"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА — ҮШ МӘСЕЛЕ

26.03.2019

Жуырда қала әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Басқосуды Семей қаласы әкімінің орынбасары, кеңес төрағасының орынбасары Надежда Шарова жүргізіп отырды.

Кеңес жиынына шаһардағы діни бірлестіктер жетекшілері, қоғамдық ұйымдар басшылары мен өкілдері, әкімдіктің бөлім басшылары қатысты. Кеңес төрағасының орынбасары Надежда Васильевна күн тәртібіндегі мәселелер қатарымен таныстырып өтіп, сөз кезегін Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенкоға берді.

Өз баяндамасында Н.Анатольевна оқу орындарының діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған жұмыстарымен таныстырды. Баяндамашы сөзіне сүйенсек, биылғы оқу жылы бойынша шаһардағы орта білім беретін мектептерде өскелең буынды діни сипаттағы экстремизм мен радикалды ұйымдар ықпалынан сақтандыру мақсатында біршама жұмыстар жүргізілген. Педагогтер қауымы да назардан тыс қалмаған. Бұл ретте қалалық ішкі саясат бөлімінің қатысуымен түрлі форматтағы 26 іс-шара өткізіліпті. Аталмыш бағытта арнайы жасалған жоспарлы шаралар әлі де жүргізілуде. Солардың ішінде жасөспірімдерді түрлі спорттық секциялар мен үйірмелерге тартудың маңыздылығы жоғары болып тұр. Осы мәселелер төңірегінде кеңінен сөз еткен Н.Фесенко қазіргі таңда өңіріміздегі білім беру саласында алаңдатарлық жағдайдың жоқ екенін жеткізді.

Ал келесі кезекте Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінен Ардақ Исатаев «Алматы тас жолындағы зираттың қоршалуы туралы» хабарлама жасады. А.Нұратұлы, қала әкімінің қаулысына сәйкес, аталмыш участок бойынша жерді пайдалану құқығы бар екенін және оның көлемі бекітілгенін жеткізді. Бұл аумақта топографиялық зерттемелер жасалынған. Зираттарды қоршау туралы арнайы әзірленген жоспар да бар. Арнайы кескіндемелер де дайындалған. Ол тек қаражат бөлінген соң ғана толық күшіне енгізілмек. Жоспар бойынша, қоршау биіктігі 1,5 метр. Ал металл қоршауға бөлінетін қаражат көлемі сметалық құжаттамалар әзірленген соң мәлім болады.

Кеңес отырысындағы үшінші мәселе Семей қаласындағы дін мәселелерін зерттеу орталығының 2018 жылғы атқарылған жұмыстары болатын. Бұл тақырыпта ШҚО Семей аймағы орталығының директоры Мақсат Кәрібаев кең көлемде баяндама жасады.

М.Серікұлы жыл көлемінде дін мәселелеріне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үзіліссіз жүргізілгенін айта келіп, басты басымдық жастарға берілгенін атап өтті. Өткен жылы 275 шара өткізіліпті. Оған 18 мың 220 адам қамтылған. Мектеп оқушыларынан бастап студенттер, еңбек ұжымдары мүшелері де қатысқан. Оның ішінде пікірсайыс, тренинг, семинар, кездесу жиындары тұрақты түрде өткізіліпті. Мұнымен қатар сектор мүшелері деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен жандарға теологиялық, психологиялық және заңдық тұрғыдан көмек те көрсетеді. Тіпті олардың әлеуметтік ахуалы ескеріліп, материалдық жәрдем беру де қарастырылған. Баяндамашының пікірінше, қазіргі күні шаһардағы діни ахуал тұрақты.

Жиын соңында кеңес мүшелері сөз алып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

14 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

14 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

18 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

18 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

18 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

2 дня бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

2 дня бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС