"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМДІ ҚОЛДАЙМЫЗ

08.02.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада қаламыздағы Абай кітапханасында «Жанұя орталығы» қоғамдық қоры мен қаланың белсенді азаматтары бірлесіп, «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысына 30 жыл толуына орай, «Ядролық қарусыз әлем үшін» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов, қалалық Қоғамдық кеңестің мүшелері мен жастар қатысты.

Семей ядролық сынақ полигоны халықтың денсаулығына, табиғи ортаға орасан зор зардабын тигізгені баршамызға аян. Алғашқы ядролық сынақ 1949 жылғы 29 тамызда өткізілді. Сол кезде жарылған бомбаның қуаттылығы жиырма екі килотоннаны құрайды. Осы сәттен басталған қазақ жеріндегі қасірет қырық жылға созылды.

— Семей ядролық полигонында жалпы саны 456 ядролық жарылыс болды. Олардың 116-сы жер бетінде немесе әуе кеңістігінде жасалса, 340 бомба жер астында сыналды. 1989 жылғы ақпан айында халықтың наразылық білдіруі нәтижесінде ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің басшылығымен «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысы құрылды. Қырық жылдан астам уақыттан кейiн, 1991 жылдың 29 тамызында, Елбасы Н.Назарбаевтың сынақ полигонын жабу туралы Жарлығы шықты. Еліміз ядролық қарудан азат, бейбіт ел атанды. 29 тамыз жыл сайын Халықаралық ядролық сынаққа қарсы iс-қимыл күнi ретінде аталып өтеді,- деді Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Жанна Жибраева.

Басқосуға жиналғандар ядролық сынақтардың зардабынан дүниеден өткен жандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қазақстанда «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заң қабылданған. Жиынға қатысушы қоғам белсенділері осы Заңға түзетулер мен толықтырулар енгізу жайлы ойларын ортаға салып, бүгінде күшіне ене бастаған Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне аударылатын қаржы ядролық сынақтан зардап шеккен адамдарға бюджет есебінен төленсе және экологиялық үстемақы зардап шеккендердің барлығына бірдей берілсе деген ұсыныстарын білдірді.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, «Семей таңы» {jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС