"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

29.03.2019

Көпбалалы аналармен кездескен қала әкімі Ермак Сәлімов «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан  көпбалалы және  аз қамтылған  отбасыларды кешенді қолдау бағдарламасы туралы айтып өтті.

— Бұл бағдарламаның негізгі бағыты — көпбалалы аналарды қолдауды күшейту,- деді Ермак Бидахметұлы. — Қалада 4 749 көпбалалы отбасы тұрады, 2350 отбасының 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар. Тұрмыстық жағдайлары мен табыс деңгейін зерделеу және әлеуметтік қолдаудың қажетті шараларын айқындау мақсатында мобильдік топтардың жұмысы жалғасуда.

Қала әкімі атаулы әлеуметтік көмек үшін және жұмыспен қамтуды үйлестіру мақсаттарына республикалық бюджеттен 635 миллион теңге көлемінде қосымша қаражат бөлуге өтінім жіберілгенін атап өтті. Бөлінетін қаржы 5 040 мұқтаж отбасыны қамтуға мүмкіндік беретін болады.

— Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасылар мектепке дейінгі мекемелерге ақы төлеуден босатылады,- деп мәлімдеді Е. Сәлімов. — Көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы 7 062 балаға мектеп формасы сатылып алынып,  6 774 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Қала басшысы ата-аналарға қажетті мамандықты меңгеріп,  қосымша табыс табуға мүмкіндіктері бар екенін жеткізді. Осы мақсатта «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 195 жұмыссыз қала тұрғындары үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде. Қазір қалада осы санаттағы азаматтар үшін екі көп қабатты тұрғын үй салынуда. Олардың құрылысы биылғы жылдың соңында аяқталатын болады.

Кездесу барысында көпбалалы аналар қала әкіміне өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Е.Сәлімов қатысушылардың барлығын мұқият тыңдап, барлық мәселелерді жазбаша түрде баяндауды ұсынды. Қойылған сұрақтар білім, тұрғын үй, денсаулық сақтау сияқты әртүрлі тақырыптарды қамтыды. Кездесу соңында «Ақжүніс аналары» қоғамының өкілі Анар Сүлейменова қала әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, кездесу нәтижелі болғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметов ақпан айында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының XXII конференциясында осы кешенді бағдарлама туралы айтып, ШҚО-да  көпбалалы  және аз қамтылған отбасыларды қолдауға қатысты барлық шараларды күшейтуді тапсырған болатын.

Семей қаласының Ақпараттық орталығы.{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

14 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

14 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

17 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

18 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

18 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

2 дня бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

2 дня бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС