"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙЛІКТЕР ҚОЛДАЙДЫ

26.03.2019
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта дүйсенбісі, 25 наурыз күні семейліктер мен қала жастары ұлтымыздың ұйытқысы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ризашылық сезімдерін білдіру мақсатында Абай театрында бас қосып, «Ақордам, астанам, Нұр-Сұлтан – бас қалам» атты акция ұйымдастырды.

Асқаралы Алатау төсінен ел астанасын Сарыарқа төріне, ерке Есіл жағалауына қондырған Елбасының ерлігі ерен. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында бүгінде елордамыз әлемдік маңызы бар саяси-экономикалық шешімдер қабылданатын орталыққа айналды.

«Нұр – Сұлтан». Бұл атау — тәуелсіз Қазақстанды өркендетуде өлшеусіз еңбек сіңіріп, елімізді әлемге танытқан ұлтымыздың ұлы перзентіне деген халық құрметінің белгісі.

— Бүгін біз Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген шынайы құрметімізді білдіру үшін арнайы жиналып отырмыз. Бабалар аманаты мен ел сенімін арқалаған Елбасы есімі дүние жүзі елдерінде де кеңінен танымал. Бүкіл әлем қазақстандық даму жолын «Нұрсұлтан Назарбаев феномені» деп таңдана айтады. Күрмеуі қиын мәселенің шешімін табу жауапкершілігін мойнына алған Елбасының беделі, салмақты ойы мен сарабдал саясаты — жаһан жұртына үлгі-өнеге. Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей бастамасымен Қазақстан саяси-экономикалық, рухани жаңғыруға бет алып, ауқымды реформаларды іске асырып келеді. 28 жыл ішінде қазақ елі мың жылдық мәні бар оқиғаларды басынан өткізді. Біз Тұңғыш Президентімізге әрқашан қарыздармыз. Елордамызға «Нұр – Сұлтан» атауын беруді Елбасының өлшеусіз еңбегін әділ бағалаудың өнегелі үлгісі деп қабылдаймыз,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Сахна мінберіне көтерілген Арап Сіләмұлының айтуынша, Нұрсұлтан Әбішұлының идеясымен негізі қаланған Астана Тұңғыш Президентіміздің төл перзенті болғандықтан, Нұр – Сұлтан деп аталуға әбден лайықты. Шекарамызды шегендеп, жоғымызды түгендеп берген Елбасы ерлігі балаға мұра, ұрпаққа ұран болып қала бермек.

Жас буын өкілдері де жастар атынан Елбасыға алғыс айтып, Нұр-Сұлтан атауын қуана қабылдайтындарын жеткізді.

Акция барысында мерекелік концерт пен флешмоб ұйымдастырылды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС