"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗАЙСАН: ӘКІМ КЕТТІ. ӘЛЕУМЕТ АЛАҢДАУЛЫ…

29.03.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Наурыз айының соңы елімізде айтарлықтай жаңалықтарға толы болды… Ел республикалық деңгейде болған үлкен өзгерістен есін жинай алмай жатқан шақта Зайсан ауданына соңғы үш жылдай уақыт басшылық жасаған ТЕМІРБЕК ЖҰМАҚҰЛҰЛЫ ҚАСЫМЖАНОВ өңірдегі әкімдік қызметін аяқтағанын асығыс хабарлап, қызметінен кетті. Әдетте, халық бас қосқан жиында облыс басшылығының қатысуымен өтетін ауыс-түйіс осы жолы басқаша болды… Әкім «әне ауысады», «міне ауысады» деген алыпқашпа сөздің ел аралап жүргеніне біршама уақыт өтсе де, бұлай болады деп ойламаған халық абдырап та қалған. Ұзын сөздің қысқасы, Зайсанда биылғы Наурыз мерекесі әкімсіз өтті…

Биіктікті, қарғам, көріп кет,

Қыраны құлап заңғардан,

Арқары ауып аңғардан,

Қойнауы толы кен болған,

Жайлауы толы аң болған,

Бір уыс топырағы тән жазған,

Бір жұтым суынан ем қонған,

Бесіктегі ұлы ел қорған,

Есіктегі құлы хан болған.

Ақындықты да, қарғам, көріп кет,

Мәукенұлынан мән қалған,

Салықбай қызынан сән қалған,

Балшабековтен ән қалған,

Сауыр мен Сайқан таулардан

Уыз жырға қанып кет,

Уыстап өлең алып кет

Ұлық боп тұрған ұлтына

Ұлықбек туған ауданнан.

Бұл зайсандық ақындардың бірі-нің туған жеріне арнаған жыр жолдарынан.

Зайсан — текті топырағында небір жақсылар мен жайсаңдарды дүниеге әкелген, ұрпақ бойына ұлттық тәрбие мен намыс атты ұғымды сіңіріп өсірген, тарихтың қатпар – қатпар қиын-қыстау кезеңдерінде де елдігін сақтап, тамырын терең жіберген, талайлы тағдырды бастан кешсе де береке-бірлігінен ажырамаған ел.

Сонымен, жері жайсаң, елі дарқан, ана тілін арындай аялаған, ұлттық салт-дәстүрдің қадір-қасиетін қазына байлыққа балаған, халқының көңілі даладай қасиетті Зайсан елінен, туған жерінен басқа қызметке ауысуына байланысты жеделдете кеткен Темірбек Қасымжанов қандай жұмысымен ел есінде сақталады?..

Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов — аймағымыздағы әкім тағында ұзақ отырғандардың бірі. 2008-2009 және 2013-2016 жылдар аралығында (екінші мәрте) Өскемен қаласының әкімі, 2009 — 2013 жылдары  Жарма ауданында әкім болып, 2016 жылдан осы уақытқа дейін туған жері Зайсанға басшылық жасады.

Есімі Өскеменге бір емес, екі мәрте әкім болған өз ұлтымыздың өкілі ретінде жиі аталатын Темірбек Қасымжанов — маңызды міндеттерді орындауда, ұлтаралық қатынастардың толғақты түйткілдерін шешуде талай от пен суды кешкен басшы. Өскемен сияқты көп ұлтты шаһарды басқарған әкімдердің қай-қайсына да «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» қызмет атқару керек болса, сол сыннан екі рет сүрінбей өткен басшылардың бірі деп айтсақ, артық болмас. Айтпақшы, облыс орталығы Өскеменде Абай мен оның замандасы әрі досы Михаэлиске орнатылған аты шулы, халықтың наразылығын тудырғаннан кейін алынып тас-талған ескерткіш те осы Темірбек Қасымжанов шаһарға басшылық жасап тұрған шақта қойылған болатын     .

Жұмыс болған соң әртүрлі жағдайлар болып жатады десек те Темірбек Жұмақұлұлының басшылық жасаған жылдары туралы зайсандықтардың пікірі де әр алуан.

Бірге қызмет атқарған бұрынғы әріптестері Қасымжановты мінезінің ұсақтығы жоқ, халыққа жайлы басшы деп бағалайды. Дегенмен Темірбек Жұмақұлұлына өзінің туған еліне басшылық жасау аса жайлы бола қоймаған сыңайлы…

Қытай мен Қазақстан бірлесіп, 2013 жылы Зайсанға көгілдір отын тарту жұмысы қолға алынғаны белгілі. Бұл жұмыс аудан орталығынан кейін қала маңындағы ауылдарда жалғасты. Содан бері Зайсан қаласының 70 пайызы газбен жылытуға қосылған болатын. Бүгінгі таңда, Зайсаннан бөлек, тоғыз ауыл көгілдір отынның игілігін пайдаланып отыр. 2020 жылға дейін аудандағы 37 елді мекеннің 18-ін газбен қамту жоспарланған. Көгілдір отын кешіккен сайын, тартылмаған ауыл тұрғындарының бізге жетпей қала ма деген күдігі ұлғаюда. Әлдеқашан бітуі керек шаруаның созылып кетуіне байланысты өткен жылдың соңында аудан әкімі Темірбек Қасымжанов облыс әкімі Даниал Ахметовтен ескерту де алған…

Зайсан қаласында өткен жылы пайдалануға берілген көп қабатты үйлердің қабырғасы көгеріп, сылағы түсіп, төбесінен су ағуына байланысты көмек сұраған халықтың жанайқайы әлеуметтік желі қолданушылар назарын ерекше аударған болатын. Жаңа үйге кірген тұрғындардың жарты жыл өтпей жатып-ақ алған баспаналарын тастап, басқа жаққа көшуге мәжбүр болғандығы да әкімге оңай тимегені белгілі…

Соңғы кездері Темірбек Қасымжанов тіпті әлеуметтік желінің «жұлдызына» айналып кеткен еді… Оған түрткі болған — «Зайсан ауданының ӘКІМІ қабылдауына келген ӘЙЕЛДЕРДІ қуып шықты» деген тақырыппен жарық көрген мақала. Рас-өтірігін кім білсін, тақырыбы айтып тұрғандай, қабылдауына өтініш айтып барған көпбалалы ана әкім мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысынан айғай естіп, әкімшіліктің ғимаратынан күзетшілер сүйреп шығарып жіберген деген ақпарат желі қолданушылары тарапынан наразылық туғызып, құқығымыз тапталды деген аналар аудандық прокуратураға шағым түсірген деседі…

Бүгінгі қоғамды жаңартып, болашағымызға байыпты болжам жасайтын өліара шақта өз позициямызды білдіре отырып билікке сын айту келешек үшін қажеттілік екенін көпшілік дұрыс түсінер деген ойдамыз. Ендеше, Зайсандағы  биліктің жұмысына «басшыны бағынышты жасайды» деген қағида тұрғысынан қарасақ, Темірбек Қасымжановтың командасы әкімнің жұмысының жемісті болуына қаншалықты қолдау жасай алды?

1. Атқарушы және өкілетті биліктің бірлесе істейтін жұмысының табысты жүргізілуі үшін әкімнің бірінші қолдаушысы аудандық мәслихаттың хатшысы болуы керектігі айтпасақ та белгілі. Зайсан аудандық мәслихатының хатшысы Дәулет Ыдырышев сайлаушылар аманатын орындау жолындағы ортақ іске халық қалаулыларын қалай жұмылдырып жүр?

2. Аудандық әкімдіктегі бірінші басшының оң қолы, жұмысты ұйымдастыратын штаб саналатын аппарат жетекшісінің орны бос тұрғанына да жарты жылдай уақыт болды… Лайықты кадр жоқ па, әлде кеткен әкім келетін басшының таңдауына қалдырды ма?

3. Аудан әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары Қамбар Чилібаевтың мамандығы — мал дәрігері. Бұрын ауыл әкімі, ауданның бас мал дәрігері қызметін атқарып келген адамға әлеуметтік саланы сеніп тапсыру қаншалықты оңды шешім болды? Егер әлеуметтік салаға жауапты орынбасар білікті болса, тұрмыстық кикілжіңдерді реттеп, кейбір мәселелерді әкімге жеткізбей-ақ шешуге болатын ба еді? Ол үшін басшыға тән мінез болуы керек. Қамбар Чилібаевты алқалы жиында тыңдағанды иландырып айта алатын сөзі бар, берекелі іске жұмылдыра алатын беделі бар басшы деуге бола ма?

4. Аудан әкімінің ішкі саясат бөліміне соңғы тоғыз жылдай уақыттан бері Зумрад Дүйсенбаева басшылық жасап келеді. Басшы мен бұқараның арасындағы қарым-қатынастың дұрыс жолға қойылуы осы бөлімнің жұмысына көп байланысты… Ішкі саясат бөліміне, адамдармен сөйлесе алу қабілетінен бөлек, тұйыққа тірелгенде тығырықтан шығатын жол таба алатын жетекші керек. Ал бұл тұрғыдан алғанда Зумрад Дүйсенбаеваның қаншалықты лайықты екендігіне баға беруді де халықтың өз еншісіне қалдыра тұрайық.

Біліксіз орынбасар, қауқарсыз мәслихат хатшысы, бос тұрған аппарат жетекшісінің орны… Қасымжановтың жұмысының алға баспай қоюына жоғарыда атап өткен  кадрлар құрамының сапасыздығы себеп болған жоқ па?

Қалай болғанда да, Темірбек Жұмақұлұлы үшін өз елінде қызмет атқарған жылдар тақтайдай тегіс, мамықтай жұмсақ болды деп айтуға келмес… Сонымен, Зайсанға соңғы үш жылдай уақыт басшылық жасаған 62 жастағы экс-әкім туған жерін қимай кетті ме, әлде сыймай кетті ме?.. Орнына тағайындалатын жаңа әкімді күтіп, халқын Наурыз мерекесімен құттықтап, туған жерде атқарған істеріне қорытынды жасап барып кетуді қажет етпей, 20 наурыз күні елден асығыс аттанғанына қарағанда, қимай кетті деуге де келмейтін сияқты…

Көпке топырақ шашудан аулақпыз. Алайда арыз «жанрының» өркендеуіне «зор үлес қосып жүрген» бірлі-жарым жазғыштар әр ауылда бар десек, жайсаң мекен де сондай «қаламы жүйрік қайраткерлерден» кенде емес сияқты… Ел ішіндегі кейбір «жазғыштар одағының» мүшелері Қасымжановты да назардан тыс қалдырмаған сияқты. Жаңа тағайындалатын әкімді де аяқтан шалып, жұмыс істеуіне бөгет жасамаса болғаны…

Осы жерде өмірдің өзінен алынған мына бір оқиға есімізге оралып отыр. Бір ауданға жаңадан әкім тағайындалып, елдің бетке ұстар, аузы дұғалы ақсақалдары жаңа басшыны құттықтап, ақ  баталарын беріп, тілектерін айтып барады. Жаңа әкім де үлкеннің сөзін, қазақтың жолын білген қарттарға разы болып, рақметін айтып шығарып салып тұрғанда, келген ақсақалдардың бірі табалдырыққа жете бере тоқтай қалып: «Балам, біз саған дейін болған …овтың да, …иннің де үстінен арыз жазғанбыз, құттықтап келді деп еркінсіме, сенің үстіңнен де талай жазылады…»,- деп шығып кетіпті…

Жаңа тағайындалатын басшыны Зайсанда ауқымды істер күтіп тұр. Ақаумен салынып, қабырғасын көк басқан тұрғын үй. «Алтын адамымен» әйгілі болған Шіліктідегі кезегін күткен ауыз су проблемасы, елді мекендерді көгілдір отынмен жылыту жұмысын аяқтау… Жергілікті тұрғындар тарапынан жаңа әкім Зайсанның осыдан 6 жылдай уақыт бұрынғы көркін қалпына келтіріп, қайтадан ГҮЛ ҚАЛАҒА айналдырар деген де үміт бар. Ел арасында Зайсанға басшы жақпайды деген пікір көп айтылады. Біздің байқауымызша, бұл жердің халқы  басшыға талап қойғыш. Аталған ауданға әкім болған Зайсанның өз тумасы тек Темірбек Қасымжанов емес… Серік Зайнулдин басқарған 2010 — 2013 жылдарды зайсандықтар ауданның ерекше көркейген кезеңі деп жиі еске алады.

Зайсандықтар жаңа тағайындалатын әкімді тосып жүр. Әр алуан жорамал да жасалуда. Біреулер облыс әкімінің орынбасары, Зайсанның өз тумасы Серік Ахтанов келеді екен десе, енді біреулер ұзынқұлақтан естіген басқа ақпараттарымен бөлісуде…

Кім келсе де, жаңа тағайындалатын әкім Сауыр мен Сайқанның етегін ен жайлаған, шығыстың қақпасы Зайсан ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуына, рухани өміріне серпіліс әкелсе болғаны.

Риза Молдашева,

ШҚО мәслихатының депутаты.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

24 часа бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

1 день бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

1 день бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

1 день бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

1 день бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

2 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

2 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

3 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС