"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

12.03.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұмада қалалық әкімдікте мәслихат сессиясының кезекті отырысы өтті. Жиын барысында халық қалаулылары қала әкімі Ермак Сәлімовтің атқарылған жұмыстар туралы есебін және экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысы міндетін атқарушы Елена Кузнецованың Семей қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджетіне енгізілген өзгерістер туралы хабарламасын тыңдады.

Алдымен қала әкімі Ермак Сәлімов Семейде көктемгі су тасқынының алдын алуға байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Өткен жылы қалада орын алған су тасқыны зардаптарын жою, алдын алу {jcomments off}үшін биыл жергілікті және республикалық бюджеттен қаржы бөлінген.

— Су тасқынының зардабын мүмкіндігінше азайту мақсатында алдын алу шараларын бастап кеттік, — деді қала әкімі есебінде. – Қар шығару жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Әсіресе нөсер-дренажды кәріз жүйесі орнатылмаған көшелерге баса мән берудеміз. Қазіргі күні қалалық коммуналдық мекеме қызметкерлері еріген қар суын айдап шығарумен айналысуда. Коммуналдық мекеме бір мезетте 3 мың текше метр суды айдап шығаруға қауқарлы. Қауіп–қатер төніп тұрған жоқ, дегенмен бірқатар көшелерде үлкен су көлемінің жиналуына байланысты қозғалыс қиындады. Бөгеттер орнатуға бюджеттен қаржы бөлінді. Өткен жылы Ертіс жағалауын бекіту жобасына түзетулер енгізілген болатын. Биыл жоба мемлекеттік талдаудан өтеді. Жағалауды бекіту жұмыстары республикалық бюджет есебінен жүзеге асады деп күтілуде, — деді Ермак Бидахметұлы.

Шығыс және Восход кенттері жер асты суларының көтерілуіне байланысты соңғы жылдары су басу қаупі жоғары аймақтар қатарына жатқызылып келеді. Қала басшылығы бұл аймақтарда да алдын алу жұмыстарын ерте қолға алған. Дегенмен бұл әрқашан тиімді бола бермейді.

— Биыл Восход және Шығыс кенттері үшін арнайы жобаны қолға алмақпыз. Ол жер асты суы деңгейінің көтерілу салдарынан болатын тасқынның алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл бағытта қаржы бөлінді. Ал басқа аудандарда кәріз жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жалғаса береді, — деді Е.Сәлімов.

Абаттандыру, жол жөндеу, құрылыс және өзге де салаларға тоқталған Ермак Бидахметұлы Семейде наурыз айының соңынан бастап қосымша әуе рейстері ашылатыны туралы мәлім етті.

— Семейліктердің әуе рейстеріне деген сұранысы артып келеді. Бүгінде шаһарда «Qazaq Air» және  «Южное небо» компаниялары жұмыс жасауда. Енді бұл тізімге «SCAT» және «Сибирь» компаниялары қосылмақ. 31 наурыздан бастап Семейден тікелей Астана, Алматы, Мәскеуге ұшақпен қатынауға болады.  Әуежайды қайта қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғанын білесіздер. Соның нәтижесінде қосымша әуе рейстерін ашу мүмкіндігі туды. Таяуда Өскемен қаласының әуежайында да жөндеу жұмыстары басталып, уақытша жабылады. Сол себепті рейстерді Семей әуежайы жүзеге асыратын болады, — деді Ермак Бидахметұлы.

«ШҚО Семей қаласы әкімдігінің құрамын бекіту туралы» 2018 жылғы 22 ақпандағы Семей қаласы мәслихатының №23/145-VI шешіміне енгізілген өзгерістер туралы да осы сессия барысында айтылды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС