"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА НАҚТЫ ЖОСПАР БАР

18.04.2019

Апта басында Өскемен қаласында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының конференциясы болып өтті. Басқосуға семейлік партия белсінділері де қатысты. Жиын барысында еліміздегі жетекші саяси партияның облысымыздағы мүшелері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін партияның кезекті съезіне делегаттар сайлады. Сонымен қатар партияның 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: 10 жылдыққа 10 мақсат» атты бағдарламасының аймағымыз бойынша жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Соның ішінде «Nur Otan» партиясы қолға алған «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Халыққа көмек», «Ауыл — ел бесігі» атты іргелі жобалардың облыс көлеміндегі жүзеге асырылуы да кеңінен сөз болды. Аймағымыз бойынша еңбек ұжымдары мен түрлі сала қызметкерлері арасында партия бағларламасын түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтархановтың айтуынша, «Халыққа көмек» жобасы бойынша бүгінгі таңда 3000 адам партия көмегіне жүгініпті. Қазіргі күнге дейін 314 адамның мәселесі толыққанды шешімін тапқан. Сонымен қатар «Бақытты отбасы» жобасы арқылы 38 мың тұрғынға атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін 1,4 млрд теңге бөлініп отыр.

Семей қалалық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айнұр Арғынбекованың бізге берген мәліметіне сүйенсек, «Бақытты отбасы» жобасы бірінші кезекте қаладағы көпбалалы жанұялар мен жас отбасыларды қолдауға бағытталған. Біздің шаһарымызда партия филиалы жанынан Бала құқығын қорғау кеңесі құрылған. Аталмыш жобаны нақты іспен жүзеге асыру мақсатында кеңес мүшелеріне тиісті тапсырмалар жүктелген. Атап айтсақ, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен, жұмыспен, материалдық көмектермен қамту, сондай-ақ заңдық тұрғыдан кеңес беру ісі қарастырылған. Бұл бағытта Семей қалалық партия филиалы бірқатар мемлекеттік органдар, сонымен қатар «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп толыққанды жұмыстар жүргізіп жатыр.

«Құтты мекен» жобасы да аймағымыздағы игілікті істерге жол ашуда. Ә.Мұхтарханұлының сөзіне сүйенсек, биыл облыстық және аудандық маңыздағы жолдарды жөндеу үшін 1,5-2 млрд теңге қарастырылған. Тағы бір әлеуметтік маңызды іс — халықты сапалы ауыз сумен қамту үшін облыс көлемінде 60 жоба қолға алынады.

«Құтты мекен» жобасы ең алдымен ауылдардағы және қалалар мен қала маңындағы елді мекендерде көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталған. Бұл орайда Семей қаласында да айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Шаһардағы 25 шақырымнан астам жолдың жөнделетіні, жаңа автобустардың қолданысқа берілетіні — соның жарқын айғағы.

Бір бұл емес, «Ауыл — ел бесігі» жобасының аясында облысымыз бойынша 82 мың га суармалы жерді игеру көзделіп отыр. 2022 жылға дейін 36 мың бас ірі қара сатылып әкелінеді. Осылайша, ауыл  келешегі кемелдене түспек.

Елбасы Жолдауынан туындайтын басымдық – әлеуметтің әлеуетін көтеріп, халықтың табысын және тұрмыс сапасын арттыру. Осы екі тапсырманың орындалуына алдағы уақыттарда да «Nur Otan» партиясы бақылауды күшейтпек.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

13 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

14 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

17 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

17 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

17 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

2 дня бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

2 дня бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС