"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ — ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

21.02.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Газетіміздің 19 ақпан күнгі №14 санында «Мемлекеттік қолдаудың басты мақсаты – өмір сапасын жақсарту» атты тақырыпта облыс әкімі Даниал Ахметовпен сұхбат жарық көрген болатын. Көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға облыстық бюджеттен қандай көмек көрсетілетіні жайлы кең көлемді осы сұхбаттан кейін аймағымыздың ой-қырында тұратын көпбалалы аналардан алғысқа толы хаттар ағылып келуде. Бүгін сол хаттардың бір тобын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Зайсан

АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің «Мемлекеттік қолдаудың басты мақсаты — өмір сапасын жақсарту» тақырыбымен «Семей таңы» газетіне берген сұхбатын оқып шыққаннан кейін, облысымызда көпбалалы, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларды қолдауға бағытталған шаралар жүргізіліп жатқанына нақты көз жеткіздім. Өткен жылы осындай отбасыларды қолдауға бюджет қоржынынан 1,5 млрд. теңге қаражат бөлінсе, биыл бұл қаражаттың көлемі 1,6 млрд-қа көбейтіліпті. Бұл, әрине, үлкен қолдау. Өзім жеті баланы өмірге әкеліп, Мемлекет басшысының Жарлығымен «Алтын алқамен» марапатталған анамын. Бүгінде тұңғыш ұлым Отан алдындағы борышын өтеп, ортамызға оралса, екінші қызым Алматы қаласында, ҚазМУ-дің студенті. Үш балам мектеп жасында, Нұртөре, Жантөре атты егіз ұлдарым екі жаста болғандықтан, өзім солардың күтімімен, тәрбиесімен айналысамын. Отағасы Манарбек — қарапайым шаруа адамы. Көпбалалы жанұя болғандықтан, округ бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатындардың қатарындамыз. Ауылдық округ әкімшілігі тарапынан әрдайым көмек көрсетіліп келеді. «Мектепке жол» акциясы аясында балаларым киім-кешекпен қамтылса, ауылдағы кәсіпкерлер мереке күндерінде азық-түлік себеттерін тарту етіп тұрады. Әкімшілік бір тонна тегін көмір түсіріп береді. Мұның өзі менің отбасым үшін үлкен көмек.

Мемлекет тарапынан, облыс әкімі тарапынан аз қамтылған, көпбалалы жанұяларға нақты қолдаулар көрсетіле бастағанына өте қуаныштымын. Облыс әкімі Даниал Ахметов жақында ғана «Семей таңы» газетіне берген сұхбатында шығыстағы көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында игілікті шаралар қолға алынып жатқанын айтты. Бұл қуанышты хабар көңілімізді марқайтты, өмірге деген құлшынысымызды арттырды. Сұхбатты оқи отырып, облысымызда көпбалалы отбасыларды жан-жақты қолдаудың кешенді жоспары жасалатынынан хабардар болдым, нақтылы жұмыстар атқарылатынына көз жеткіздім. Даниал Ахметов алдағы уақытта көпбалалы және ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата–аналары балабақшаның төлемдерінен босатылатынын айтып, бұл бағытта жүргізілетін жұмыстарды түсіндіріп берді. Тұрмыс деңгейі төмен отбасылардың балаларына мектеп формалары тегін берілмек. Бұл бізге көрсетілетін көмектің бір парасы ғана. Аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлына көпбалалы аналардың айтар алғысы шексіз.

Айнұр БЕКБАЕВА, «Алтын алқа» иегері, Шілікті ауылы.

Тарбағатай

ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫНА ҚАМҚОРЛЫҚТЫ СЕЗІНДІК

Мен сегіз баланың анасымын, Тұғыл ауылында тұрамын. Жұмыссыз емеспіз. Жеке шаруашылығымыз бар. Жұмысы бар адам ешкімге кіріптар болмайды. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан шағын кәсібін дамытамын деген азаматтарға берілетін несиені пайдаланып, шаруашылығымызды жандандыра түсу ойымызда бар. Бұл күндері көпбалалы аналарға мемлекеттік қамқорлықты жетілдіру мәселесінің өткір қойыла бастағанынан хабардармын.

Жуырда облыс әкімі Даниал Ахметовтің «Семей таңы» газетіне берген сұхбатымен таныстым. Өңір басшысымен болған әңгімеде Риза Асанқызы қалың бұқараның көңілінде жүрген әлеуметтік маңызы зор, ең негізгі сұрақтарға жауап алуға тырысқан.

Облыс басшысының балалы-шағалы отбасылар мәселесін шешуге бағытталған іс-шаралары көпбалалы ана ретінде мені қатты қызықтырды. «Біз Білім министрлігіне көпбалалы отбасыдан шыққандарға жеңілдіктер қарастыруды енгізу туралы өз ұсынысымызды жолдадық. Шешім оң болады деп сенеміз»,- дейді Даниал Кенжетайұлы.

Сонымен бірге облыс әкімі университеттерде кадр дайындау мақсатымен гранттар бөлу жалғаса беретінін, соңғы екі жылда 646 грант бөлінсе, биыл тағы 400 грант бөлінетінін, егер де бірдей жағдайлар туындай қалса, басымдық көпбалалы отбасыдан шыққан жастарға берілетінін де қадап тұрып айтыпты. Көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан және мүгедек балалар балабақшамен тегін қамтылып, балаларымыздың мектеп формасы мен ыстық тамағы, жазғы демалысы облыстық бюджет есебінен өтелмек. Міне, мұндай қамқорлыққа қалайша разы болмасқа! Көпбалалы ана ретінде облыс әкімі тарапынан атқарылып жатқан іс-шараларға көңілім толып отыр.

Әсел АКРАМХАНОВА, Тұғыл ауылы.

Абай

КӨҢІЛДЕ  ЖҮРГЕН  САУАЛДАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

Шығыс Қазақстан облысына кеңінен тарайтын тарихи басылым «Семей таңы» газетінің әр санын асыға күтеміз. Ауылдың тыныс-тіршілігін, көпбалалы отбасылардың проблемаларын жетік білетін газет тілшілерінің әрбір мақаласы маған да ой салып, толғандырады. Әсіресе аталған басылымның 14-ші санында жарық көрген облыс әкімі Даниал Ахметовпен арадағы кең көлемді сұхбатты мұқият оқып шықтым. Сұхбатта облыс көлемінде ана мен балаға, тұрмысы төмен отбасыларға жасалып жатқан қамқорлық, алда атқарылар істер жан-жақты сөз болған. Облыс әкімі Елбасы тапсырмаларының қалай орындалып жатқаны жайлы бүкпесіз әңгіме қозғаған.

Өзімізге қатысты әрбір жаңалыққа біздің құлағымыз түрік жүреді. Аналардың жанайқайы Президентімізге де жетті. Қазір Үкімет пен министрлікте сең қозғалды. Алда үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдіміз. Мен алты баланың анасымын. Жолдасымның тұрақты жұмысы жоқ. Менің алатын аздаған жәрдемақым мен жолдасымның ақшасы тақыл-тұқыл күн кешуге ғана жетеді. Жақында ауданның қоғамдық ұйымдары мен мейірімді жандар қол ұштарын созып, көмір түсіріп берді. Азық-түлік жағынан да көмек көрсетті. Әрине, бұл — қамқорлықтың бір нышаны. Бізге түбегейлі қамқорлық керек. Өз қолыңның өзіңе жеткеніне не жетсін, шіркін! Бұл күндер де алыс емес. Мен бұған сенемін. Барлық аналар осы сәтті асыға күтеді.

Қарлығаш БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ, Қарауыл ауылы.

Көкпекті

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН ҮМІТ ОЯНДЫ

Мен 1977 жылы Көкпекті ауылында дүниеге келдім. Бүгінде 3 ұл және 3 қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы анамын.

Облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің «Семей таңы» газетіне берген сұхбатынан халықтың әл-ауқатын жақсартуға, әсіресе көпбалалы аналарды қолдауға арналған жобалар жайлы біліп, балаларымыздың болашағына деген сеніміміз арта түсті. Сұхбатта көпбалалы отбасыларға өз бизнесін бастау үшін 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі қайтарымсыз грант берілетіні жайлы айтылған екен. Бұл – біз үшін таптырмас мүмкіндік. Ауданымыздағы көпбалалы отбасылар мұндай мүмкіндікті жібермей, балаларының жағдайын жасау үшін өз кәсіптерін ашуға әрекет етуге тиіс. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдаудың өңірлік бағдарламасы жасалатыны да жағымды жаңалық болып отыр. Яғни біз сияқты отбасыларға арналған игі шаралар жалғаса береді деген үміттеміз. Осы орайда Көкпекті ауданының әкімі Асхат Смаиловтың тарапынан да мемлекеттік қызметшілер мен жұмыс берушілерге тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларды қолдауға арналған шаралардың жоспарын жасауға тапсырма берілді. Көпбалалы отбасын қолдайтын бірыңғай бағдарлама қабылданып, нақты іс-шаралар жүзеге асырылатын болса, жағдайымыздың жақсарары сөзсіз.

Әлия ТАСҚАЙРАТОВА, Көкпекті ауылы. {jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС