тасболат Адылханов.

Онкүндік аясында қаламыздағы Ядролық медицина және онкологиялық орталықта бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Соның бірі — 9 ақпанда Ашық есік күні ұйымдастырылып, онколог дәрігерлер қаламыздағы 5 емхана мен Ядролық медицина және онкология орталығында тұрғындарды тегін қабылдайтын болады.

Әрбір адам үшін дертті асқындырып алмау өте маңызды. Сондықтан аурулардың алдын алу үшін Ашық есік күндерін пайдаланып, денсаулық жағдайын білу және скринингтік тексерулерден уақтылы өтіп тұру қажет.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС