"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ

17.05.2019
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Таяуда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңында дәстүр бойынша министрлер, депутаттар мен әкімдердің омырауы түрлі орденге толатынын сынға алып: «Бірде-бір министр, депутат, әкім мемлекеттік наградасыз қалмаған. Барлығында орден бар. Әр бес жыл сайын олар орден алады. Ал жүз мыңдаған ұстаз бен дәрігерлер, журналистер, жұмысшылар мемлекет тарапынан марапатсыз қалып жатады. Олар басқалардан аз еңбектеніп жүрген жоқ қой. Сондықтан олар да назардан тыс қалмауы керек»,- деді.

Мемлекет басшысының айтқанын тыңдап отырып, еріксіз бас шұлғисыз. Мемлекеттік марапаттарды айтпағанның өзінде бүгін қай ауыл, қай қалаға барсаңыз да жай адам жоқ… Екінің бірі — «Құрметті азамат». Лайықтыларға марапат беруге қарсы емеспіз. Керісінше, айналамыздағы адамдардың арасында құрметтілері, абыройға лайықтылары көп болып жатса, неге қуанбасқа… Өкінішке орай, сол «құрметтілердің» қатарында мұғалім, дәрігер, көпбалалы ана жоқ. Әкім, депутат, сол елде туып-өскен ақын, жазушы, әнші, күйші… Елең еткізер ерекше еңбегі жоқ «құрметті азаматтардың» көбейіп кеткендігі осы атақтың құнын түсіріп жіберген сияқты…

Соңғы кездері әкімдер мен мәслихаттар «Құрметті азамат» атағын базардан сатып алып, мерейтойларда иыққа жабатын шапанның дәрежесінде пайдаланып жүргенін де байқап жүрміз. Ендеше, ондай «Құрметті азамат» атағының қаншалықты беделі бар? Аталған мәселеге байланысты ел ішінде туындап жатқан өкпе-реніш те аз емес.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының  12-2-тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихатта бекітілген ереже бар. Сол ереже талаптары бойынша, бір жылда «Құрметті азамат» атағын беру облыс бойынша 5 адамнан, ал қала мен аудандарда 3 адамнан аспауы тиіс. Ережеде осылай деп тайға таңба басқандай жазулы тұр. Қандай жағдай болса да, осы талап сақталуы тиіс. Ашығын айтқанда, аталған ереже талаптарын елдегі атқамінерлер құлағына да қыстырмайтын сыңайлы. Өкінішке орай, бұл талап баршаға ортақ емес пе, кім білсін, келген-кеткен қонақтарға да, лайықты мен лайықсызға да «Құрметті азамат» атағын ала жүгіру әдет болып кетті. Біздің ойымызша, ереже талаптарының сақталмауының басты себебі — мәслихат құжаттарының ішінде аталған құжаттың әділет басқармасында ресми түрде тіркелуге жатпайтындығы. Ереже талаптары бойынша, аталған атаққа лайықты азаматтардың үміткерлігін еңбек ұжымдары, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсына алады. Алайда соңғы кезде лайықтыларды таңдауда халықтың пікірі ескерілмей, бұл атақтың халық қалаулыларының өздерінен аспай отырғандығы байқалады. «Құрметті азамат» атағына ұсынылған адамның мінсіз беделі, кәсіби тұрғыдан алғанда жетістіктері, тұрып жатқан өңірінің экономикасын дамытуға қосқан үлесі ерекше назарға алынып, абыройын қоғам мойындаған тұлғаға берілуі керектігі белгілі. Қалай ойлайсыздар, әлгі «құрметті азаматтардың» барлығы сол ауданның немесе қаланың тұрғындары арасында беделді ме? Сіздерді қинай бермей, жауабын өзіміз-ақ берейік. Құрметтемек түгілі олардың көпшілігін халық жыға танымайды да. (Бір есептен, сол танымағандарының өзі де дұрыс болар).

Шырайлы шығыстың шекарасына жақын орналасқан аудандардың бірінде тұратын оқырмандарымыздан осы «Құрметті азамат» атаған беру мәселесіне орай хат келіп түсті. Сөзін: «Лайықты адамдарға лайықты құрмет көрсетілуі тиіс!»- деп бастаған хат авторы бұл құрметті атақ оңды-солды берілмеуі керектігін, бұл марапаттың мағынасы, тәрбиелік мәні жоғалып бара жатқанын айтады. Айтпақшы, аудандық мәслихаттың сессиясында бекітілген атақты халыққа көрсетпей, жасырып беру үрдісі де бар екендігін осы хатты оқып білдік. «Атақ халықтың көз алдында беріліп, БАҚ арқылы жарыққа шығарылуы керек» деген оқырман ойына біз де қосыламыз.

Редакция поштасына келіп түскен осы хат бойынша аудандық мәслихатқа ресми түрде сауал жолдадық. Аудандық мәслихат хатшысынан келген жауапты басшылыққа алып, аталған мәселеге байланысты біраз журналистік зерттеу де жасап көрген едік.

Сонымен, аталған ауданда 2017 жылы құрметті азамат атанғандардың қатарында екі мәслихат депутаты, 2019 жылы тағы да екі депутат бар болып шықты. Екі жылда осы атақты алған алты адамның төртеуі — депутат. Біреуі мәслихат хатшысының өзі… Арасында ішкі істер органының ардагері мен 90 жасқа толған ұстаз ана да бар екен. Бүкіл саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырған ардақты ананың бұл атаққа лайықты екендігіне еш қарсылық айта алмаймыз.

Бізді ойландырған мәселе аудандық мәслихаттың 13 депутатының бесеуі «Құрметті азамат» екен. Естеріңізде болса, үстіміздегі жылдың ақпан айының 25-і күні өздерінің өтініш-тілектерін айту үшін көпбалалы үш ана осы ауданның бұрынғы әкімінің ресми қабылдауына барады. Ауданның өздері сияқты басқа да тұрғындарымен бірге жазылып, кезегі келгенде кірген екен, өкінішке орай, өтініштеріне құлақ аспағандары өз алдына, аудан әкімі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы айғайлап, әкімшіліктің ғимаратынан аналарды сүйреп шығарып жіберген. Бұдан кейін құқығымыз тапталды деген аналар аудандық прокуратураға шағым түсірген болатын.

Ау, депутат мырзалар, ар-намысы аяққа тапталған аналарыңызға қорған бола алмай дәрменсіздік көрсеткен сіздердей халық қалаулыларына «Құрметті азамат» атағының жүгін арқалап жүру ауыр емес пе? Аналарға араша түсе алмаған күні мандатты да, атақты да әкімнің үстелінің үстіне қойып кетулеріңіз керек еді ғой.

Осы сәтте әлеуметтік желіден оқыған мына бір оқиға ойға оралып отыр. Грозный қаласындағы мешіттердің бірінде 20 жылдан бері ақысыз-пұлсыз еден сыпырушы болып еңбек етіп жүрген Хамсат Жанаралиева деген кейуанаға «Шешенстанның Құрметті азаматы» атағын елдің басшысы Рамзан Қадыров өз қолымен барып тапсырыпты. Еден сыпырушы әйел… Және қыстың суығы мен жаздың ыстығындағы жұмысын бір тиын жалақысыз, Құдай үшін, мешітке келуші жамағат үшін тегін атқарған…

Жоғарыда айтып кеткен шешеннің Хамсат кейуанасы мен таққа мінсе – төмендегі елді көрмей, атқа мінсе – аяғының астындағы жерді сезбей «аспанда» жүрген депутаттарды өзара салыстырып көрейікші… Осылардың қайсысы «Құрметті азамат» атағына лайықты? Біздің ойымызша, таразының басын Грозныйдағы еден сыпырушы кейуана басып кетеді-ау…{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

04.11.2026
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Көкпекті ауданында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Ақой ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталып,...

Толығырақ...Details

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

04.11.2026
Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Көкпекті ауданында 2026 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында...

Толығырақ...Details

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

5 часов бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

6 часов бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

6 часов бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

6 часов бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

9 часов бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

9 часов бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

10 часов бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

10 часов бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

11 часов бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС