"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ӨНІМДЕРІ ҚОЙМАЛАРДА ТҰР…

02.04.2019
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бейсенбі, 28 наурыз күні қалалық әкімдікте қалалық мәслихаттың кезекті, ХХХVI сессиясы өтті. Сессия отырысына 16 қалалық мәслихат депутаты, сондай-ақ қала әкімі Ермак Сәлімов, қала әкімінің орынбасарлары Қанат Әділбеков пен Николай Ушаков, Семей қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қуаныш Мұхамедқалиев, қоғамдық ұйым өкілдері, прокуратура қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Бұл жолы күн тәртібінде 13 мәселе қаралды.

Қалалық мәслихаттың өткен жылғы атқарған жұмысы туралы қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов баяндама жасады.

— 2018 жылы мәслихат 11, оның ішінде 4 кезекті, 7 кезектен тыс сессия өткізді. 83 мәслихат шешімі қабылданды. Қалалық мәслихатта құқық, бюджет, қаржы, өндіріс және әлеуметтік бағыттарда 4 тұрақты комиссия қызметін жүзеге асырады. Депутаттық корпус қаланың саяси өміріне, әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене араласады. 2018 жылы көктем маусымында Семейде төтенше жағдай жарияланғанда, депутаттар атқарушы билікпен бірге су тасқынынан зардап шеккен халыққа қажетті көмек көрсету үшін бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Қалалық мәслихаттың депутаттары жыл бойы әртүрлі қайырымдылық акциялардың өткізілуіне қол ұшын созып келеді. Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қамқорлыққа алып, олардың үйлерін, пәтерлерін, үй маңындағы аумақтарды көркейтуге жәрдемдесіп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде,- деді Б.Ақжалов.

2018 жылғы Семей қаласы бюджетінің орындалуы туралы қаржы бөлімі басшысының орынбасары Мария Осадчая баяндады. Оның айтуынша, 2018 жылы қала бюджетінің шығыс бөлігі 44,7 млрд. теңге көлемінде — жүз пайыз орындалған. Бюджеттің кіріс бөлігінің көбеюі мен бюджеттік бағдарламалар арасындағы қайта бөлу нәтижесінде білім, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық, өндіріс пен құрылыс, мәдениет және спорт салаларына көңіл аударылуда.

Сессияда қаралған үшінші мәселе қалалық кәсіпкерлік бөлімі мен «Ертіс» әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қоры өнімдерін сату туралы есебі болды. Айта кетейік, қазіргі күнге дейін тұрақтандыру қоры өнімдерінің 20 пайызы ғана сатылған. Қалған 80 пайызы, яғни 3000 тоннадан астам өнім қоймаларда тұр. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Шакаримовтың айтуынша, мәселе тұрақтандыру қоры өнімдерінің сапасында.

— Кейбір сауда үйлері қор өнімдерін сатып алудан бас тартса, кейбірі өнімдерді қайтарып берді. Біз қалада белгіленген барлық сауда нүктелеріне өнімдерді жеткіздік. Меморандум бар. Тек тауардың сапасы жақсы болуы қажет,- дейді Данияр Шакаримов.

— Сіздер уақытты өткізіп алдыңыздар. Енді қандай шара қолдансаңыздар да, өнімдерді толық сата алмайсыздар. Әрі кетсе 1000 тоннасы ғана сатылуы мүмкін,- деді қалалық мәслихат депутаты Талғат Баймұрынов.

Тұрақтандыру қорына өнімдерді сатып алуды «Ертіс» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы жүзеге асырады. Корпорация басшысының орынбасары Думан Рахметқалиевтың сөзіне сүйенсек, қор өнімдерін көтерме бағамен сатуға мүмкіндік бар. Алайда нарықтағы бағаның әлдеқайда төмен екенін есепке алсақ, көкөністердің бағасын төмендетіп, жеделдетіп сату мәселенің шешімі бола алмайды. Бүгінгі күні тұрақтандыру қоры өнімдерінің бір келісі 65 теңгеден сатылуда. Ал бағаны 45 теңгеге дейін төмендету туралы корпорацияға жазылған хат жауапсыз қалған.

— «Ертіс» әлеуметтік корпорациясының құрылтайшысына хат  жолдауымыз керек. Корпорация барлық шығынды өз мойнына алып, сауда нүктелерінде өнімді 45 теңгеден сатуға қоюы тиіс. Егер көтерме бағамен сатсақ, өнімдерді бөлшек бағамен сатып алатын тұрғындардың қалтасын қағуға мүмкіндік береміз,- дейді қалалық мәслихат депутаты Зүльфия Жамалтдинова.

Биыл тұрақтандыру қорындағы өнімдер қатарына қант қайтарылды. Халық қалаулылары қанттың бағасына қатысты да алаңдаушылық білдірді.

— Соңғы екі жылда маусым, шілде айларында қанттың бағасы 350 теңгеге дейін көтерілді. Тұрақтандыру қорындағы 200 тонна қант Семейдің халқы үшін жеткіліксіз. Сондықтан бұл өнімнен тапшылық болады. Алдағы уақытта 400 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Қорды ұйымдастырудағы мақсат халық көп тұтынатын өнімдердің бағасын тұрақтандыру болғандықтан, сіздер қант бағасын да реттеулеріңіз керек,- деді қалалық мәслихат депутату Қайрат Мирашев.

— Тұрақтандыру қорын құру біздің шотымыздағы қаржыға байланысты. Бүгінде Семейде 310 тонна қант бар. Бұл бағаны реттеуге жеткілікті. Қант бөлшек бағада сатылады. Егер комиссия 15 теңге көлеміндегі үстеме бағаны қабылдаса, маусым айында қант 250 теңгеден сатылады,- дейді «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басшысының орынбасары Думан Рахметқалиев.

Сессияда сондай-ақ Семейдегі ішкі туризмді дамыту туралы қалалық спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаевтың және Семей өңіріне қарасты ауылдық округтердің 2018 жылғы бюджетінің орындалуы туралы ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

1 день бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

1 день бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

1 день бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

1 день бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

2 дня бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

2 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

3 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

3 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС