"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕРЛЕС ҚАЛАМГЕРДІҢ КЕШІ ӨТТІ

26.02.2019
83
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 23 ақпан күні Абай театрында жазушы-журналист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, ұзақ жылдар республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Семей қаласындағы меншікті тілшісі қызметін атқарған Дәулет Сейсенұлының 70 жылдық мерейтойына және шығармашылығының 50 жылдығына арналған кеш өтті. Кешке қала әкімі Ермак Сәлімов, академик Ғарифолла Есім, профессор Тұрсын Жұртбай, «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, қаламгер, ақын Бауыржан Жақып және Дәулет Сейсенұлының әріптестері, достары, қала тұрғындары қатысты.

Дәулет Сейсенұлы – қазақ әдебиетінде өзіндік орнын қалыптастырған жазушы-журналист, драматург, Семей қаласы мен Абай ауданының Құрметті азаматы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры. «Жұлдыздар сөнбейді», «Қазақтың саны қанша», «Семей елі. Семей жері», «Шежірелі Шыңғыстау», «Шәкәрім» ғұмырбаяндық шығармаларының, «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» деректі еңбегінің және әр қилы тақырыптарды қамтитын 7 драмалық пьесаның авторы.

Кешті Қазақстан Жазушылар одағының Семей қалалық филиалы төрағасы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Мерей Қарт жүргізіп отырды. Кеш шымылдығы Абай атындағы қазақ-музыкалық драма театры әртістерінің Ербол Жуасбектің режиссерлігімен сахналанған Дәулет Сейсенұлының «Жәнібек ән салады» пьесасымен ашылды. Жазушының сондай-ақ жан-жақты талант иесі Жәнібек Кәрменовке арналған деректі кітабы «Фолиант» баспасының «Нар тұлға» сериясынан жарық көрген болатын.

— Құрметті Дәулет Сейсенұлы, Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі 70 жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Сіз көп жылдар бойы Семей өңірінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына зор үлес қосып келесіз. Қазақ журналистикасы, әдебиеті және драматургия саласындағы орасан еңбегіңіз көпшілік қауымның ыстық ықыласына ие болды. Семей мен Абай халқының Сізге деген құрметі ерекше. Бүгін, міне, 70-тің белесіне тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. Құрметті Дәулет аға, мерейтой қарсаңында Сізге шығармашылық табыс, зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық құт-береке тілеймін!- деген қала әкімі Ермак Сәлімов мерейтой иесінің иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Кеш барысында облыс әкімі Даниал Ахметовтің, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Райхан Ахметованың және өзге де әріптестерінің құттықтау хаттары оқылды. Профессор Ғарифолла Есім, «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, жерлес қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Мейір Ескендіров, өнертанушы Кенжеғали Мыржықбаев, Абай ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Тәттібеков Дәулет Сейсенұлын мерейтойымен құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады.

Әндер шырқалып, Дәулет Сейсенұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасалды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС