"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» ӨЗ ҚЫЗМЕТІНДЕ ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТТАРЫН ҚОЛДАНАТЫН БОЛАДЫ

18.03.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жер кадастры бойынша 37 қызмет түрін көрсетеді. Оның ішіне жер аумағын, құрылымын, топырақ құрамын анықтау бойынша жұмыстар кіреді. Бұлардың қатарындағы төртеуі мемлекеттік қызметтер. Атап айтқанда, жер учаскелерінің кадастр құнын анықтау, жер телімінің сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу және беру, мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін ұсыну және жобаланатын жер учаскесін келісу сияқты қызметтер мемлекеттік корпорацияның облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы филиал қызметкерлерімен атқарылады.

— Бүгінде біз бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры жобасын әзірлеп жатырмыз. Ол бірнеше ақпараттық база мәліметтерін біріктіріп, мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне ықпал етеді. Жер кадастры бойынша мәліметтер неғұрлым дәл болу үшін біз ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алдық. Ол жердің 1:10 000 рұқсаттағы цифрлық карталарын әзірлеуге көмектеседі. Себебі қазірде әуеден түсірілген бірнеше сантиметрге дейінгі нақты карталар жоқтың қасы,– деп атап өтті мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов жерге орналастырушылардың кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты жиын барысында.

Бүгінде жерге қатысты мәліметтер базасы GPS, спутник навигаторы, қашықтан зондтау және геоақпараттық жүйелер сияқты цифрлық технологиялардың көмегімен жасақталуда.

Мемлекеттік корпорация ұшқышсыз ұшу аппаратының екі данасын қолданысқа енгізіп, оларды басқара алатын мамандарды арнайы оқытады.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен арнайы бағдарламалардың көмегімен жердің 2D, 3D модельдегі карталарын әзірлеуге болады. Әуеден түсірілген суреттер цифрлық форматтағы топографиялық карта мәліметтерін жылдам жаңартып отыруға көмектеседі. Түсірілім барысында жердің географиялық координаттары бірден ескеріліп, жер бедерінің ерекшеліктері нақты жазылады.

2018 жылы наурыз айының екінші сенбісі жерге орналастырушы, геодезия және картография мамандарының кәсіби мерекесі деп белгіленген. Биыл екінші рет аталып өтіп жатқан мереке қарсаңында мемлекеттік корпорация төрағасы әріптестерін кәсіби мейрамымен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.

— Былтырғы жылы корпорациямыз мемлекет тапсырысы бойынша 7 млн га аумақта топырақ құрамын зерттеп, дәл сонша мөлшердегі аумақтың электронды картасын әзірледі. 10 млн га жерге мониторинг жүргізді. Еліміз цифрлық технологияларға бет бұрған заманда жер кадастры сияқты саланың да электронды форматқа ауысуы заңды. Осы жұмысты сапалы атқаруға шақырамын. Қызметтеріңіз жемісті болып, жетістіктерге жете берулеріңізді тілеймін,– деді А.Оспанов.

Анықтама: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрамында жер кадастры бағыты бойынша 2 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы {jcomments off}


Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС