"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘКІМ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

19.02.2019
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сенбі, 16 ақпан күні шаһар басшысы Ермак Сәлімов қала әкімінің есеп беру жиынында ұсыныстарын айтқан тұрғындармен кездесіп, сауалдарына жауап берді.

— Өздеріңіз білетіндей, есеп беру кездесуінде уақыт шектеулі және толық жауап беруге мүмкіндік бола бермейді,- деп атап өтті Ермак Бидахметұлы.

Кездесуге 20-ға жуық тұрғын шақырылып, жеке сұрақтары талқыланды. Бобровка кентінің тұрғыны Манап Тоқтарұлы аталған кенттегі су мәселесін шешіп беруді өтінді. Құдық суының сапасыздығын айтып, орталықтандырылған сушүмек (колонка) орнатылса деген тілегін жеткізді.

— Еріген қар суы аулаларға кіріп кетеді. Кентте қар шығару жұмыстары жолға қойылса екен. Жол жөндеуге де көңіл бөлсеңіздер,- деді тұрғын.

Ал Аққу ауданында спорт алаңын орнатуды сұраған Аянғали Нұрахметовке қала әкімі мәселе осы жылы шешілетінін айтты. Бұл аудандағы балалар үшін жаз шыға Workout алаңдары салынбақ.

Кездесуде сөз алған Нина Гладышева да өз сұрағына толық жауап алды. Зейнеткер есеп беру кездесуінде бұрынғы Семей ядролық сынақ  полигонынан   зардап шеккен тұрғындар үшін оңалту орталығын ашу туралы сөз қозғаған болатын. Орталықтың қажеттілігі  туралы зейнеткердің ойымен келіскен  Ермак Бидахметұлы  бұл мәселені біртіндеп шешуді ұсынды.  Ең алдымен  қалалық бюджет есебінен жобалық-сметалық құжаттама жасалатын болады.

«Шығыс» кентінің  сол жақ саяжай тұрғыны Үміт Қалиева кентке су құбыры тартылып, жол жөнделсе, мектеп пен балабақша салынса деген кент тұрғындарының өтінішін жеткізді.

— Шығыс кентінің сол жақ саяжайында тұратын 1117 отбасы электр энергиясын 3 трансформатор арқылы алып отыр. Тоқ күші жетіспегендіктен, жарық жиі өшіп қалады. Электр энергиясы «Шығысэнерготрейд» ЖШС мекемесі арқылы берілсе деген өтініш айтамыз. Ауыз суды тұрғындар өздері қазған құдықтан алып ішуде. Судың сапасы нашар болғандықтан, өзге саяжайлардан су тасуға мәжбүрміз. Сондықтан саяжайға орталықтандырылған колонка орнатып берсеңіздер. Оқушылар мектепке баратын жолға тым болмағанда құм себіліп, грейдермен тазартылса,- деді Ү.Қалиева.

Жиын барысында кент тұрғындарының 80 пайыздан астамы қоқысты шығару бойынша келісімшартқа отырмағаны белгілі болды.  Е.Сәлімов әр мәселенің жеке талқыланатынын, жақын арада кент тұрғындарымен кездесу өткізетінін жеткізді.

Семей қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, қоғам белсендісі Николай Исаев қала әкімінің есеп беру кездесуінде орталық автовокзалдың жер учаскесін жеке тұлғаға сатудың заңды еместігін айтып, мәселені қайта қарауды ұсынған болатын. Бұл сұраққа қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Дамир Рахымжанов жауап берді. Оның айтуынша, істі қайта қарау үшін қалалық сотқа арыз беріледі.

— Заңға сәйкес, жер жалға ғана беріледі. Ал Уәлиханов көшесі ортақ пайдалануға жатады. Жуырда өтетін қалалық мәслихат сессиясында жер комиссиясының құрамы қайта құрылады. Біз комиссия құрамына Николай Исаевты да ұсынамыз. Мәселені бірге қарайтын боламыз,- деді Дамир Рахымжанов.

Дүйсен Ибраев атты тұрғын Затон ауданындағы 1 микрорайон тұрғындарының жылу мен суық суы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мекемесінің қарауына, электр желілері ШҚ АЭК құзыретіне алынуын сұраған болатын. Тұрғынның айтуынша, электр мен жылу желілері қазір иесіз тұр. Ермак Бидахметұлы аталған мәселелердің шешімін табатынын айтып, орынбасары Николай Ушаковқа басшылыққа алуды тапсырды.

Роллан Машпиыков атты азаматтың мемлекеттік тіл мәртебесі туралы сауалына қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина жауап берді:

— Қаладағы барлық мемлекеттік мекемелердің қасбетінде мекеме атауы екі тілде жазылған. Бұл бағытта арнайы комиссия да жұмыс істейді. Көшелерде ілінген жарнамалар мен баннерлерде орын алған қателіктерге байланысты бөлім тарапынан ескертулер жасалып отырады. Ал мемлекеттік тілді үйрету мәселесіне келсек, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Кез келген қала тұрғыны бұл орталықта қазақ, орыс, ағылшын тілдерін тегін үйрене алады. Соңғы уақытта латын графикасы мен емле ережесі де оқытылуда,- деді Н.Аққожина.

Кездесу барысында тұрғындардың барлық сауалдарына жауап берілді. Көбіне қаланың шет аудандарындағы тұрғындар қоқыс шығару, контейнерлер орнату, су тасқынының алдын алу, су тарту, жол жөндеу, балалар ойын алаңдарын салу мәселелерін көтерді. Ермак Бидахметұлы қалалық бюджеттің мүмкіндігіне қарай жұмыстар жүргізілетінін, тұрғындардың бірде-бір мәселесі назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС