"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Латын әліпбиі — жаңа белес

30.04.2019
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әліпби мәселесінің көтерілгеніне біраз уақыт болды. Өткен жылы латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің негізгі нұсқасы Елбасы Жарлығымен бекітілсе, биыл қаңтар айының ортасында арнайы ұлттық комиссия «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін» мақұлдап, баспасөзде  жариялады. Бұл ереже латын графикасындағы қазақ әліпбиі бойынша дұрыс жазуды көрсететін құқықтық күші бар құжат саналады.

 

Ережеде:

• Латын негізді әліпби бойынша қазақ тілі дыбыстарының мәнін білдіретін әріптердің үндестікпен, үйлестікпен жазылу нормасы көрсетілді;

• Сөздерді бірыңғай жуан немесе жіңішке жазу, соған сәйкес қосымшалардың жуан немесе жіңішке жалғану үлгісі берілді;

• Қосарлы дыбыстарды (ұу/үу, ый/ій) дара әріппен (у, и әріптерімен) таңбалаудың үлгісі ұсынылды;

• Қазақтың әдеби тіліндегі емлесі қиын сөздердің орфографиялану ерекшеліктері көрсетілді;

• Латын негізді жаңа әліпбиде жоқ ё, й, ц, щ, э, ю, я, ь, ъ әріптерінің жазылу баламасы берілді;

• Бейүндес буынды кірме сөздерге қосымша жалғаудың орфографиялану тәртібі көрсетілді;

• Шеттілдік сөздердің орфографиялану үлгісі ұсынылды;

Жазуға, сөйлеуге, оқуға ыңғайлы біртұтас нұсқасы қалыптасып келе жатқан жаңа әліпбиді меңгеру қиындық туғыза қоймайды. «Көз қорқақ, қол батыр» дегендей, көз үйреніп, қол дағдылана бастады. Қоғамда қорқыныш, қобалжу сейілгендей. Латын әліпбиіне көшудің қажеті қанша деген кереғар пікірлер де азайды.

Латын әліпбиіне көшудің ең негізгі тиімді тұсы — мемлекеттік тілдің қолданылу аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді. Тіл тазарып, жат дыбыстарды таңбалайтын әріптер қысқарып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу арқылы тіліміздің табиғатын сақтаймыз, даму заңдылығының бұзылуына жол бермейміз, фонетикалық жүйесін қалпына келтіреміз. Жалпы, өз сөзіміз өзімдікі болады. Еліміз үшін латын қарпіне көшу қай жағынан алып қарасақ та қолайлы.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланғаннан бері, одан туындайтын тапсырмаларды іске асыру мақсатында облысымызда «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру» бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.

ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанынан латын графикасына көшу бойынша жоғары оқу орындарының филолог ғалымдарынан, тіл жанашырлары мен өзге де зиялы қауым өкілдерінен тұратын түсіндіру тобы құрылған. Түсіндіру тобының мүшелерімен қала, аудандарда жаңа әліпбиге көшу мәселесін түсіндіру, насихаттау мақсатында кездесулер өткізіліп, республикалық, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында латын әліпбиіне қатысты мақалалары да жарыққа шықты.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшуіне байланысты бойынша қазақ тілі оқытушыларына арналған онлайн — семинар, тіл мамандарына арналған вебинар, ақпараттық сағат, ашық дәрістер және тағы да басқа шаралар өткізілді.

Елбасымыз: «Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап латын графикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне айналдырып, жаңа белеске көтереді» деді. Яғни латын графикасына көшуден ұтарымыз мол екені анық.

Латын әліпбиіне көшуді мемлекет саясатының бір басымдығы деп айтуға болады.

«Елу жылда ел жаңа» дейді дана халқымыз. Егер біз шынымен де ұлттардың, халықтың бірлігін, мемлекеттің бірлігін қамтамасыз еткіміз келсе, заман талабына сай болып жатқан өзгерістер мен реформаларды дұрыс қабылдап, олардың іске асырылатынына сенуіміз және сол игілікті қадамдарға өз үлесімізді қосуымыз қажет деп білеміз.

Зайра СЕЙМАНОВА,

Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушысы.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

1 день бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

1 день бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

1 день бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

4 дня бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

4 дня бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

4 дня бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

4 дня бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

5 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

5 дней бұрын

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС