"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОНЖЫЛДЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ: ҰЛТТЫҢ ЖАҢА ИГІЛІГІ

01.03.2019
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сәрсенбісінде Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы, Ұлт Көшбасшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен партияның кезекті XVIII съезі болып өтті. Еліміздегі жетекші партияның 20 жылдығына арналған съезге өңірлік конференцияларда сайланған делегаттар, Парламент депутаттары, ұлттық компаниялар басшылары, жастар құрылымдары, бастауыш партия ұйымдары, БАҚ өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, партия ардагерлері қатысты.

Кезекті съезде Мемлекет басшысы «Онжылдық перспективалары: ұлттың жаңа игілігі» тақырыбында әлеуметтік сала басты бағдар етілген баяндама жасады.

Сондай-ақ съезд отырысында партияның 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламасы қабылданды.

Съездің ашылу салтанатында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев алғашқы сөзді Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынды.

 

— Құрметті делегаттар және  съезд қонақтары!

Қадірлі партияластар!

Баршаңызды «Нұр Отан» партия-сының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

1999 жылғы 1 наурыз егемен еліміздің жылнамасына партиямыздың негізі қаланған күн ретінде енді.

Тарих өлшемімен қарағанда бұл – көп уақыт емес, бірақ біз үшін тұтас дәуірге пара-пар.

Ғасырлар тоғысындағы күрделі экономикалық жағдай тез арада дұрыс таңдау жасауымызды талап етті.

Тәуелсіздігімізді нығайтып, мықты мемлекет құру үшін бізге батыл әрі маңызды реформалар жасау керек болды. Әйтпесе өркениет жолына бастайтын әлемдік даму көшінен қалып қоятын едік. Осындай ұлы мақсатты көздеген «Нұр Отан» партиясы халықтың сенімін ақтап, орнықты ілгерілеуімізді қамтамасыз ететін бірден-бір саяси күшке айналды. Сындарлы жылдарда жанымнан табылып, биік белестерді бағындыруға атсалысқан партияластарыма алғысымды білдіремін. Мен бүгін өздеріңізбен бірге атқарған жұмысымызды қорытындылап, болашақ бағдарымыз туралы ой бөліссем деймін.

Ең алдымен, қол жеткізген жетістіктерімізді айшықтайтын нақты фактілерге тоқталайын. Еліміздің экономикасы айтарлықтай өсті. Сыртқы сауда айналымының көлемі 9 еседен астам артты. Қазақстанға шетелден 320 миллиард долларға жуық тікелей инвестиция тартылды. Азаматтарымыздың кірісін 16 есе көбейттік. 141 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бүкіл елімізде әлеуметтік маңызы зор жаңа инфрақұрылым нысандары бой көтерді. 1 400 заманауи аурухана, емханалар мен амбулаториялар, 2  865 жаңа мектеп, колледждер мен балабақшалар ашылды. Мұның бәрі – бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі. «Нұр Отан» мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға ықпал етіп, сайлаушылардың сенімін ақтап келеді.

Жаңа уақыт алдымыздан жаңа сын-қатерлерді тартып отыр, әлем перманентті турбуленттілік жағдайына дендей еніп бара жатыр. Бұл жағдай рухымызды түсіріп, болашақ алдында жүрексінуге себеп болмауы тиіс. Кез келген дағдарыс түрлі сілкіністермен қатар жүреді, сонымен бір мезгілде өсуге қажетті кеңістік қалыптастырып, мүмкіндіктер терезесін ашады. Бастысы — дамудың дұрыс бағытын таңдап, қоғамды алға қойған мақсаттарға жұмылдыра білу.

Кез келген экономикалық жетістіктер мен геосаяси жеңістер, әрбір адамның әл-ауқатының артуына әкелмесе, оның үлкен мәні де, құны да болмайды. XXI ғасырдағы мемлекеттердің орнықты даму формуласы мен өркендеуінің құпиясы осында жатыр.

Біз даму шығындарын төмендетпей, мұқтаждарға көмектесуге тиіспіз. Биыл әлеуметтік салаға республикалық бюджеттің барлық шығыстарының 45 пайыздан астамы бағытталды. Сонымен бір мезгілде бізде белгілі бір теңсіздіктер мен әлеуметтік бөлікте проблемалы нүктелер пайда болды. Осыған байланысты мен Ұлттық қордан азаматтарымыздың өмір сапасы мен әл-ауқатын арттыруға қаражат бөлу жөнінде шешім қабылдадым. Үкімет осы мақсатқа бөлінетін шығыстарды дұрыс әкімшілендіруі тиіс.

Әлеуметтік саясат теңгерімді болуы әрі масылдық көңіл-күйдің өсуіне жол бермеуі тиіс. Съезд барысында айтылғандай, Президенттің тапсырмасына орай партия ел азаматтарын ерекше толғандырар мәселелерге сараптама жүргізген. Олардың қатарында бірінші кезекте балалар жәрдемақысын көтеру, көпбалалы отбасылардың жағдайын жақсарту, баспанамен қамту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту сынды басқа да мәселелер тұр. Осынау орайда, Президенттің айтуынша, бұларды шешудегі партияның елеулі үлесі үш бағыттағы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру арқылы көрінбек. Бұлар:

1. Табысты арттыру және халықтың аз қамтылған бөліктерін қолдау.

2. Табысы төмен азаматтардың баспана мәселесін шешу және білім беру, денсаулық сақтау салаларын жақсарту.

3. Өңірлерді кешенді дамыту.

— БІРІНШІ.  Бүгінде қазақстандық отбасылардың әл-ауқат деңгейін көтеру шараларын күшейту маңызды. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1  миллионнан астам азаматтық қызметшілерді тікелей қамтиды, — деп атап көрсеткен Мемлекет басшысы 2019 жылғы 1 шілдеден бюджеттік саланың төмен жалақылы жұмыскерлерінің еңбекақысын 30 пайызға дейін арттыруды; аудандық, облыстық деңгейлерде тікелей азаматтармен жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі қызметкерлерінің еңбекақысын 25 пайызға көтеруді тапсырды. Бұл мақсатта 2019-2021 жылдары қосымша 980 миллиард теңге бөлінеді.

— Жүргізіліп жатқан реформаның нәтижесін әрбір отбасы алыс болашақта емес, дәл бүгіннен бастап сезінуі тиіс.  Әсіресе көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту қажет деп санаймын. Бүгінде елімізде шамамен 340 мың отбасының төрт және одан көп баласы бар. Балалы отбасыларды қолдауға жыл сайын 500 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінеді. Бұл отбасылардың табыс деңгейі әртүрлі. Сондықтан мемлекет бірінші кезекте табысы төмен көпбалалы отбасыларға айрықша қамқорлық танытып, назар аударуы қажет. Қазіргі кезде мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмекті 111 мыңнан астам отбасы (571,6 мың адам) алады. Аз қамтылған, әсіресе көпбалалы отбасыларды қамту аясын кеңейту үшін Үкіметке атаулы көмек көрсету өлшемдерін ең төменгі күнкөріс шегінен (14849 теңгеден 20789 теңгеге дейін) 70 пайызға дейін арттыруды тапсырамын.

Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар балалы отбасыларды адрестік қолдау үшін көпбалалы отбасындағы әрбір балаға төленетін ең төменгі төлемді 20  789 теңге көлемінде белгілеу керек. Әлеуметтік көмек тағайындаудың барлық үдерістері барынша жеңілдетілуі және проактивті форматқа көшірілуі тиіс.

Осындай отбасылардың жиынтық табысын есептегенде көпбалалы отбасылар мен көпбалалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, мүгедектігі үшін балаларға берілетін жәрдемақы, стипендия сияқты жекелеген жәрдемақыларды есепке алмау керек. Нәтижесінде, 2019 жылы 830 мыңнан астам адам, соның ішінде 550 мың бала атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылады. Сондай-ақ мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршылар мен отбасыларға (тұлғаларға) жәрдемақыны 30 пайызға көтеруді тапсырамын.

Бұл шара 100 мыңнан астам адамды қамтиды. Оны жүзеге асыруға 2019-2021 жылдары қосымша 300 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу тапсырылып отыр.

Бұл ретте, әлеуметтік көмек көрсетудің негізгі қағидаты әлеуметтік келісімшарт және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысуы болып қала бермек. Осы жайында айтып өткен Мемлекет басшысы әкімдерге әрбір отбасына баруды және көмекке мұқтаждарды қолдау шараларын өңірлік мүмкіндіктерді ескере отырып, жергілікті бюджет есебінен күшейтуді тапсырды.

Елбасы өз сөзінде толық емес көпбалалы отбасыларға үйде отырып жұмыс істеуге жағдай жасау, ал ауылдағы көпбалалы отбасыларға гранттар мен шағын несиелердің жекелеген квотасын бөлу қисынды болмақ деп атап өтті. Бұл жұмыстарды Үкімет пен әкімдер «Нұр Отан» партиясымен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп жүзеге асыруы тиіс. Бұл ретте әкімдер мұқтаж отбасыларға көмектің өңірлік бағдарламаларын «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында қайта қарауы керек.

— ЕКІНШІ. Білім беру және денсаулық сақтау салаларын жақсарту және баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды да белсендіру керек. Үкіметке, негізінен, көпбалалылар қатарындағы аз қамтылған отбасылар үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырамын. Бұл мақсатқа таяу жеті жылда қосымша 50 миллиард теңге жыл сайын бөлу қажет.

Сонымен қатар табысы төмен көпбалалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар үшін баспана алудың қолжетімділігін арттырған жөн. Азаматтардың осы санаттары үшін тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайызбен тұрғын үй қарыздарын ұсынудың жеңілдікті тетіктерін әзірлеуді тапсырамын. Тұрғын үй жинақ банкіне осы мақсатқа жыл сайын 50 миллиард теңге бөлінетін болады.

Президент атап көрсеткендей, еліміздегі әрбір өңірде ең кемінде бір озық ЖОО және 10 заманауи колледж болуы тиіс. Оқу орындары тиімділігінің басты көрсеткіші – түлектердің жұмысқа орналасуы. Еліміздің әрбір тұрғыны білімді және денсаулығы мықты болуы тиіс. Сондықтан, тұрғылықты жеріне қарамастан, сапалы денсаулық сақтау қызметіне қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.

— Отандық медицина, ең алдымен, профилактика мен саламатты өмір салтын ынталандыруды бағдар еткені жөн. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі мен бастапқы медициналық-санитарлық көмек шығыстары денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемінде 40-тан 60 пайызға дейін ұлғайтылуы тиіс. Бұл – әлемдегі барлық дамыған елдердің тәжірибесі. Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосымша 120 миллиард теңге бөлуді тапсырамын,- деді Елбасы. Мұның нәтижесінде 7 өңірде жылына 100 мың пациентті қамтитын стационарлық-медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігі арта түсетін болады.

— ҮШІНШІ, бүкіл еліміз бойынша өмір сапасын жақсартуға бағытталған өңірлік саясатты жүзеге асыра бастау қажет. Бізде өңірлердің дамуында айтарлықтай айырмашылықтар байқалады. Неліктен бір облыстарда жолдар жақсы, ал басқаларында жаман? Неліктен бір жерлерде ТКШ тұрақты жұмыс істейді, екіншілерінде дәл ондай емес? Шын мәнінде жұмыс істейтін, адамдардың проблемаларын білетін және шешетін әкімдер бар. Халықпен кездесулерден ат-тонын ала қашатын және өңір халқының қажеттіліктері мен мұқтаждықтарына жүрдім-бардым қарайтындары да кездеседі. Әкімдерге халыққа жақын болып, оның игілігі үшін бәрін істеуге ұмтылу керек.

Соңғы жылдары республикалық автокөлік желілері құрылысы бойынша аса зор, тарихи маңызды жұмыстар жүргізілді. Тұтастай алғанда, біз 12,5 мың км автомобиль жолы мен 2,5 мың км темір жол, теңіз порттарын салдық және жөндеуден өткіздік. Әрине, автобандар салған маңызды, бірақ үйге дейін жол салған одан да маңыздырақ. Заманауи жергілікті жолдар желісін кеңейту – бұл Үкіметтің шешуші міндеті, оның орындалуын партия бақылауына алуы тиіс. Аталған мақсаттарға қосымша 350 млрд. теңге бөлуді тапсырамын. Бұл шаралар 2025 жылға қарай облыстық және аудандық маңыздағы автожолдардың 95 пайызын жақсартуға жәрдемдеседі.

Өңірлік көлік инфрақұрылымдарының барлық нысаны, оның ішінде аэропорттар, авто және темір жол вокзалдары жаңғыртылуы тиіс. Астана, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалалардың шет аумақтарында қалыптасқан проблемаларды шешу үшін 2019-2021 жылдарға қосымша 90 млрд. теңге бөлінетін болады. Шағын және моноқалаларды дамытуға да таяудағы үш жыл бойы жыл сайын қосымша 10 млрд. теңге қарастырылады.

Еліміздің барлық тұрғынының таза ауыз суға қол жеткізуі, кең ауқымды газдандыру жұмыстарын жүргізу аса маңызды басымдық болып табылады. Сумен және кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету үшін қосымша 140 млрд. теңге бөлуді тапсырамын. Бұл аталған салада 2,2 млн-нан астам адамның проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ газдандыру және электрмен қамтамасыз ету жұмыстарына шамамен қосымша 190 млрд. теңге бөлуді тапсырамын. Бұл шаралар газбен 1,1 млн. адамды қамтуға мүмкіндік беріп, өңірлік электрмен қамтамасыз ету сенімділігін айтарлықтай арттырады.

Үкіметке аталған мақсаттарға 2019-2021 жылдарға шамамен 920 млрд. теңге қарастыруды жүктеймін. Жоғарыда айтылғандарды қаперге ала келе, «Нұр Отан» еліміздің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамытуға екпін түсіре отырып, «Құтты мекен» партиялық жобасын іске қосуы тиіс.

Қолымызда 7,5 млн. ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік бар. Бірінші кезекте Үкіметке әкімдермен және мәслихаттармен бірлесіп, болашағы бар ауылдарды анықтау, сол жерлерде әлеуметтік саланы дамыту, интернаттар құру қажет. Біз ауылдарымызды өсім мен орнықты дамудың ошағына айналдыруымыз керек. Ауылда халық тұтынатын тауарлар өндірісі бойынша бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тағы басқалар бойынша ҚХР-дың тәжірибесін пайдалану қажет. Сол жерлерде тұрғын үйлер, жолдар салып, коммуникациялар жүргізу, көптеген әлеуметтік нысандар тұрғызу, шағын және орта бизнесті дамыту керек. Сондай ауылдарға болашағы жоқ елді мекендерден адамдар көшіп баратын болады. Жұмыс істеп, лайықты өмір сүруге ауылдың әлеуеті жеткілікті. Осыған орай, Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру бойынша ұсыныс әзірлеп, оны 2019-2021 жылдары 90 млрд. теңге көлемінде қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл жастардың ауылда орнығып қалуына көмектеседі.

Осынау көрсетілген барлық бағыт пен жобаның кешенді сипаты бар, партияның ұзақ мерзімді мақсаттарымен үйлеседі және көп кешікпей-ақ адамдарға сезінетіндей деңгейде пайдасын тигізеді. Оларды таяудағы үш жылда жүзеге асыру үшін бюджеттен қосымша 2 трлн. теңге бөлінетін болады. Осы қаржы кедендік әкімшілендіру мен бюджет шығыстарын түбегейлі оңтайландыру есебінен қарастырылуы қажет. Бұл арада жергілікті жерлердегі басым бағытқа ие емес, қымбат іс-шараларды күн тәртібінен шығарып тастау керек. Аталған қадамдар таяудағы үш жылда бюджетке 1 трлн. теңге түсіруге мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ Ұлттық қордан 2019-2021 жылдар ішінде қосымша 1 трлн. 350 млрд теңге бөлу қажет. Жаңа бағдарлама әлемдік шешуші трендтерді зерттеу мен Қазақстанның барлық өңіріндегі жағдайды талдау негізінде жасалды. Онда таяудағы үш жылда мемлекеттің әлеуметтік саясатының іргетасына айналатын және бүкіл он жылдықтағы перспективаны көздейтін нақты мақсаттар мен жобалар көрініс тапқан.

Өздеріңіз білетіндей, бізде Үкімет ауысып, оның құрамы 70 пайызға жаңарды. Жаңа Министрлер кабинетіне, барлық әкімге дереу мен жариялаған тапсырмаларды жүзеге асыруға кірісу керек. Үкіметтің әр мүшесі мен әкімдер жеке жауапкершілік алады және жұмыс нәтижелеріне жеке жауап беретін болады. Партия да халықтың күнделікті мәселелерін шешуге белсенді араласуы тиіс. Бұл жұмысты «Халыққа көмек» жобасы күшейтеді ғой деп сенемін. Бүгінде қоғамның көкейкесті мәселелеріне жедел үн қатып, оларға мемлекеттік органдардың назарын аударту маңызды. Бұл ең тиімді стратегия болмақ. Ол үшін халықпен кері байланыстың қуатты жүйесін қалыптастыру керек. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын күшейту маңызды. Осы мәселеде бюрократиялық сөзбұйдалыққа жол беруге болмайды. Мұның тек мемлекеттік жеңілдіктерге ғана емес, сондай-ақ волонтерлер мен кәсіпкер-меценаттар көрсететін атаулы әлеуметтік көмекке де қатысы бар.

«Нұр Отанның» барлық филиалы бәрінен бұрын осы жұмысқа бағдарлануы тиіс.

Партия халықтың барлық жігінің мүддесін қорғап, азаматтар мен мемлекет арасын байланыстыратын шешуші буын ретінде көрінуі міндетті. Бүгінде алдыңғы орынға қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың, оның ішінде әлеуметтік саладағы бағдарламалардың тиімділігі мәселесі шығып отыр. Осыған орай, мен «Нұр Отанға» Президент Әкімшілігімен бірлесіп Мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларды жүзеге асырудың тиімділігі мен мониторингін бағалайтын орталық құруды тапсырамын. Партия алаңында әр тоқсан сайын жауапты мемлекеттік органдардың мемлекеттік бағдарламаларды қалай орындап жатқаны туралы тыңдаулар өткізіп тұру қажет. Есептер маған беріліп тұратын болады. Солардың негізінде тиісті қорытындылар жасаймыз.

Экономикалық даму халықтың әл-ауқатының нақты өсуіне бағытталатын болуы тиіс. «Нұр Отан» «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп мемлекеттің бизнесті қолдау қағидаттарын жақсарту бойынша жұмыс істеуі керек. Жемқорлықты түбірімен жою бағытындағы мақсатты жұмыстар жалғастырылғаны жөн.

Келесі кезекте жастарға ерекше назар аударылуы қажет. Өйткені жастар – болашағымыз! Осы орайда 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланған болатын. Партия мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыруға қол жеткізуі тиіс.

Сонымен қатар «Нұр Отан» белсенді азаматтар үшін басты «әлеуметтік лифтілердің» бірі әрі барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару жүйесі үшін кадрлардың қайнар көзі болуы керек. Заманауи басқарушылардың жаңа генерациясы «Партияның жастар резервінен» пайда болуы қажет.

Барлық нұротандық нағыз патриоттар болуы және абырой-беделі кіршіксіз болуы тиіс. Партияның халық алдындағы беделі тек орталықтағы кең ауқымды акциялармен немесе іс-шаралармен ғана өлшенбейді. Партияның образы қарапайым қазақстандықтардың көз алдында жергілікті жерлердегі күнделікті жұмыстармен қалыптасады. Бастауыш партия ұйымдарының қызметі жергілікті жерлердегі және өңірлердегі мәселелерді оң шешуге қабілеттілігімен ерекшеленсін. Партиялық іс-шаралардың мазмұндылығы, әсіресе өңірлердегі мазмұндылығы үшін жұмыс істеу керек. Халықтың әл-ауқатын арттырып, өмір сапасын жақсартудағы кең ауқымды міндеттер партиядан өз ісіне деген үлкен жауапкершілікті талап етеді. «Нұр Отан» қоғамдық бақылаудың басты институты болуы қажет. Партияның бағдарламасында бүгін мен айтқан барлық ұсыныстар ескерілуі тиіс.

Елбасы өз сөзін:

— «Нұр Отан» — толағай табыстың және болашаққа жол ашатын жарқын жетістіктердің партиясы. Біздің ұзақ мерзімді стратегиямыз, мол табиғи ресурсымыз, саяси ерік-жігеріміз бар. Мемлекеттің қуаттылығы экономиканың даму қарқынымен және тұрғындардың тұрмыс сапасымен өлшенеді. Сондықтан мен өзіме сенім артқан халқымның болашақта емес, қазір бақытты болғанын көргім келеді.

Біздің ұстанымымыз – татулық пен тыныштық, ұранымыз – береке мен бірлік. Тәуелсіз Қазақстанның арқа сүйейтін тірегі – баянды бейбітшілік пен келелі келісім!

Бас партия болу дегеніміз – басқару  емес, елге адал қызмет ету! Біз халық бірлігінің партиясымыз. Бүгінгі съезд Қазақстанды дамытудың жаңа кезеңіне жол ашады. Ел тәуелсіздігінің  30 жылдығына бауырымыз бүтін, аман-есен, мол табыспен жете берейік! Әрекет ететін кез келді, ағайын! Алға, «Нұр Отан»! Алға, Қазақстан!- деп аяқтады.

Электронды БАҚ материалдары негізінде әзірленді. {jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

18.09.2025
Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

Жетісай ауданында атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК) тағайындау үшін жергілікті атқарушы органмен құрылған комиссия «атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес» деген...

Толығырақ...Details

Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

18.09.2025
Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

Semeitany.kz - Қарағанды облысында жолаушылар пойызы мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам оқиға орнында қаза тапты. Оқиға 17 қыркүйек күні...

Толығырақ...Details

Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

18.09.2025
Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

Semeytany.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға орта...

Толығырақ...Details

Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

18.09.2025
Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

Semeytany.kz - Абай облысында 79 жоба әзірленіп, оның 33-і даму жоспарына сай кезең-кезеңімен іске асады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде...

Толығырақ...Details

Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

17.09.2025
Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

Semeytany.kz – Жапонияда жаңадан құрылған «Жаңғыру жолы» (Path to Rebirth) партиясы жетекшілік қызметті жасанды интеллектке жүктейтінін мәлімдеді. Мұндай шешім партияның...

Толығырақ...Details

Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

17.09.2025
Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

Semeytany.kz - Абай облысы Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі Германияның «MICHEL METALLBAU GmbH & Co. KG», «A&E NENASCHEW GMBH...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысы Түркістандағы «Орталық Азия – Корея» форумында өңір әлеуетін таныстырды

15 часов бұрын

Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

15 часов бұрын

Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

17 часов бұрын

Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

18 часов бұрын

Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

18 часов бұрын

Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

1 день бұрын

Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

1 день бұрын

Бір аптада екі бас жүлде: Абай театры халықаралық сахналарда топ жарды

1 день бұрын

Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту әдебі жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынды

1 день бұрын

Киелі жерлер — өзара құрмет пен халқымыздың мәдени саналуандығының символы — Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС