"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ҮКІМЕТ ЖАРЫЛҚАЙ МА?…

26.02.2019
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Аптаның дүйсенбісі жаңа Үкіметтің қайта жасақталуымен басталды. Сағынтаев Үкіметі тарағаннан кейінгі халықтың күткені де осы жаңалық болатын.

ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында Елбасы Н.Назарбаев Премьер-министр лауазымына осы кезеңге дейін Үкімет басшысының орынбасары қызметін атқарған Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынып, депутаттар бір ауыздан мақұлдады.

Биліктің сан түрлі баспалдағынан өткен Асқар Ұзақбайұлы бірінші вице-премьер лауазымында 2016 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет етіп, Үкімет  тараған уақытта Премьер-министрдің  міндетін атқарды. Айта кетерлігі, Мамин басқаратын ендігі Үкімет ең сындарлы шаққа тура келді. Осыған дейінгі Үкімет көпбалалы аналарды әлеуметтік қамту, жұмыссыздық сынды өзекті мәселелерді шешуде өткір сынға ұшырап, соңы Президент Үндеуінен кейін таратылуға әкелген болатын. Ал А.Маминнің сол Үкіметтің құрамында қызмет атқарғанын ескерсек, күрмеулі мәселелердің ендігі шешімі қалай болар екен деген сұрақ туындайды. Дегенмен көптің көңілінен шығып, әсіресе бір кездері өзі бастамашы болған шекаралы аймақтарды дамыту сынды кезек күттірмес шараларды жүзеге асыруда Маминнің Үкіметінен үміт бар.

Мұнымен қатар Парламент қабырғасындағы отырыста Сенат депутаттары Ұлттық банк төрағалығына қаржы саласында елеулі еңбек өтілі бар Ерболат Досаевтың кандидатурасын қабылдады. Ал аталмыш лауазымда осыған дейін қызмет еткен Данияр Ақышев Мемлекет басшысының рұқсатымен отставкаға кетті.

Жаңа Үкіметке қатысты тағы бір жаңалық — елімізде Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қайта құрылды. Сондай-ақ, Жарлыққа сәйкес, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қысқартылып, оның функциялары бұрынғы Қоғамдық даму министрлігіне тапсырылды. Осылайша, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі пайда болды. Осы орайда «бұл өзгерістер не үшін қажет болды?» деген заңды сауал туындайды. Онсыз да нақты ресми статусы жоқ, бұған дейін де сан түрлі министрлік қарамағында болған журналистер қауымы құқықтық, әлеуметтік қамқорлықты әлі де қажет етумен келеді.

Жасақталып жатқан жаңа Үкімет құрамында жаңа тағайындаулар әлі де орын алуда.

Десек те елдің елеңдей күткені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орны болатын. Бұл лауазымға Елбасының Жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарған Бердібек Сапарбаев тағайындалды. Б.Мәшбекұлы 2007-2009 жылдары аталмыш лауазымда  қызмет атқарып, бірқатар реформаларды сәтімен жүзеге асырғаны белгілі. Ендеше, әлеуметтік салада жағымды жаңалықтар орын алар күн алыс емес деген үміт бар.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің жаңа құрамы:

Смайылов Әлихан Асханұлы — Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова – Қазақстан республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары;

Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Күләш Ноғатайқызы Шамшидинова – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Сапархан Кесікбайұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы — Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі;

Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев — Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев — Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Роман Васильевич Скляр — Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

Руслан Ерболатұлы Дәленов — Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі;

Бекетаев Марат Бақытжанұлы — Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Біртанов Елжан Амантайұлы — Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі; Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы — Қазақстан Республикасының цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев — Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

«СТ — ақпарат». {jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

20 часов бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

21 час бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

21 час бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

21 час бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

21 час бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

1 день бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

2 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

2 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

2 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС