"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ҰЛЫ ДАЛА АЛТЫНЫ» МӘСКЕУ МҰРАЖАЙЫНДА

12.03.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда Мәскеу қаласының тұрғындары мен қонақтары Қазақстан тарихының алтын қазынасына енген ерекше археологиялық жәдігерлермен танысуға мүмкіндік алды.  Атап айтсақ, 25 мыңнан аса құнды жәдігер қамтылған «Ұлы дала алтыны» атты көрме Ресейдің қазіргі заманғы тарих мұражайында салтанатты түрде ашылды. Аталмыш шара ШҚО әкімдігі мен Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асып отыр.

Айрықша шараның тұсауын Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов ресми түрде кесті.

– Алдыңғы кезекте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке, біздің даңқты ғалымдарымызға, сонымен қатар Ресейдің қазіргі заманғы тарих мұражайы басшылығына байырғы замандағы көшпенділердің зор тарихи және мәдени құндылыққа ие ерекше мұрасымен танысу мүмкіндігін ұсынғандары үшін зор ризашылығымды білдіремін,– деді өз алғы сөзінде Иманғали Тасмағамбетов. – Бұл ретте Шығыс Қазақстан аймағындағы Берел, Шілікті, Елеке сазынан табылған ескерткіштер ерекше орын алады. Президентіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстанның Ресей секілді жақын көршісіне салт аттылық дәуіріндегі өркениеттің жоғары деңгейін, соның ішінде металл өңдеудің, зергерлік өнер мен қару-жарақтың тамаша әрі жақсы сақталған үлгілерін көрсету мүмкіндігіне қол жеткізіп отырғаны ерекше қуантады.

Аталмыш көрмеге облыс әкімдігі арнайы әзірлеп, жергілікті бюджеттен қаржыландырылған ұзақ мерзімді археологиялық бағдарлама аясында соңғы үш жыл ішінде Шығыс қорғандарындағы ғылыми экспедицияларға жетекшілік еткен әйгілі отандық археологтер Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаевтың тапқан жәдігерлері қойылды. Айта кетерлігі сол, 2016-2018 жылдар ішінде тек ғылыми зерттеулерге ғана 500 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген-ді. Тағы бір жаңалық, облыс делегациясы басшыларының айтуынша, мұндай шара алдағы жылдары да жалғасатын болады.

Ал көрменің негізгі элементі 2003 жылы Әбдеш Төлеубаев тапқан біздің дәуірімізге дейінгі VII-IХ ғасырлардағы «Алтын адамның» қалпына келтірілген экспозициясы болды. Көшпенді бейнесінің реконструкциясын жасаған – әйгілі шебер Қырым Алтынбаев.

Осынау ерекше көрмеге келушілер ежелгі сақ көсемінің киімі мен әшекейлерінің ең ұсақ детальдарына дейін көңіл аударып, далалықтар дәуірінің рухын сезінуде.

Сонымен қатар Мәскеуге 2016 жылы Әбдеш Төлеубаев тапқан тың жәдігерлер де жеткізіліпті. Олар ежелгі Шілікті өркениеті туралы кең көлемде таным-түсінік бере алады. Әйгілі ғалымның айтуынша, Шілікті байтақ Еуразия кеңістігіндегі өте ежелгі сақ мәдениетінің бесігі болып табылады.

Аталмыш көрменің ашылу салтанатында Зейнолла Самашевтың Берел қорғанынан тапқан жәдігерлері, соның ішінде салтанатты ат әбзелдері бар Берел жылқысы (б.д.д. 4-3 ғ.) мәскеуліктердің ерекше қызығушылығын туғызды. Реконструкцияны ғалымның жетекшілігімен Суретшілер одағының мүшесі Қалиолла Ахметжан жасапты.

Десек те көрменің басты ерекшелігі Зейнолла Самашевтың Елеке сазы қорғанынан тапқан атақты сенсациялық жәдігерлері болды. Аталған қорымнан б.д.д. VIIІ-VII ғасырларға тиесілі жаңа «Алтын адам» табылған болатын. Бүгінгі таңда ғалымдар ресейлік әріптестерімен бірлесіп сүйекке антропологиялық және морфологиялық зерттеу сынамаларын жүргізуде.

ШҚО Ақпарат орталығы материалы негізінде әзірлеген Қ.ЖОЛЫМБЕТ{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС