"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АСЫЛ ӘЖЕ

06.03.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Көгілдір экраннан төгілген әсем ән Үміткүл ананың жүрегін елжіретіп жіберді. Сексеннің үшеуіне аяқ басқан асыл ана жаулығын жөндеп, әнге қайтадан құлақ түрді.

Сен бердің құстардың,

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым

Өзіңе арналған.

Ана сәл күрсінді. Ойына әкесі Бірғамит пен анасы Бұлды, жан жолдасы марқұм Мәден Асқарұлы оралды. Өмір — өзен. Бір орында тұрмайды. Жолдасы Мәден қақ-соқпен ісі жоқ, өз ісіне адал, көпшіл азамат болды. Ұзақ жылдар бойы аудандық «Казсельхозтехника» бірлестігінде есепші болып, абыройлы еңбек етті. Ал өзі ауа райын зерттеу орталығында, кейіннен мал дайындау мекемесінде кассир болып қызмет атқарды. Қараторының әдемісі, екі көзі қарақаттай мөлдіреп, жан-жағына жылы шуағын шашып тұратын Үміткүл Бірғамитқызы өз ортасының гүлі, той-томалақтың сәні болды. Сызылтып ән салғанда талайлар тамсанып, таңдай қағып қалатын-ды. Сол қасиет- өнерге деген құштарлық бойында әлі де бар. Ауданда өтіп жататын не бір мерекелік шаралардан қалыс қалып көрген емес. Балалары, келіндері, немерелері мен шөберелері қолын ұзартып отыр.

Үміткүл анамыз — аудандағы «Нұр-Сана» салт-дәстүр орталығының белді мүшелерінің бірі. Қарауыл ауылында қандай мәдени шаралар өтсе де басы-қасында ардагер аналар жүреді. «Сүндет той», «Бесікке салу», «Келін түсіру», «Қыз ұзату», «Тұсау кесу» сияқты ұлттық салт-дәстүрлерді кейінгі жастардың бойына сіңіруде «Нұр-Сана» салт-дәстүр орталығының, оның жетекшісі Қаныша Нұрғалиеваның еңбегі ерекше. Осы ортада Үміткүл анамыздың өзіндік орны бар. Қазақы киімі мен басына салған бөртпе шәлісі өзіне жарасып жүретін анамыз әлі тың. Қазан-ошақтың иесі. Наурыз тойында ол кісі дайындаған наурыз көжеден дәм татпайтын адам кемде-кем. Мекемелерден арнайы тапсырыс беріп жататындар да бар. Солардың бір сөздерін де жерге тастап көрген емес.

Өмірдің қызығы, өмірдің шуағы осындай бойларына қадір-қасиет қонған аналардан тұрмай ма? Еңбек ардагері, он бала тәрбиелеп өсірген Үміткүл Бірғамитқызы — осындай асыл жүректі абзал да ардақты жан.

Қазіргі таңда ұлы Бауыржан мен келіні Әдемінің қолында тұрады. Жолдасы Мәден салып беріп кеткен қара шаңырақтың иесі – Бауыржан. Бауыржаннан 4 немере сүйіп отыр. Сүйікті немересі, қолқанаты – Балжан.

— Өмірдің небір суығы мен ыстығын көрдім. Өткен өміріме өкінбеймін. Алдағы күнге ұмтылып, алдағы күнмен өмір сүріп келемін. Бәріне тәубе деймін. 10 баламнан 24 немере, 3 шөбере, 20 жиен шөбере көріп отырмын. Бұл бақыт па? Әрине, бақыт. Осыған шүкіршілік етемін, — дейді Үміткүл анамыз.

Көгілдір экраннан әсем ән әлі төгіліп тұр. Дүрс-дүрс соққан кәрі жүректі көктем шақырады, 8 Наурыз — Аналар мерекесі шақырады. Ендеше, шаңырағына құт қонған, сол қасиетке ие болып, бүкіл Асқаровтар әулетін бауырына басып, өргізіп отырған асыл анамыз Үміткүл Бірғамитқызына көктем мерекесінде тек жақсылық, зор денсаулық тілейміз.

Арымаңыз, асыл ана! Жасай беріңіз!

Совет МАХМЕТОВ, «Семей таңы»{jcomments off}


Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС