"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АТАУЛЫ КӨМЕКТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ КӨП

24.05.2019
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Атаулы әлеуметтік көмек – бұл аз қамтылған азаматтарға және табыстары төмен деңгейдегі, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем. Елбасының аз қамтамасыз етілген азаматтарды мемлекет тарапынан қолдауды күшейту қажеттігі жайлы тапсырмасына орай, бұл бағыттағы жұмыстар Қазақстанда белсенді жүргізілуде.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев: «Елбасының мемлекеттің көмегіне мұқтаж азаматтарға, отбасыларға жәрдем беру жөніндегі тапсырмасы бойынша біз әлеуметтік карта жасаймыз. Сол картаның көмегімен қандай отбасының, азаматтың шешілмеген мәселелері бар, соның бәрін дер кезінде біліп отырамыз»,- деген болатын. Бүгінгі таңда Қазақстанда тұратын әр отбасының жеке әлеуметтік картасы жасалады.

Осы аптада ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Семей қаласындағы Жұмыспен қамту орталығына барып, тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жұмыстарының қандай деңгейде атқарылып жатқандығын тексерді. АӘК-ке құжат тапсырған үміткерлермен кездесіп, оны тағайындаудың жаңа тәртібін түсіндірді.

— Елімізде 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа тәртібінде адам басына шаққандағы күнкөріс деңгейі 50%-дан 70%-ғаөзгерді. Яғни 14 949-дан 20789 теңгеге дейін өсті. Демек, осыдан былай жанұяда жан басына шаққандағы орташа табыс 70%-дың шегінен аспайтын болса, онда әрбір балаға 20 789 теңгеден төленеді.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары қызмет көрсету сапасы жайлы сұрастырып, көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Анықталғандай, Семей қаласындағы Жұмыспен қамту орталығына атаулы әлеуметтік көмек алу үшін күн сайын 60-тан астам адам жүгінеді. Тұрғындар кезекте көп күтіп қалмас үшін орталық қызметкерлерінің санын екі есеге көбейтуге тапсырма берілді. Бұдан бөлек, орталыққа кезекті бақылау және оны реттеу жүктелген. Жалпы облыста Семей қаласы бойынша АӘК тағайындаудың үлесі өте жоғары. Мұндағы әр маманның жүктемесі үлкен.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Семей қаласындағы Жұмыспен қамту орталығына 3 978 отбасы өтініш білдірген, оның ішінде 1930 жанұяның АӘК-ке өтініші қабылданса, 1 829 отбасыға 261,7 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.

Біздің аймақта да көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған ауқымды жұмыстардың белсенді түрде жүргізіліп жатқаны көпшілік назарында. Мемлекет тарапынан елдегі әлеуметтік мәселелерді шешу жолында көптеген шаралар қабылдануда. Әлеуметтік тұрғыдан көмекке зәру отбасылар жағдайы облыс басшылығының жіті бақылауында.

Роза ПҰШПАҚОВА,

«Семей таңы»

{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

23 часа бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС