"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА

12.02.2019
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ШҚО-ның аудандары мен қалаларында «Жүректен жүрекке» акциясы белсенді жүргізіліп жатыр.

Жергілікті әкімдіктердің ұйымдастыруымен және кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін түсінген меценаттар ғана емес, жай ғана жомарт жүректі жандар облыс аумағындағы көпбалалы аналар мен жалғыз басты қамқорлықты қажет ететін қарттарға азық-түлік, қысқы отын-су, екіншісі тұрмыстық жабдықтармен, көпбалалы жанұя балаларына мектеп құралдарын алып беріп көмек көрсетуде…

СЕМЕЙ

Әлеуметтік желіде қала тұрғындарының көп балалы отбасыларға көмек көрсетуі жан-жақты қолдау табуда. Жомарт Кәрімжанов бастаған «Охотники.kz» пен «Хамир Электромонтаж» ЖШС осы демалыс күндері 4 көпбалалы анаға материалдық көмек көрсеткен.

— Біз уақытымызды бөліп отбасыларға қуаныш сыйладық.  Барлық қала тұрғындарын бірігіп, көмек көрсетуге шақырамын. Біз біріксек күшпіз!- деп жазады Жомарт Кәрімжанов. «Жастар ресурстық орталығы» бірнеше көпбалалы аналарды өз қамқорлығына алды. Ауладағы қарды тазалауға көмектескен жастар мұнымен шектелмей, мұқтаж отбасыларға азық-түлікпен де жәрдемдесті.

Қалалық білім бөлімі 50-ге жуық көпбалалы отбасыға көмек көрсетуді жоспарлап отыр.  Бүгін № 38 орта мектеп ұжымы бірнеше анаға қол ұшын созды.  Жексенбі күні бұл акцияға тағы 15 оқу орны қосылып,  педагогикалық ұжымдар 23 отбасыға материалдық және қаржылай көмек көрсетті.

Қалалық Мәдениет үйінің ұжымы да жақсылық жасаудан тыс қалмады. Әртістер 5 бала тәрбиелеп отырған 2-топтағы  мүгедек отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, үй маңын қардан тазалап берді.

Қайырымды істің тізгінін ұстаған еріктілер,  жергілікті тұрғындар игі бастаманы қолдап, көпбалалы аналарға  барынша көмек көрсетеді деп үміттенуде. Айта кетейік, Семейде  атаулы әлеуметтік көмек алатын 221 көпбалалы отбасы тұрады.

***

Семей жастары өрт сөндірушілермен бірге 200-ден астам жеке тұрғын үйді аралады.

Демалыс күндері Семейде ауа температурасы 34 градустан төмен көрсеткішке жетті. Үскірік аязға қарамастан, Жастар ресурстық орталығының өкілдері ТЖ басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып профилактикалық рейдке шықты. Облыс және қала басшыларының тікелей тапсырмасымен өткен шараға қатысушылар бірнеше сағат ішінде 200-ден астам отбасын аралады. Өрт сөндірушілер жылыту пештерінің дұрыстығын тексерсе, ерікті жастар көпбалалы отбасылар мен жалғыз басты зейнеткерлерге қандай көмек қажет екенін анықтады.

Қалалық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Олжас Соғымбай рейд барысында көпбалалы отбасыларға баса назар аударылғанын мәлімдеді. – Олар, негізінен, ауладағы қарды тазалауға көмек сұрайды. Тұрғындардың барлық өтініштерін тіркеп отырамыз. Бұл бағыттағы жұмыс қыс кезеңінің соңына дейін жалғасатын болады.

Бүгінде волонтерлік көмек жақсы дәстүрге айналып отыр. Жақында еріктілер қала аялдамаларында ерекше акция өткізген болатын. Тұрғындарға ыстық шай ұсынып, ауыр сөмкелері бар зейнеткерлерге қол ұшын созған жастар халық ризашылығына бөленді.

Арнайы көліктер мен аулаларды аралаған өрт сөндірушілер, қала тұрғындарының өртке қарсы шараларды сақтап, балаларды үйде жалғыз қалдырмау қажеттігін ескертті.

ҮРЖАР

«Жақсылық жаса» акциясы Үржар ауданында кең қанат жайды. Бүгінде аудан әкімі Серік Зайнулдиннің басшылығымен көпбалалы отбасылар үшін қайырымдылық шаралары ұйымдастырылуда.

8 баланың анасы Дина Шариповаға Абылайхан даңғылы бойынан 3 бөлмелі пәтер берілген болатын. Алтын алқа иегері Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа, облыс әкімі Даниал Ахметов пен аудан басшысы Серік Зинабекұлына алғысын білдіруде.

Аудандық ішкі саясат, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен аудандық Жастар орталығы, БАҚ өкілдері көпбалалы аналар Людмила Бойко, Ольга Алекбаева, Айгүл Досболова мен Эльмира Кебетаеваның шаңырағына барып, азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етті. Жеке кәсіпкер Әнет Тұрлыбеков көмір түсіріп берді. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауданның белсенді жастары аталған отбасылардың аулаларына көмірлерін кіргізіп, есік алдын қардан тазартып берді. Айта кетейік, осындай игілікті істер Жоғарғы Егінсу ауылында да жалғасып, «Саябақ» шаруа қожалығы аз қамтылған көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіп, азық-түлік себеттерін таратты. Қарабұта ауылы да бұл істен шет қалмады. Жалпы, аудан бойынша аталмыш акция белсенді түрде іске асуда.

ТАРБАҒАТАЙ

Тарбағатай — қашанда жақсылық жасауда белсенділігімен көзге түсіп жүрген аудандардың бірі. Аудан әкімі Ділдабек Оразбаевтың басшылығымен атқарылып жатқан қайырымдылық шаралары аз емес. Солардың қатарында жергілікті кәсіпкерлердің тегін көмір мен азық-түлік таратып жатқаны да көпке үлгі боларлық игі іс.

Тарбағатай ауданының тумасы Бәделхан Камалханұлы Сабуров — туған жерге жақын жүретін, жақсы істердің бастамашысы, еліне қамқор азаматтардың бірі. Бәделхан Камалханұлы өткен аптада туған жерінде болып, 13 көпбалалы отбасының әрқайсысына соғымға бір-бір бас жылқы сойып, қайрымдылықтың тағы бір үлгісін көрсеткен екен.

АЯГӨЗ

Аягөз жастарының қайрымдылыққа жаны құмар. Бұлай айтуымыздың өзіндік себебі бар. Осындай шараларды Жастар ресурстық орталығы алғаш ұйымдастырып отырған жоқ. Бұл жолы көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттерін үлестірді. Айта кету керек, шараға «Арғын», «Ерсан», «Биғасыл», «Али» дүкендерінің иелері демеушілік білдірді.

КӨКПЕКТІ

Көкпектіде аудан әкімінің бастамасымен және жергілікті кәсіпкерлерлердің қолдауымен көмекке мұқтаж тұрғындарға қайырымдылық шаралары белсенді түрде жүргізілуде.Самар ауылдық округінде көпбалалы аналарды және аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында «Жақсылық жаса» акциясы бастау алды. Алғашқылардың бірі болып Самар балалар өнер мектебінің ұжымы көпбалалы ана Ларицкая Натальяға көмек көрсетті.

Сондай-ақ аудандағы Маринагорка, Палатцы, Бастаушы ауылдық округінде де ауыл тұрғындарының бастамасымен көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету шаралары ұйымдастырылуда. Көпбалалы Монголхан Оюунанның отбасына да көмек көрсетілді.

АБАЙ

Абай ауданында «Жақсылық жаса» акциясы аясында азық-түлік дүкендерінде Әлеуметтік бұрыштар ұйымдастырылып, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға тегін азық-түлік таратылуда.

БЕСҚАРАҒАЙ

Қайырымдылық акциясы аясында Беген ауылының жастары көпбалалы отбасыларға сүт және сүт өнімдерін таратса, Глуховка ауданында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға «NS» сұлулық салоны тегін шаштараз қызметін көрсетті. Қарағайлы ауылында көпбалалы ана Наталия Тихоноваға жәрдем көрсетілсе, Баталовтар отбасы Виталия Ревинаға, ЖК «Саттарова» Анар Акимова мен Гүлмира Қалқаманға, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі А.Шакенова, П.Борисенко және А.Искаковаға, ЖК «Нұрғалиева Индира Жанболатқызы» көпбалалы ана Қанат Омарованың отбасына және өзге де ұжымдар қайырымдылық көмек көрсетті. Қарабас ауылдық округі әкімі аппараты ұжымы көпбалалы ана Самал Тукубаеваның отбасын ағаш отынмен қамтамасыз етті.

Акциядан Бесқарағай ауданының студенттері мен оқушылары да шет қалмай, қар тазалау жұмыстарына белсене қатысты.

«Семей ақпарат» {jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС