"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУДЫҢ ЖҰМЫС МЕХАНИЗМІ ӘЗІРЛЕНДІ

15.03.2019
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Көпбалалы  отбасынан  шыққан  балалар  мектеп  формасын,  жазғы лагерьге  жолдаманы,  сондай-ақ мектепке  дейінгі,  техникалық  және  кәсіптік  білімді тегін  алады.

Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың төрағалығымен өткен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысында көпбалалы  және аз қамтылған отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар туралы баяндалды.  Кездесу  облыстың  барлық аудандары мен қалалары үшін  селекторлық режімде өтті.

Жаңа оқу жылында жалпы  білім  беру  қорының қаражаты  есебінен  білім ордалары  мектеп  формасын  сатып  алады. Осылайша,   көпбалалы  және  аз  қамтылған отбасылардан  шыққан  33 582  оқушыға  тегін мектеп  формасы  беріледі. Осы мақсатта  облыстық  бюджеттен  қосымша  500 млн.  теңге  бөлінетін  болады.

Сонымен қатар  ата-аналардың өтініштерін  ескере  отырып,  жергілікті  бюджет  қаржыландыратын  мектеп  формасының үлгісі  таңдалды.  Бұл – күнделікті киюге арналған киім, қысқы және  спорттық  форма,  күртелер  мен  аяқ  киім.  Аталған  отбасылардың әр баласына  ата-анасының  таңдауымен  тек бір  ғана  киім  беріледі.

Ерекше білім беруді қажет ететін  және  көпбалалы  отбасынан  шыққан  балаларға  мектепке  дейінгі  мекемелерге бару тегін болмақ.  Бұған  дейін  жергілікті  бюджет балабақшадағы  білім  беру  қызметін  ғана  қаржыландырып  отырған.  Ал  енді  бүлдіршіндер  тегін  тамақтанатын  болады.  Осы мақсатта  қосымша  266,4  млн.  теңге бөлінеді. Көпбалалы  отбасылардан  шыққан  студенттер  колледждерде  тегін  білім  алады.

Білім басқармасы  көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан,  жетім  және  ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған  9-11  сынып  оқушыларының  санын  анықтады. Олар еңбек  нарығында  сұранысқа  ие мамандықтар  бойынша  ТжКБ  жүйесінде  тегін  оқытылады.

— 2019 — 2020 оқу  жылына студенттерді  қабылдауға  7 930   орын  беріледі.  Ол  үшін  5,4  млрд.  теңге  жұмсалады.  Сондай-ақ  аудандардағы  оқушыларға  кәсіптік бағдарлау  жұмысын  жүргізіп, қажетті  мамандықты  таңдауға  мүмкіндік  беру  керек, — дейді  облыс  әкімінің  орынбасары  Әсем  Нүсіпова.

Сонымен қатар  жиында жақында  өтетін  мәслихаттың  кезекті  сессиясында, көпбалалы  отбасыларға  қолдау  көрсету  шараларымен  қоса,  колледждерді жабдықтауға  байланысты  үш  жылдық  бағдарлама  да  қолдау  табатыны айтылды.  Бұл  үшін  7  млрд.  теңге  бөлу  жоспарланып  отыр.

Облыстағы  көпбалалы  және  аз  қамтылған  отбасылардан  шыққан  оқушылар  жазғы  демалысқа  барады. 2018-2019 оқу  жылындағы  1-10  сынып  оқушыларының саны  176 244  адамды құрайды.  Биыл  облыста  990 сауықтыру  лагері  жұмыс  істейтін  болады.

— Биыл қалалар  мен  аудандардың  бюджеттерінен  280 151  мың  теңге  қаражат бөлінді,  бұл  өткен  жылмен  салыстырғанда  20 пайызға  артық. Аталған  отбасылардағы оқушылар мен  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  жазғы  демалыспен міндетті түрде  қамтылады,- деді  облыстық  білім  басқармасының  басшысы  Сайрангүл  Жұмаділова.

ШҚО Ақпарат орталығы{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС