Семейде, Алғыс айту күніне орай, «Мен қазақ халқына рақмет айтамын» атты акция өтуде. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қанатының қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында мәлім болды.
— Акция бастамашысы — Жастар ресурстық орталығы. Ережесі өте қарапайым,- деп атап өтті ұйымдастырушылар. Этномәдени орталық өкілдері бейнежазба арқылы қазақ халқына алғыс айтып, әлеуметтік желі арқылы эстафетаны басқа диаспора өкілдеріне жібереді.
— Акция дүйсенбі күні бастау алды,- деп мәлімдеді Семей қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Олжас Соғымбай. — Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы биылғы жылды Жастар жылы деп жариялады. Сондықтан бұл шараға бірінші кезекте этномәдени орталықтардың жастары атсалысуда.
Семей ақпараттық орталығы. {jcomments off}