"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Үздіктер шеруі

21.05.2019
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ең шығармашыл оқушы, ең дарынды жеткіншек, білім мен спортта озат атанған үздіктер аптаның жұмасы күні қаламыздағы экономикалық лицейдің кең дәлізінде өткен салтанатты шеруге қатысты. Осы күні қызыл кілем төселген жолмен облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен түрлі деңгейдегі білім бәсекелерінде Семейдің атын асқақтатып жүрген шәкірттер сап түзеп, сән-салтанатпен жүріп өтті. Қала және қала маңы мектептерінен жиналған жалпы саны 190 оқушының барлығы да өздерінің ұстаздары мен ата-аналарын қуанышқа бөлеген дарынды балалар. Үздіктердің бәрі де бұл күні қала басшылығы тарапынан алғысқа кенеліп, мақтау қағаздары мен медальдар түріндегі марапаттарға ие болды.

Д.МҰХАМЕДИЯР,

«Семей таңы».

Семейлік оқушылар тек республика көлемінде ғана емес, шет мемлекеттерде де өз дарындылықтарымен танылып, әлемдік деңгейдегі білім бәсекелерінде топ жарып жүр. Оған мысал ретінде халықаралық додаларда үздік атанып, медальдарға ие болып, аталған салтанатты шеруге қатысқан оқушыларды айтсақ та жеткілікті. Қала маңы мектебінің 11 сынып оқушысы Денис Овчаров биылғы жылы Ресейдің Мәскеу облысына қарасты Королев қаласында өткен халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу және оқу-ізденімпаздық жобалар олимпиадасында абыройы асқақтап, айқын басымдықпен бас жүлдені жеңіп алыпты.

— Үзіліссіз төрт жыл бойы «Дәстүрлі емес тәсілдер бойынша өсімдіктер өсіру» тақырыбында ғылыми жоба әзірлеумен, зерттеу жұмыстарымен айналыстым. Соның аясында бірқатар байқаулар мен олимпиадаларға қатыстым. Ал биылғы жыл мен үшін үлкен жетістікке толы болды. Королев қаласында өткен «Жұлдызды жауын-2019» атты халықаралық олимпиадада бағым жанып, бас жүлдені қанжығаға байладым. Бұл тек менің емес, менің ғылыми жетекшімнің, барша ұстаздарымның да жеңісі,- дейді пікір білдірген Денис Овчаров.

Шеруге қатысушыларды және ұстаздар қауымын қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев құттықтап, жылы лебізін білдіріп, марапаттаулар табыс етті.

— Бүгінгі өткізіліп отырған шеру, сөз жоқ, біздің жеңімпаз оқушыларымыз үшін ерекше мәнге ие болып отыр. Шәкірттеріміздің осыған дейінгі жеңістерін есепке алсақ, білім, зияткерлік, жалпы бәсекеге қабілеттіліктері сыналған сайыстарда жүлде алған жастарымыздың қатары артып отыр. Мен біздің семейлік оқушылардың әлі де өздерінің зияткерлік, шығармашылық және спорттық тұрғыдағы мүмкіндіктерін жарқыратып көрсете алатындарына сенімдімін,- деді өзінің құттықтау сөзінде Айдар Серікқазыұлы.

Осыдан соң қызыл түсті қалы кілем төселген жолақпен ғылыми сайыстар мен түрлі деңгейдегі шығармашылық байқауларда, олимпиадаларда және спорттық сайыстарда топ жарған оқушылар салтанатпен жүріп өтті. Оларға мақтау грамоталары мен медальдар табыс етілді.

Айта кетсек, Семей қаласы бойынша 8 мектеп оқушысы халықаралық деңгейдегі ғылыми жобалар сайысына қатысып, барлығы да жеңіспен оралған. Жоғары деңгейдегі эрудицияны, ағылшын тілін меңгеру сапасын және ғылыми, шығармашылық ізденіске деген құштарлықты айқындайтын мұндай айтулы байқаулар Оңтүстік Кореяның Тэджен, Мәскеу облысының Королев, Мәскеу қаласының өзінде және Астана қаласында үстіміздегі оқу жылында болып өткен. Әсіресе «Математика және жобалау», «Зерттеуші химик» атты білім бәсекелерінде топ жарғандардың қатары көп.

Тағы бір айта кетер жайт, 2018-2019 оқу жылында қаламыздағы Биологиялық орталықтың тәрбиеленушілері мен №1 мектеп және Татар өнер мектебі, Балет мектебі, Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының шәкірттері талай биіктерді бағындырыпты. Оның 85-і халықаралық, 70-і республикалық және 20-сы облыстық деңгейдегі білім бәсекелері екен.

Спорттық сайыстарда жеңіске жетіп, Семейдің атын шығарып жүрген оқушылардың басым көпшілігі республикалық додаларда қоржынға жүлде салып жүрген білекті де жүректі өрендер.

Талаптың тұлпарын мініп тас қияға өрлеген жас буынның алдағы байрақты бәсекелерден де үнемі дәл осылай жүлделі оралуларына біз де тілектестік білдірдік.

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

19.05.2026
Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

Semeytany.kz – Абай облысында суға шомылу маусымы қарсаңында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәлидің...

Толығырақ...Details

Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

19.05.2026
Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

Semeytany.kz – Абай облысының делегациясы Австралияға барып, мал шаруашылығындағы заманауи технологиялар мен тиімді басқару тәжірибесін зерделеді. Сапар барысында өңір өкілдері...

Толығырақ...Details

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

19.05.2026
Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы құрылыс нысандарын аралап, ескі автогуж көпірінің маңында салынып жатқан жаңа көлік...

Толығырақ...Details

Қарағайлыда 712 пәтерлі тұрғын үйлер салынып жатыр

19.05.2026
Қарағайлыда 712 пәтерлі тұрғын үйлер салынып жатыр

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласын аралау барысында Қарағайлы шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Қазіргі...

Толығырақ...Details

Семей вокзалы жыл соңына дейін жаңғыртылады

19.05.2026
Семей вокзалы жыл соңына дейін жаңғыртылады

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстарының барысымен танысты. Қазір өңірде 10 теміржол вокзалын...

Толығырақ...Details

Абай облысында байланыс пен интернет сапасы жақсарады

19.05.2026
Абай облысында байланыс пен интернет сапасы жақсарады

Semeytany.kz – Абай облысында мобильді байланыс пен интернет инфрақұрылымын дамыту бағытында жаңа жұмыстар қолға алынбақ. Облыс әкімі Берік Уәли «Мобайл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

7 часов бұрын

Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

7 часов бұрын

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

7 часов бұрын

Қарағайлыда 712 пәтерлі тұрғын үйлер салынып жатыр

7 часов бұрын

Семей вокзалы жыл соңына дейін жаңғыртылады

7 часов бұрын

Абай облысында байланыс пен интернет сапасы жақсарады

7 часов бұрын

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

7 часов бұрын

Президент: Алтын Орда жылнамасы — адамзатқа ортақ тарих

8 часов бұрын

Қазақстан Алтын Орда тарихын әлемдік жылнаманың күрделі кезеңі ретінде қарастырады — Президент

8 часов бұрын

«Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн – Мемлекет басшысы

8 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС