"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОЛЖАС СОҒЫМБАЙ: ЖАСТАР ЖЫЛЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

08.02.2019
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауына байланысты Семей қаласында қандай істер атқарылмақ, жастарға арналған қандай жобалар қолға алынбақ? Бұл туралы қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Олжас Соғымбайдан сұрап білген едік.

– Олжас Амангелдіұлы, Семей өңірінде қанша жас бар? Жастардың негізгі мәселесі ретінде нені атар едіңіз?

— Менің пікірімше, Жастар жылы — жастарға түрлі түсті футболка кидіріп, қолдарына жалау ұстатып, флешмоб, акциялар ұйымдастыратын емес, олардың әлеуметтік статусын анықтайтын жыл. Жастар — мемлекеттің болашағы. Сондықтан біз олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге жан-жақты көмек көрсетіп, сапалы білім алуларына, өз мүмкіндіктерін толық пайдалануларына барлық жағдайды жасауымыз керек.

Бүгінде Семей өңірінде 85 мың жас тіркелген. Бұл — жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, жоғары сынып оқушылары, қаламыздағы жұмыссыз жастар мен ауыл жастары. Биыл осы жастардың барлық санаттарын қамтып, көптеген жұмыстар жүргізетін боламыз.

«Жастар – еліміздің келешегі, ал білімді жастар – мемлекетіміздің жарқын болашағы»,- деп Елбасымыз айтқандай, бірінші кезекте жас ұрпақтың сапалы білім алуына басымдық беруге тиіспіз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен білім гранттары саны артқанын білесіздер, сондай-ақ қала немесе аудан әкімінің білім гранттарын көбейтудің де маңызы зор. Жастардың білім алудан кейінгі өте өзекті мәселесі — алған біліміне сәйкес жұмыс табу. Бұл орайда «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен — ауылға» мемлекеттік бағдарламалары арқылы жас мамандарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік жасалып отыр. Біздің қоғамда «жұмыс жоқ» деген қате пікір қалыптасқан. Мысалы, биыл Жұмыспен қамту орталығы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында Семей қаласы бойынша 4 мың маманды жұмыспен қамтуға қауқарлы. Жастарға осы бағдарламаны түсіндіріп, жұмысқа тартуымыз керек.

— Бұл бағдарламалар қаншалықты тиімді жүзеге асуда?

— Менің ойымша, өте тиімді іске асырылуда. Мәселен, қазір қалалық Жастар ресурстық орталығында жұмыс істеп жүрген екі маман мемлекеттік «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жолдамамен жіберілген болатын. Белсенді болып, өздерін жақсы жақтарынан көрсете білгендіктен, біз оларды жұмысқа қабылдадық. Егер білімді, еңбекқор болса, жас маман алты ай ішінде өзін жан-жақты көрсете алады. Бұл — әрбір жас маманға беріліп отырған жақсы мүмкіндік. Олар болашақта мемлекеттік қызметке немесе басқа мемлекеттік органдарға жұмысқа тұра алады.

«Дипломен — ауылға» бағдарламасы да жастар үшін үлкен көмек. Ауылдық жерлерге медицина, білім беру және мәдениет саласына білікті жас мамандар қажет. Бағдарлама аясында баспанаға қол жеткізіп, әлеуметтік көмек алған жастар ауылды көркейтуге өз үлестерін қоса алады.

Семей өңірі бойынша 85 мың жас болса, оның 5 пайызы жұмыссыз. Бірақ осы 5 пайыздың ішінде, мекемеге жұмысқа тұрмағанымен, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер жастар бар.

— Жастар жылында жүзеге асырмақ жоспарларыңызбен бөліссеңіз…

— Қалалық ішкі саясат бөлімінің тікелей тапсырмасымен бір жыл ішінде бес әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Оның біріншісі — «Ұйымдаспаған жастармен жұмыс» атты әлеуметтік қызмет. Қазір көк базарда жалдамалы жұмыстар атқарып жүрген жастар осы топқа жатады. Міне, осы жастармен жұмыс жүргізіп, оларға түрлі мемлекеттік бағдарламаларды, жобаларды таныстырып, маңызын түсіндіріп, бағыт-бағдар беруді мақсат етіп отырмыз. Екінші жоба ауыл жастарының зияткерлік қабілетін арттыруға бағытталады. Бұл жоба аясында Семей қаласына қарасты 14 ауылдық округ пен кенттерде кездесулер өткізіп, ауыл жастарымен, жас мамандармен тығыз қарым-қатынас орнатамыз. Түрлі интеллектуалдық шаралар ұйымдастырып, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі — жастардың діни сауаттылығын арттыру. Жас буынның өзге діннің жетегінде кетпеуі үшін оларға діннің дұрыс-бұрыс жақтарының ашып айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Осыған байланысты Семей қалалық дін мәселелерін зерттеу орталығымен бірігіп жастардың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру мен жастар арасындағы құқық бұзушылық, нашақорлық, суицид деңгейін төмендетуге бағытталған әлеуметтік жоба ұсынып отырмыз. Аталмыш жоба аясында Алматы, Астана қалаларынан білікті теолог мамандар келіп, жат ағымның жетегінде кеткен жастармен кездесіп, пікірлеспек. Өкінішке орай, бүгінде теолог мамандары тапшы. Жастар білікті мамандардың ақыл-кеңестерін интернет арқылы ғана тыңдауға мәжбүр.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары аясында жастардың бойында рухани құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған келесі жобамыз қаламыздағы өнерлі жастарды қолдауға, оның ішінде көше өнерін дамытуға арналған. Көбіне біз театр, әншілік, ақындық өнерді насихаттай отырып, жеңіл әрі жастар арасында тез тарайтын көше өнерін қалыс қалдырып жатамыз. Бұл да өнер ғой. Сонымен бірге «Домбыра пати», «Асық пати» ұйымдастырып, қазақтың ұлттық спорт түрлерін, ұлттық ойындарын дамытуды қолға алмақпыз. Тек домбыра күні ғана емес, аптаның әр күнінде «Домбыра пати» өткізуге арналған алаң болса, нұр үстіне нұр болар еді.

Жастардың рухани жан дүниесін байытуға ықпал ететін бірден-бір құрал — әдебиет. Осы орайда біз жас ақын-жазушылармен, әдебиетшілермен әдеби сағаттар ұйымдастыру керек деп ойлаймыз. Қаламыздағы Абай, Мұхтар, Шәкәрім, тағы басқа ақындарымыздың ескерткіштерінің жанында тек туған күндерінде ғана емес, жай күндері де жастар жиылып өлең оқып, ой бөліссе, уақыттарын тиімді өткізер еді.

— Аталған бес жобадан тыс тағы қандай шаралар өткізу ойларыңызда бар?

— Әрине, бір реттік іс-шаралар ұйымдастыру да жоспарымызда бар. Мәселен, жас өнерпазарды қолдау мақсатында жастар театрлары арасында байқау өтеді. Байқауға қатысатын Семей өңірінің жастары жас отбасылардың ажырасуы, жастардың суицидке баруы сияқты қоғамдағы өзекті тақырыптарға арналған авторлық шығармалары негізінде пьеса сахналайтын болады. Отбасы құндылықтарын қалыптастыруға, сақтауға бағытталған «Шуақты шаңырақ» атты қалалық жас отбасылар сайысында «Ең үздік Семейдің жас келіні» анықталатын болады. Семей қаласы әкімінің кубогына арналған Республикалық «Жайдарман» ойындарын да өткізуді жоспарлап отырмыз. Ойынға, қаладағы командалармен қатар, республикаға танымал жайдарманшылар қатысады. Сондай-ақ жұмысшы мамандықтарын насихаттау мақсатында «WorldSkills Семей» атты жұмыссыз жастар форумы өтеді. «Ұлы даланың жеті қыры мақаласы» аясында қалалық «Жігіт сұлтаны» байқауын биыл ұлттық ат спортын насихаттау мақсатында өткізбекпіз.

Келесі шара «Рухты Семей street workout» деп аталады. Бүгінде Семей өңірінде тұрғындардың салауатты өмір салтын сақтауына қолдау көрсету үшін «Workout» алаңдары ашылып, пайдалануға берілуде. «Рухты Семей street workout» тунирін өткізу арқылы спортты жанына серік еткен белсенді жастарды анықтайтын боламыз. Жарыс облыстық деңгейде ұйымдастырылады. Сондықтан облыстық турнирге команда жасақтайтын боламыз.

Журналистер күні қарсаңында «Семей жас медия» атты жас журналистер форумын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет атқарып жүрген Семей өңірінен шыққан журналистер жетерлік. Форум аясында белгілі журналистердің шеберлік сыныптарын өткізуін ұйымдастырамыз.

Жастар жылын жыл соңында қала әкімінің қатысуымен өтетін «Жыл таңдауы — 2019» форумында түйіндейтін боламыз. Жалпы, Жастар жылы аясында бес әлеуметтік қызмет пен жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру үшін 12 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалады деп жоспарлап отырмыз.

— Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ. {jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

17 часов бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

18 часов бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

18 часов бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

18 часов бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

19 часов бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

1 день бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

2 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

2 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

2 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС