"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРІЛДІ

21.02.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына өзгерістер енгізілді. Сейсенбі, 19 ақпан күні Семей қалалық әкімдігінде ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Жәния Жүмжүменова кәсіпкерлермен және мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өткізіп, заңға енгізілген өзгерістерді түсіндірді.

Елбасы 2018 жылдың 26 желтоқсанында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді. Заңды іске асыру үшін Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алулар Ережелеріне өзгерістер енгізді.

— Биылдан бастап мемлекеттік сатып алу саласында көптеген өзгерістер қолданысқа енді. 2019 жылғы 1 қаңтардан барлық мемлекеттік сатып алулар веб-порталда мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес жүзеге асырылады. Енді мемлекеттік сатып алу порталында сатып алуға қатысатын кәсіпкерлер goszakup.gov.kz порталы қызметі үшін ақы төлейтін болады. Сатып алу қорытындысымен келіспегендер бұрынғыдай қалағанынша шағымдана алмайды. Бір көзден сатып алудың шекті сомасы 100-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі. Бұл маңыздылығы аз жұмыстар мен қызметтер бойынша сатып алу рәсімдерін айтарлықтай жеңілдетеді. Бұл норма бюджеті шағын тапсырыс берушілерге қатысты. Заңға сәйкес, осы норма 2021 жылға дейін қолданылады.  Бұл ауыл әкімдіктерінің мемлекеттік сатып алуларды өткізу бойынша тәжірибелерін қалыптастыру үшін енгізілді. Бұған қоса баға ұсыныстарын сұрату кезінде тапсырыс берушілерге тауарлардың фирмалық атауларын көрсетуге құқық берілді. Бұл сапалы тауарларды сатып алуға мүмкіндік береді,- деді ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Жәния Жүмжүменова.

Заңда «демпингтік баға» ұғымына және оған жол бермеуге нақты түсінік берілген. Ережеге сәйкес, конкурсқа қатысушылар құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша шекті өлшем — 10%, жобалық-сметалық құжаттаманы және техникалық-экономикалық негіздемені жобалау бойынша — 15%, техникалық қадағалау қызметтері бойынша 15%-ға дейін бағаларын төмендете алады. Бұл конкурстық баға ұсыныстарының теңдігіне әкеледі. Шартты бағалар тең болған кезде жұмыс тәжірибесі бар және салықты уақтылы төлеген компанияларға басымдық беріледі. Төленген салық сомасы бойынша жеткізушіні таңдау критерийі алғаш рет енгізілгенін атап өту керек.

— Сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында бір көзден сатып алудың үлесі қысқарды. Яғни, бір көзден сатып алудың 53 негізінен 5-еуі алынып тасталды. Атап айтқанда, табиғатты пайдалану құқығын сатып алу; бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлестерді сатып алу; монетарлық қызметті, сондай-ақ Ұлттық қорды және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін сатып алу; Үкімет бекіткен тізбе бойынша Қазақстанның халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстанның мүшесі саналатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; Қазақстан халқының мәдени мұра нысанын (тарих және мәдениет ескерткішін) сақтау жөніндегі жұмыстардың жүргізілуіне техникалық және авторлық қадағалау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу түрлері бір көзден сатылып алынбайды. Тапсырыс берушілер сатып алу өткізілмеген жағдайда, қайта өткізуге міндеттелді,- дейді Жәния Дүйсебайқызы.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы» {jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС