Қаладағы Татар өнер мектебі бұрынғы «БанкЦентрКредит» ғимаратына ие болды. Бұл туралы time.kz хабарлады.
Ғимаратты сатып алуға 120 млн. теңге қаражатты Татарстан Республикасы бөлді. Мектептегі ән айту, хореография, фортепиано, гитара, домбыра және скрипка үйірмелеріне жүзден астам түрлі ұлттардың балалары келіп қатысады. 1997 жылы салынған бұрынғы татар мектебі бүгінде келушілеріне таршылық етуде, сондықтан қаладағы Татар өнер мектебінің директоры Ғабдулхак Ахунжанов Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесуі барысында ғимарат сатып алуға көмектесуін өтінген болатын. Бірнеше күн бұрын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Дүниежүзілік татарлар конгресінің Атқару комитетінің төрағасы Ринат Закировпен және Татарстан Республикасының Қазақстандағы төтенше өкілі Денис Валеевпен Өскеменде кездесті. Олар Шығыс Қазақстанға Татарстан президентінің тапсырмасы бойынша келген. Енді Татар өнер мектебі бұрынғы «Банк ЦентрКредит» ғимаратына көшеді
Семей ақпараттық орталығы.{jcomments off}