"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАРИФ АРЗАНДАДЫ, ТӨЛЕМ НЕГЕ ҚЫМБАТ?

15.02.2019
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде коммуналдық қызметтер тарифі арзандағанымен, тұрғындардың айтуынша, биылғы жылдың қаңтар айында жылу мен ыстық судың ақысы өткен жылға қарағанда әлдеқайда жоғары болған. Семейліктерді толғандырған осы сауал төңірегінде апта сәрсенбісі, 13 ақпан күні баспасөз мәжілісі өтіп, қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков, «Жылукоммунэнерго» МКК директоры Расылхан Жолдасов және «Семей — Водоканал» МКК директоры Еркен Сағандықов журналистер сауалына жауап берді.

Қала әкімінің орынбасары Николай Ушаковтың айтуынша, өткен 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап су үшін төленетін тариф 5 пайызға, ал жылу 1 қыркүйектен 2,7 пайызға төмендеген. Соған қарамастан қала тұрғындарының көпшілігі биылғы жылдың қаңтарындағы төлемнің өткен жылмен салыстырғанда артық екенін айтып шағымданған. Мамандар қаңтар айында жылу есебі көп болуының негізгі себебін өткен айда биылғы жылдағы ең төмен ауа райы көрсеткішінің тіркелуімен байланыстырады.

— Мұның басты себебі – қаңтарда күннің аязды болуы. Қазгидромет ұсынған ресми мәліметтерге көз жүгіртсек, 2018 жылдың 12 ақпанында топырақтың қатуы 45 см-ді құраса, биылғы жылдың 13 ақпанында 63 см болып отыр. Семейде 24 желтоқсаннан бастап аяз жүргенін баршамыз жақсы білеміз. Ал соңғы бір жұма көлемінде термометр көрсеткіші 34 градусқа дейін төмендеп, өткен аптада аяз 40 градусқа дейін жетті. Бұл күндері қазандықтар толық қуаттылықта жұмыс істеді,- деді Н.Ушаков.

Жылу тарифінің 2,7 пайызға төмендеуіне байланысты, биылғы қыс маусымында жылу мен ыстық су үшін төленген төлем өткен жылмен салыстырғанда 50 млн. теңгеге, ал «Семей — Водоканал» МКК абонеттік төлемі  3 миллион 750 мың теңгеге аз есептелініпті.

— Тариф төмендемей тұрып семейліктер 1 гигакалория жылу үшін 4134 теңге төлеп келсе, 1 қыркүйектен бастап 4020 теңгеге дейін арзандады. Яғни осыған дейін 1 шаршы метр 157 теңге болса, қазір 152 теңгеден есептелуде. Есептеуіш аспаптан көрсеткішті алу әр айдың 21-нен 23-не дейін жүзеге асырылады. Әр айдың басында өткен айдың түбіртектері толығымен таратылады. Тарифтегі өзгерістер туралы түбіртекте жазылған, — дейді «Жылукоммунэнерго» МКК сату бөлімінің басшысы Гауһар Жетпісбаева. Оның айтуынша, есептеуіш құрал орнатқан тұрғындар әлдеқайда аз төлем жасаған.

— Қазір қала тұрғындарының 84 пайызы есептеуіш құралды пайдаланады. Бұл — тиімді әдіс. Есептеуіш құрал қойылған тұрғындардан қаңтар айында 1 шаршы метр жылу орта есеппен 130-140 теңгеден, желтоқсанда 110 теңгеден, ал қазан және қараша айларында 60-70 теңгеден есептелінді. Жалпы жылу маусымын алып қарасақ, құрал қойылған абоненттерде төлем 30 пайызға үнемделген, — дейді Г.Жетпісбаева.

«Жылукоммунэнерго» МКК көмірмен толығымен қамтамасыз етілген.  5 ақпанға дейін күн сайын 35 вагон көмір келіп түссе, 7 ақпаннан бері қалаға тәулігіне 45 вагон көмір тасымалдануда.

— Қаланың оң жағалауындағы «Ғаббасова», «103» және «103 А», «Шіркеу», «35-квартал», «Зоовет-институт» қазандықтарында жылу мен ыстық су қуаттылығының жеткіліксіздігі байқалады. Яғни қала орталығы мен шет аймақтарында жылу қуаттылығы баяу. Сол себепті де осы аймақтарда ауа температурасы -27 градусқа төмендегенде, пәтердің едәуір салқындағаны сезіледі, — деген Николай Ушаков «103» жылу қазандығының істен шығуына қатысты да пікір білдірді.

— «103» жылу қазандығын жөндеуге қалалық бюджеттен қаржы бөлінді. Осы сенбіде пайданалуға беріледі. Сонымен қатар бірінші және төртінші қазандықтарды және «103А» қазандығындағы үшінші қазандықты жөндеуді жоспарлап отырмыз. Үшінші жылу қазандығының қуаттылығын арттыру мәселесін қараймыз. Бұл қазандық қалпына келтіріледі не болмаса жаңа жылу қазандығын орнату үшін жоба әзірлейміз. Ол 14 гКЛ орнына 20 кКЛ жылу бөліп, бу қазаны емес, су жылытатын қазан болады. Сондай-ақ 250-260 млн. теңге қаржыға «Зооветинститут» қазандығына қайта жөндеу жүргізіледі, — дейді Н.Ушаков.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

17 часов бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

18 часов бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

18 часов бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

19 часов бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

19 часов бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

1 день бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

2 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

2 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

2 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС