"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.04.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

29-30 наурыз аралығында Семей мемлекеттік медицина университетінде шетелдік медицина мамандарының қатысуы-мен «Политравма. Зақымданудың түрі мен ауырлығына байланысты медициналық көмек көрсетудің тактикасы және жарақатты диагностикалаудың көп салалы тәсілдері. Оңалту» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Қазақстан ТМД елдері арасында жол-көлік оқиғалары салдарынан қайтыс болған адамдардың саны жөнінен көш бастап тұр. Біздің елде жол апатынан болған өлім-жітім 100 мың адамға шаққанда шамамен 11,5 жағдайды құрайды.Тірек-қимыл аппаратының жоғары энергетикалық жарақаттарының арасында жол-көлік апаттарынан болған жарақаттар ерекше орын алады. Бұл ғылым тілінде политравма деп аталады. Политравма – зардап шегуші адамның органдарының немесе тіндерінің бірнеше жарақатына қатысты қолданылатын термин.

Екі күнге созылған республи-калық конференция барысында тірек-қимыл аппараты зақымданған науқасқа ауруханаға дейін және ауруханада көрсетілетін алғашқы медициналық көмек түрлері, жарақаттың түрі мен ауырлығына байланысты қойылатын диагноз бен медициналық көмек көрсету тактикасы, науқастарды оңалту шаралары, аралас жарақаттар жағдайындағы хирургиялық инновациялық әдістер және өзге де мәселелер жөнінде кеңінен айтылды.

Конференцияның бірінші күні әлемдік масштабтағы ең өзекті мәселелер — жоғары деңгейдегі аралас жарақаттарды емдеу, өлім-жітім саны мен политравма салдарынан болатын мүгедектікті азайту мақсатында жаңа технологияларды енгізу тақырыптары талқыланды. Бұл тақырыптар бойынша Түркия, Германия, Ресей және Қазақстан профессорлары баяндама жасады. Башкент университетінің ассистент-профессоры Bahtiyar Haberal егде жастағылардың сынықтарын емдеу шараларының қорытындысын клиникалық және радиологиялық талдаудың түрік еліндегі тәжірибесімен бөліссе, Бонн университетінің травматология клиникасы директорының орынбасары профессор Burger бірнеше баяндама оқып, көптеген жарақат алған науқастарды жүргізудің ережелері және оңалту шаралары жайлы тарқатып айтты.

Өз кезегінде Семей мемлекеттік медицина университетінің мамандары – кафедра профессорлары мен оқытушылары, университет госпиталінің дәрігерлері «Эпидемиология, клиника және жұлын жарақаттарын емдеудің әдістері», «Нейрохирургиядағы аралас жарақаттар», «Жүрек-ми жарақаттарының диагностикасы мен емдеу алгоритмі» және басқа да өзекті тақырыптарды қозғады.

Конференцияның екінші күні қорытынды пленарлық мәжіліс өтіп, Қазақстанда политравмалық орталықтар құрудың қағидалары, медициналық қателіктердің себептері мен салдарлары және аралас жарақаттардан болатын өлім-жітім статистикасы талқыланды. Интерн-дәрігерлер мен  резидент-травматологтер травмато-логияның әртүрлі бағыттары бойынша баяндама жасады.

Конференция соңында салтанатты жағдайда Резолюция қабылданып, Қазақстандағы травматологиялық қызметті дамытудың нақты жоспары белгіленді.

Ж.САМАТ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС