"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕТЕКШІ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫ МАМАНДАРЫ СЕМЕЙДЕ

15.03.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта басында Семейге Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығының төрағасы Юрий Владимирович Пя, Ұлттық нейрохирургия орталығының төрағасы Серік Қуандықұлы Ақшолақов, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының төрағасы Нұрлан Жұмағұлұлы Батпенов, сондай-ақ ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов, ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова келіп, Семейдегі Жедел медициналық жәрдем ауруханасының базасымен танысты.

«Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасы аясында бой көтерген Семейдегі Жедел медициналық жәрдем ауруханасы ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен жаңа медициналық технологиялармен жабдықталуда. Өткен жылы аурухана базасындағы 70 орынға арналған травматология және ортопедия бөлімі травматология және ортохирургия орталығы болып қайта құрылып, артроскопиялық ота жасауға арналған видеоэндоскопиялық кешен, иық артроскопиясына арналған Champion құралдары және басқа да хирургиялық жабдықтар сатылып алынған. Жаңа технологиямен жасалатын ота санын көбейту мақсатында орталықтың 3 маманы Лондон қаласындағы Kings College ауруханасында тәжірибеден өтіп қайтты.

Осы аурухана базасында биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы алғашқы гибридті ота залы іске қосылмақ. Бұл бір ота залында бірнеше операция түрін жасауға, коронарлық синдромы және ми қан айналымының бұзылыстары бар науқастарға медициналық көмекті шұғыл және тиімді көрсетуге мүмкіндік бермек.

— ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен аймағымызда Қазақстанның жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланыс орнату жолға қойылып келеді. Биылғы жылдың қаңтар айында Даниал Кенжетайұлы Астанадағы Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығына, Ұлттық нейрохирургия орталығына, сондай-ақ Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына барған іссапарында аймақтағы ауруханалармен әріптестік байланыс орнату туралы ұсыныс білдірген болатын. Орталық төрағалары аймақ басшысының ұсынысын қабыл алды. Кардиология, нейрохирургия, травматология салаларымен қатар, алдағы уақытта еліміздегі жетекші онкология және ана мен бала денсаулығын сақтау орталықтарымен әріптестік қарым-қатынас орнату жоспарымызда бар,- дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.

Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының төрағасы Нұрлан Жұмағұлұлының айтуынша, Қазақстандағы тұңғыш травматология және ортопедия орталығы 2001 жылы Астанада ашылған, мұнда әлемнің жетекші елдерінің үздік тәжірибелері енгізілген.

— Біздің институт мамандары осында әлденеше рет келіп, орталықтың жабдықталуына жоғары баға берген еді. Бүгін бәрін өз көзіммен көрдім. Семейдегі травматология және ортохирургия орталығы ең соңғы және озық технологиялармен жабдықталыпты. Тек мамандар даярлауды қолға алу керек. Біз бұл бағытта жұмыс істейміз. Бүгін институт меңгерушісі осында қалып, семейлік пациенттің арқа омыртқасына ота жасайды,- дейді Нұрлан Батпенов.

— Республикада кардиология мен кардиохирургияны дамыту бағдарламасы қабылданғанына биыл тура он жыл болды. Бұрындары кардиохирургия тек Астана мен Алматы қалаларында қолжетімді болса, қазір бұл сала әр аймақта дамып келеді. Семейдегі Жедел медициналық жәрдем ауруханасында науқастар үшін көптеген мүмкіндіктер жасалуда. Кардиохирург, нейрохирург және травматолог маманның бір ота залында жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін еліміздегі алғашқы гибридті ота залы осында ашылмақ. Мемлекет бюджеттен қомақты қаржы бөлгендіктен, біз қымбат құрал-жабдықтарды тиімді және орынды қолдана білуіміз керек,- дейді еліміздің бас кардиохирургі Юрий Пя.

Ал нейрохирург Серік Ақшолақовтың айтуынша, Семейдегі Жедел медициналық жәрдем ауруханасының болашағы зор.

— Шығыс Қазақстан шекаралық аймақта орналасқандықтан, мұнда медициналық туризмді дамытуға болады. Аймақтың медицина саласындағы жетістіктерін өзге облыстарға үлгі етеміз,- дейді нейрохирург.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

23 часа бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

23 часа бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

24 часа бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

24 часа бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

24 часа бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

1 день бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

2 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

2 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

2 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС