"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

12.02.2019
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ақпанның 7-8 күндері аралығында қала әкімі Ермак Сәлімов қаланың оң және сол жағалау тұрғындары алдында есеп беріп, Семейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, құрылыс, тұрғын үй, ауыл шаруашылық, медицина және өзге де салалар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Тұрғындар  тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, ұсыныс-тілектерін тыңдады.

ОФИЦЕРЛЕР ҮЙІНДЕ

Қала әкімі Ермак Сәлімов бейсенбі, 7 ақпан күні Офицерлер үйінде шаһардың сол жағалау тұрғындары алдында есеп берді.

Өткен жылы атқарылған жұмыстар мен бағындырған белестерді, алға қойған жоспарларды қала әкімі егжей-тегжейлі баяндады. Кездесу барысында шаһар басшысы 2018 жылы бюджеттің көлемі артып, барлық салалар бойынша көрсеткіштердің жақсарғанын атап өтті. Шаһардың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуы айқын байқалады.

— Өткен 2018 жылы «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында Новобаженово және Қайнар ауылдарының 3 442 тұрғыны таза ауыз сумен қамтылып, Шүлбі кентінің су бұру жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоңғар және Потанин көшелеріндегі жеке тұрғын үйлерге су құбыры желілері салынды. Еуропалық қайта құру және даму банкімен әріптестік шеңберінде тұрғындарды сумен қамту жобасы іске асуда. Өткен жылы несиелік қаржының алғашқы іріктеуі жүзеге асырылды. Ағымдағы жылы шаһарды жылумен жабдықтау және көшені жарықтандыру жобаларын іске асыру басталып, ЕҚДБ қаражаты есебінен 6 млрд. 560 млн. теңге және мемлекеттік бюджеттен 805 млн. теңге бағытталмақ. Нәтижесінде 26 км-ге жуық жылу жүйесі, 12 км су құбыры, 5 км-ден астам кәріз желілері, 7 296 дана көше шамдары ауыстырылады. Кәріз дюкерлерін реконструкциялау мәселесі де шешілді. Бұл бағытта республикалық бюджеттен 400 млн. теңге бөлінген,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Шаһар басшысы сонымен қатар сол жағалауда құрылысы тоқтап тұрған мешіттің бой көтеруіне өткен жылы жергілікті кәсіпкер қолдау білдіріп, құрылыс жұмыстары қайта жанданғанын және 2020 жылы пайдалануға берілетінін айтты.

Негізі 2008 жылы қаланған нысанның құрылысы бұған дейін әртүрлі себептерге байланысты тоқтатылған болатын. Ермак Бидахметұлының айтуынша, қалалық әкімдіктің қолдауымен мешіт ғимараты сумен қамтылып, электр желілерімен жабдықталады.

Тұрғын үй құрылысын жандандыру — қала өміріндегі маңызды бағыттардың бірі. Бұл ретте Қарағайлы ықшам ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде.

— Өткен жылы Қарағайлы ықшам ауданы көп қабатты тұрғын үй құрылысы жүретін негізгі аудан ретінде айқындалып, су, жарық, электр желілерімен қамтамасыз етілді. Бүгінде бұл ауданда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 12 көп қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Биыл тағы 12 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын бастау көзделіп отыр. Өткен жылы қаламызда 16 тұрғын үй пайдалауға беріліп, 944 отбасы баспаналы болды,- деді қала басшысы Е.Сәлімов.

Ермак Бидахметұлы 2018 жылы «Менің аулам» жобасын іске асыру аясында 611 млн. теңге сомасына 9 аула аумағы мен тұрғын үйлердің кварталішілік жолдары абаттандырылғанын да атап өтті. Сондай-ақ қала басшысы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, білім беру, дене шынықтыру саласындағы жеткен жетістіктерді саралап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Қала басшысының баяндамасынан соң сұрақтарға да кезек берілді.

«Поколение» қоғамдық бірлестігінің өкілі Альберт Перемыкин:

— Өткен жылы су тасқынынан тұрғындардың зардап шеккені баршаға мәлім. Биылғы көктем мезгілінде су деңгейі көтерілуінің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр ма?- деп алаңдаушылығын жасырмады.

— Бұл бағыттағы негізгі шаралар Шүлбі суэлектрстанциясының су жіберу режімінің сақталуына байланысты. Өткен жылы тұрғындар су тасқынынан зардап шекті. Биыл біз бұған жол бермейміз. Қазгидромет, Ертіс бассейндік инспекциясы және Ертіс ГЭС басшыларымен бірге жағдайды бақылап отырамыз, — деп жауап берді Е.Сәлімов.

Семейлік спортшы, дзюдодан ҚР чемпионы Жасұлан Абиев «Қаражырада» көмір кенішінде уақытша жұмыс істеп жүргенде қайғылы қазаға ұшыраған болатын. Қала басшысының есептік кездесуіне арнайы келген Жасұланның анасы Гүлнар Абиева қала әкіміне сот үкімі әділ болмағанын айтып, көмек сұрады. Оның айтуынша, полиция ұлының өліміне қатысы бар деп тек бір адамды қамауға алған.

— Менің ұлым Жасұлан Абиев «Қаражыра» көмір кенішінде осыдан үш ай бұрын кісі қолынан қаза тапты. Мәйітіне қарап, ұлымды жалғыз адам өлтірді дегенге мүлдем сенуге келмейді. Мен Сізден өтініп сұраймын, менің балам не үшін өлтірілгенін анықтап беріңізші. Бірінші қорғаушымыз іске араласудан бас тартты. Екіншісі де нақты іске кіріспеді. Міне, бүгінде үшінші адвокатпен жұмыс бастадық. Ұлымның өліміне қатысты адамдар анықталмай отыр. Осыған назар салыңызшы, — деді Г:Абиева.

Ермак Бидахметұлы жағдайды бақылауға алуды қаланың прокуроры М.Досмағанбетовке тапсырды.

Ал 6 жастағы қызын автобус қағып кетіп, баласынан айырылған Аят Кульсеитов соттың әділ шешім шығармағанын айтты.

— Бұл оқиға өткен жылдың жаз мезгілінде орын алған болатын. 6 жастағы қызымды №48 бағыттағы автобус қағып кетіп, көз жұмды. Бірақ автобус жүргізушісі жазаға тартылмастан, 23 қаңтар күні қылмыстық іс жабылып қалды. Қызымды ажал құштырған адам әлі де сонда жұмыс істеп жүр, — деді Аят Кульсеитов.

Аят Кульсеитовке қаламыздағы екі прокуратура қызметкері жауап берді. Біріншісі жазатайым оқиға қыздың өз кінәсінен болғанын айтса, енді бірі істі жабу туралы шешімді ішкі істер органының тергеушісі қабылдағанын, шешімнің заңдылығы тексеріс үстінде екенін айтты.

Жастық шағын ауданының тұрғыны Гаухар Төлеубаева:

— Юность көшесіндегі қоқыс жәшіктерінің маңайында қаңғыбас иттер көп жүретіндіктен, балалары үшін алаңдайтынын айтып, шара қолдануды өтінді.

— Бұл мәселе біздің назарымызда. Биылғы жылы қаңтар айында 729 қаңғыбас ит құрықталды,- деп жауап берді Семей қаласының ветеринария бөлімінің басшысы Мұратхан Алдашұлы.

ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫНДА

Қала әкімі Ермак Сәлімовтің Семей жұртшылығына кезекті есеп беруі өткен жұма, 8 ақпан күні Қалалық Мәдениет сарайында жалғасты. Бұл жолғы кездесуінде шаһар басшысы қаланың оң жағалауы тұрғындары алдында есеп берді. Жиынға облыс басшысы Даниал Ахметов қатысты.

Семейдің әлеуметтік, экономикалық, өндірістік даму көрсеткіштерін, тұрғын үй, білім, құрылыс, абаттандыру салаларын баяндаған Ермак Бидахметұлы тұрғындар өтінішіне құлақ түрді. Сауал жолдау үшін кезекке тұрғандар саны осы жолы да көп болды. Ермак Бидахметұлы барлық өтініш-тілектерді ден қоя тыңдап, мүмкіндігінше жауап берді. Тұрғындар тарапынан жолданған ешбір сұрақ жауапсыз қалмайтынын, айтылған ұсыныстарға орай арнайы тексеру жұмыстары жүргізілетінін айтты.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовке Семей қаласының тұрғыны Фарид Ишмұхаметов:

— Әлемде газбен жабдықтау үрдісі басталғалы әлдеқашан. Қазақстанда да бұл үрдіс байқалуда. Ал полигоннан зардап шеккен Семейде газ құбыры қашан тартылады?– деген сауал жолдады.

Даниал Кенжетайұлы сауалдың орынды екенін, облыста газбен қамту жұмыстары қолға алына бастағанын жеткізді.

— Зайсанның газымен Тарбағатай, Зайсан, Күршім аудандарын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Сіздің сауалыңыз бос сөз емес, орынды. Газбен қамтуды жүзеге асыру бағытында әрекет етудеміз,- деді Даниал Кенжетайұлы.

Кездесуде сөз алған Арсен Құдабаев атты тұрғынның:

— Даниал Кенжетайұлы, екі жыл бұрынғы халыққа есеп беруіңізде дюкерлерді жөндеу 2018 жылы жүргізілетінін айтқан болатынсыз. Жөндеу жұмыстары аяқталды ма? — деген сұрағына аймақ басшысы 2018 жылы қаржы бөлінбегенін, биыл ғана бюджеттен 400 млн. теңге қарастырылғанын айтты.

— Дюкерді жөндеу жұмыстары 2020 жылы аяқталады. Бюджеттің жеткіліксіздігі кәсіпкерлердің салықты уақтылы төлемеуіне де тікелей байланысты. Мәселен, біз Алакөл жағалауында абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргіздік. Көл жағалауындағы кәсіпкерліктен шамамен 12 млрд. теңге түссе, бюджетке төленіп отырған салық 37 млн. теңге ғана,- деп жауап берді.

Тұрғынның екінші сауалы қаланың санитарлық жағдайы мен қоқыстарды шығару мәселесіне қатысты болды. Бұл сауалға шаһар басшысы Ермак Сәлімов жауап берді:

— Қазір Семейде қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен 12 компания айналысады. Шаһар бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап төгуге арналған контейнерлер қойыла бастады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді,- деп жауап берді.

342-ші квартал ауданындағы тұрғын үйлердің ПИК басшысы Лариса Смирнова аталған аудандағы 18 көп қабатты тұрғын үйде 1 ғана балалар ойын алаңы орналасқанын айтып, жаңа алаңқайлар салынса деген өтінішін жеткізді. Сондай-ақ ауданды жарықтандыру мен жолын жөндеуді назарға алуды сұрады.

— Қала көшелерін жарықтандыруды қолға алу мақсатында өткен жыдың екінші жартысынан Еуропалық қайта құру және даму банкімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Биылғы жылы аяқталады деп ойлаймын, — деді Е.Сәлімов.

Жүргізушілердің атынан сөз алған Петр Чуркин есімді тұрғын автоЦОН ауданындағы айналмалы жол мәселесін көтеріп, Семейде жол жөндеу жұмыстары қолға алынғанын, дегенмен аталған аудандағы айналмалы жолдың жайы көлік жүргізушілеріне үлкен қиындық туғызып отырғанын айтты. Ермак Бидахметұлы бұл мәселені назарға алатынын жеткізді.

— Комсомол кенті ақсақалдары атынан депутат Қайрат Құсайыновқа, қала әкімі Ермак Сәлімовке және ШҚО әкімі Даниал Ахметовке алғыс білдіремін. Комсомол кентінде көптен бері жарық мәселесі шешілмеген еді. 2017 жылы аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлының қолдауымен кентке жарық тартылды. Биыл су мәселесі реттеліп жатыр. Комсомол кентінің ақсақалдары сіздерге дән риза. Сол кісілердің ақ батасын сіздерге жеткізу үшін келдім. Жұмыстарыңызға жеміс, отбасыларыңызға амандық тілеймін,- деді Комсомол кенті тұрғындары атынан алғыс білдіруші азамат.

Екі сағатқа созылған есептік кездесуде тұрғындар, әлеуметтік мәселелерді көтерумен қатар, материалдық қолдау көрсетуді де өтінді. Олардың біразын қала әкімі жеке қабылдайтынын, барлық сұрақтар арнайы жиында талқыланып, жазбаша түскен сұрақтармен бірге жауаптар қайтарылатынын жеткізді.

Кездесуді аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы қорытындылады:

— Соңғы төрт жыл ішінде Семейдің бюджеті 33 млрд. теңгеден 77 млрд. теңгеге дейін көтерілді. Жылу мәселесі, жиырма жыл бойы болмаған ыстық су мәселесі шешілді. Абаттандыру, тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді. Семейге айына бір мәрте келіп, тапсырмаларымның орындалу барысын бақылап отырмын. Бұл бағытта сіздермен бірге әлі де жұмыс істей береміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,- деді Д.Ахметов.

Сонымен, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің тұрғындар алдындағы дәстүрлі есебі мәресіне жетті. Семейліктер есептік кездесу кезінде көкейде жүрген сауалдарына қала басшысынан жауап алды, өтініштерін жеткізді.

Семейліктер шаһар басшысы Ермак Бидахметұлының өткен 2018 жылы атқарған істерін оң бағалап, биылғы жұмысына сәттілік тіледі.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

18.09.2025
Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

Жетісай ауданында атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК) тағайындау үшін жергілікті атқарушы органмен құрылған комиссия «атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес» деген...

Толығырақ...Details

Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

18.09.2025
Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

Semeitany.kz - Қарағанды облысында жолаушылар пойызы мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам оқиға орнында қаза тапты. Оқиға 17 қыркүйек күні...

Толығырақ...Details

Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

18.09.2025
Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

Semeytany.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға орта...

Толығырақ...Details

Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

18.09.2025
Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

Semeytany.kz - Абай облысында 79 жоба әзірленіп, оның 33-і даму жоспарына сай кезең-кезеңімен іске асады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде...

Толығырақ...Details

Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

17.09.2025
Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

Semeytany.kz – Жапонияда жаңадан құрылған «Жаңғыру жолы» (Path to Rebirth) партиясы жетекшілік қызметті жасанды интеллектке жүктейтінін мәлімдеді. Мұндай шешім партияның...

Толығырақ...Details

Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

17.09.2025
Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

Semeytany.kz - Абай облысы Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі Германияның «MICHEL METALLBAU GmbH & Co. KG», «A&E NENASCHEW GMBH...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысы Түркістандағы «Орталық Азия – Корея» форумында өңір әлеуетін таныстырды

12 часов бұрын

Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

13 часов бұрын

Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

15 часов бұрын

Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

15 часов бұрын

Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

16 часов бұрын

Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

1 день бұрын

Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

1 день бұрын

Бір аптада екі бас жүлде: Абай театры халықаралық сахналарда топ жарды

1 день бұрын

Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту әдебі жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынды

1 день бұрын

Киелі жерлер — өзара құрмет пен халқымыздың мәдени саналуандығының символы — Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС