"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОРТАЛЫҚ САЯБАҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

02.04.2019
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қаламыздағы Орталық саябақта қайта құру және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, заманауи және жайлы демалыс орнына айналмақ. Бұл туралы жұма, 29 наурыз күні Орталық саябақта Семей қаласы әкімі Ермак Сәлімов, «ЭтноМұра» жобалау компаниясының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері бас қосқан кездесуде мәлім етті.

— Біріншіден, саябақта көгалдандыру жұмыстары толығымен өзгереді. Бұл саябақтың салынғанына жүз жылға жуық уақыт болған. Орман патологиясына сәйкес, ағаштардың 90 %-дан астамы қартайған. Сондықтан мұнда көгалдандыру жұмыстары түгелдей қайтадан жүргізіледі: гүлдер, қылқан жапырақты ағаштар, арша, үйеңкі, қайың және шетен сияқты талдар отырғызылатын болады,- деді саябақтың жаңа бейнесін таныстырған «ЭтноМұра» жобалау компаниясы басшысының орынбасары Марат Жұмағұлов. — Біздің компания Еуропа елдерінен тәжірибе жинақтап, еуропалық технологиямен жұмыс істейді. Орталық саябақта тұрған жарықтандыру көздері ескірген. Сондықтан заманауи LED-жарықтандыру қойылады. Нәтижесінде түнде және кешкі уақытта қала тұрғындары мен қонақтары үшін өте жайлы әрі жарық болады, — деді М.Жұмағұлов.

Жобалаушылардың айтуынша, саябақта жастардың спортпен шұғылданулары үшін футбол, баскетбол, волейбол және скейт алаңдары құрылады, ал зейнеткер тұрғындар үшін шахмат тақталары орнатылады, сондай-ақ демалушылар үшін би алаңы да қарастырылады. Бүлдіршіндерге арналған заманауи ойын алаңдарының құрылысына табиғи материалдар мен жабдықтар қолданылмақ. Сонымен бірге мерекелік шараларды өткізуге арналған амфитеатр да салынады.

Саябақтың орталық бөлігін өзгертіп, заманауи субұрқақтар орнату жоспарланып отыр. Қала әкімі Ермак Сәлімов саябақтағы Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші мен азамат соғысының батырлары мемориалы сол қалпында қалатынын атап өтті.

Ал парк аумағында орналасқан барлық дүңгіршектерді өзге аймаққа көшіру жоспарлануда.

— Біз дүңгіршек иелерімен келісіп, оларды басқа орынға көшіретін болдық. Ал саябақ аумағында орналасқан ішімдік сататын дүкендер мен кафелерді отбасылық демалыс орындарына айналдыру керек. Әзірге мұндағы жекеменшік нысандарды бөліп тұратын қоршау жасаймыз. Бұл жерде біз тұрғындар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз демалыс орнын құрғымыз келеді,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Қайта құру жұмыстары таяу күндері басталады. Жоба бойынша, демалыс аймағын жаңғырту үш айға созылмақ. Жөндеу жұмыстары кезінде Орталық саябақ қақпасы жабылады.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

1 день бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

1 день бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

1 день бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

1 день бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

2 дня бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

2 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

3 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

3 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС