"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕГІ ТІЛ АХУАЛЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

15.03.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сәрсенбісінде қаладағы Достық үйінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Қаладағы жолаушыларды тасымалдау көліктеріндегі мемлекеттік тіл ахуалы» тақырыбымен дөңгелек үстел өтті. Жиынға жергілікті атқарушы органдар өкілдері мен қоғамдық ұйымдар мүшелері, журналистер қатысты.

Айта кетсек, өткен жылы қала әкімі Ермак Сәлімовтің тапсырмасымен ҚР «Тіл туралы» заңның талаптарының сақталуын қадағалайтын жұмыс тобы құрылып, арнайы мониторинг жүргізілген болатын. Аталмыш топ өкілдері мемлекеттік органдар мен мекемелерде, еңбек ұжымдарында, сондай-ақ жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктерде болып, жан-жақты жұмыс жасаған-ды. Басты мақсат қалалықтардың толық ақпарат алу мүмкіндігін анықтау болатын. Бұл орйда қоғамдық көліктегі мәселелердің біршама өткір тұрғаны анықталыпты. Жалпы алғанда, жолаушылардың басым көпшілігінің көлік қатынасына, ондағы қызмет көрсету сапасына көңілдері толмайды. Соның ішінде мемлекеттік тілдің жайы да бар.

Аталмыш тақырыпта сөз алған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина бірқатар мәселелерге кеңінен тоқталып өтті.

Қаладағы жолаушы тасымалдаушылармен жұмыс барысында проблемалық жайттарға тап болғанын айтқан бөлім басшысы қоғамдық көліктерде «Тіл туралы» заң нормаларын сақтауда кемшін тұстардың бар екендігін жеткізді. Атап айтсақ, көптеген автобустарда аялдамалар атаулары қос тілде айтылмайды. Тіпті кейбір бағыттардағы көліктерде хабарландырулар мүлде жасалмайды деуге болады.  Сондай-ақ қазақ тіліндегі атауларды дұрыс қолданбау жағдайлары да кездескен. Бұл жайында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Маржан Бахатова кең көлемде айтып өтті.

— Біз рейдтік шараларды ұйымдастыру барысында бірқатар өзекті мәселелерге кезіктік. Мәселен, №11 бағыт бойынша жолға шыққан көлікте аялдамалар мүлде хабарланбады. Ал себебін сұрағанымызда, кондуктор микрофонының бұзылып қалғанын айтты. Сол тәрізді басқа да үлкен автобустарда жолаушылар толыққанды ақпарат ала алмайды. Кейбір кондукторлар қойған сұрағымызға дөрекі жауап қайырды. Мұндай жағдайлар №№ 27, 38, 23, 36, 1, 18, 25, 34, 31, 39, 32, 52, 53, 55,28 бағыттардағы жолаушылар көлігінде орын алды. Көпшілігінде арнайы дыбыстық құрылғы жоқ,- деді Маржан Бахатова.

Сонымен қатар рейд кезінде арнайы жұмыс тобы өкілдері кейбір қазақ тіліндегі аялдамалардың атаулары дұрыс аударылмағанын да анықтаған. Мәселен, №35 бағыттағы автобуста дыбыстық жүйе жұмыс істеп тұр. Алайда жолаушыларға орысша «6 — линия», қазақша «Алтыншы сызық», «Безымянная» — «Атсыз аялдама», «Шестые дачи» — «Алтыншы саябақтар» деп хабарлама жасалған. Бұл туралы ескертпе айтқанда, жолаушы тасымалдаушылар өкілдері аудиожазба жасауды астаналық компания байқау негізінде жеңіп алғанын, оларға аталмыш қателіктерді түзету туралы жіберілген өтініштің жауапсыз қалғанын жеткізген.

Қолданыстағы «Тіл туралы» заң бойынша, барлық азаматтар ақпаратқа еркін қол жеткізуге тиіс. Оның ішінде қоғамдық жолаушы тасымалы сынды әлеуметтік сала басты орында. Ал бұл орайда тасымалдаушылар анықталған кемшіліктерді қалпына келтіріп, заң талабына сәйкес келмейтін олқылықтардың орнын толтырулары қажет. Сондықтан аталмыш сала қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Ал Маржан Бахатованың айтуынша, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан барлық іс-шаралар атқарылатын болады. Атап айтсақ, тіл үйрету курсын жүргізіп, автобус аялдамаларын қазақшаға аударуда көмек көрсете алады.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, түрлі ұсыныстарын да білдірді. Сөз орайында жолаушыларды ақпараттандырмағаны үшін айыппұл салу, ономастикалық комиссия өкілдерімен бірлесіп барлық аялдамалар атауларын қайта қарап, тексеріп шығу және маңайындағы маңызды нысандарға сәйкес жаңа атаулар қою туралы да ұсыныстар ортаға салынды.

Ал мониторинг жүргізетін арнайы топ өкілдері мұнымен тоқталмақ емес. Алдағы уақытта қоғамдық тамақтану орындары сынды әлеуметтік маңыздылығы жоғары орындарда болып, азаматтардың тиісті ақпараттарға қол жеткізу мүмкіндігі мен қызмет көрсету сапасын анықтайтын болады.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы» {jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС