Қаламыздағы Қарағайлы ықшам ауданында 5 мың орынға арналған мәдени-спорттық кешен «Абай Аренаның» құрылысы алдағы күндері күрт қарқын алатын болады. Облыс әкімі Д.Ахметовтің бастамасымен қолға алынған алып құрылыс межеленген жоспар аясында жүргізіліп жатыр. Әрлеу, шатыр бөліктерін монтаждау сынды жұмыстар нысанға жылу берілуі себепті қыс мезгілінде де атқарылған болатын.
Қазіргі күні құрылыс барысы облыс әкімі Даниал Ахметов пен қалалық әкімдіктің назарында тұр. Мердігер ұйым мен тапсырыс берушілер тарапынан ешқандай шағым жоқ.
Семей ақпараттық орталығының мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі күнгі меже бойынша аталмыш нысан ағымдағы жылғы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ал бүгінде құрылыс жұмыстары еш кедергісіз жүргізілуде.
«СТ» — ақпарат{jcomments off}