Осы демалыс күндері Семей қаласының өлкетану қоғамы өзінің 15 жылдығын атап өтті. Мерейтой құрметіне орай ұйым мүшелері Абай атындағы кітапханада көрме ұйымдастырды.
— Мен өлкетану қоғамының қызметімен етене таныспын,- деп атап өтті құттықтау сөз алған Ермак Сәлімов. – Қуаныштарыңызға ортақпыз. Сіздер бізге үлгі бола білдіңіздер. Еңбектеріңізге табыс, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!
Өлкетанушылар қала әкіміне қоғамның мүшелік билетін табыс етіп, Ермак Бидахметұлына алғыс білдірді. Өз кезегінде қала басшысы өлкетану қоғамына барынша қолдау көрсетуге уәде берді.
Өлкетанушылар 15 жыл бойы жинаған олжаларын көрмеге қойып, қонақтардың назарына ұсынды. Осы жылдар ішінде олар бүкіл өңірді аралап, 300-ге жуық археологиялық және ғылыми экспедицияларға қатысқан.
Семей ақпараттық орталығы.{jcomments off}